Ботагариев Т. А


Әдебиет: Егемен Қазақстан 2005, 25 мамыр; Ескекбаев Д. Орынбор қазақтары (Тарихи этнографиялық зерттеу) Әл-Фараби ҚҰҰ- А: 2004. Шетелдегі қазақтар



бет8/18
Дата08.06.2018
өлшемі1,77 Mb.
#41501
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Әдебиет: Егемен Қазақстан 2005, 25 мамыр; Ескекбаев Д. Орынбор қазақтары (Тарихи этнографиялық зерттеу) Әл-Фараби ҚҰҰ- А: 2004.
Шетелдегі қазақтар

Мазмұны: 1.Шетел қазақ жасақтары. 2. Қазақтар туралы шетелде шыққан кітаптар.

1. 1928 жылғы 27-тамыздағы қазақ байларын кәмпескелеу туралы Қазақстан өкіметінің . шешімінің елде жаппай дүрлігу туғызғаны белгілі. Осындай заңның қабылданатыны туралы алдын ала ел арасында сыбыс таралған бетте-ақ шекараға жақын аймақтардағы ауқаттылардың арасында шет елге қоныс аудару қозғалысы басталды. Алғаш бұл жекелеген ірі байлардың ауа көшулері түрінде көрініс берсе, көп кешікпей-ақ 1928-29-шы жылдардағы астық және ет дайындау науқандары басталған бетте және 1930 жылы қаңтардан бастап, байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары нақты қолға алынысымен жаппай бұқаралық босуларға ұласты.

Мәскеудің және Қазақстан Республикасы архивтерінің осы уақытқа дейін құпия болып келген қорлардағы ресми құжаттарда қазақтардың Қытай асуы туралы мәліметтер 1929 жылдан бастап қана көрсетілген. Осы алғашқы жылғы Қытайға өткен қазақтар қожалықтарының адам және мал сандарының есепке алынған мөлшерлері төмендегідей, әрине, бұл мәліметтер толық емес:







Байлар

Орташалар

Кедейлер

Барлығы

Қожалықтар саны 123 128 165 416

Олардағы адамдар саны 739 474 632 1845

Олардағы малдар саны (бас) 11607 6969 1132 19708
Кестеде бейнеленгендей, ауа көшушілер арасында байлардан гөрі орташалар мен кедейлер едәуір көп, яғни ауа көшулерді бастаушылар және ұйымдастырушылар тек байлар болды деген сол жылдардағы мемлекеттік деңгейдегі кейбір пікірлер сын көтермейді.

Орташалар мен кедейлер 1929 жылы Қытайға көшу себебі - астық және ет дайындау науқандарындағы зорлық-зомбылыққа байланысты. Бұл пікірді ОГПУ-дің шекаралық бақармасының деректері дәлелдейді. Олар бойынша 1929 жылы жоғарыдағы кестеде көрсетілген амалсыз Қытай асқан қазақ шаруалары қожалықтарының астық жне ет дайындау науқандарында көшіп кеткендері төмендегідей:






Байлар

Орташалар

Кедейлер

Барлығы

Қожалықтар саны 117 127 153 397

Олардағы адамдар саны 414 472 591 14

Олардағы малдар саны (бас) 11427 6964 1095 19708

Кестеден көріп отырмыз, қытайға кеткендер ішінде байлар қожалықтарының 95 проценті, ал айдалып кеткен мал басының 98 проценті астық және ет дайындау науқандарына байланысты қоныс аударған.

Иә, жаңадан күш алып, қалыптасып келе жатқан сталиндік тоталитарлық жүйенің шаруаларды қанауға бағытталған әрбір жаңа күштеу науқаны ел ішінде үлкен дүрбелең туғызып, қазақ шаруаларының көрші елдерге жаппай ауа көшулерін үдете түсті. Мұны біз байлар мен кулактарды жаппай тап ретінде жою науқанында және жоспарлы түрде зорлап отырықшыландыру кеңінен өрістеген 1930 және 1931-шы жылдарда Қытай асып кеткен қазақстандық шаруалардың сандарының жылдан-жылға өсе түсуінен де байқай алар едік:

Жалдар

Кулактар, байлар

орташалар

кедейлер

колхозшылар

Барлығы

1930 жыл 3510 5039 4463 2290 15302

1931 жыл 7542 3606 14840 8469 36965

Ал енді жалпы Қазақстанның шекара бойындағы аудандарынан Қытайға қанша қазақ көшіп кетті деген күрделі сұрауға дәлме-дәл жауап беру аса қиын. Дегенмен, Мемлекеттік Жоспарлау Комитеті жүргізген есеп бойынша 1930 жылдың күзінен 1931 жылдың күзіне дейін Қазақстанның шекаралық аудандарындағы халықтың саны 87 мыңдай адамға азайған. Бұл адамдар негізінен әрине, Қытай асып кеткендер. Өйткені дәл осы кезеңде Батыс Қытайда Қытай жағы 60 мыңдай қазақ босқындарын есепке алған.

Ал енді Қытай асқан қазақтардың жағдайлары қалай болды дегенге келсек, бұл туралы ресми архив деректеріне сүйене аламыз. Бұлар негізінен ОГПУ органдарының Қытай жеріне түсірілген тыңшыларының және Қытайдан Қазақстанға қайтып оралғандардың аталған органға берген мәліметтерінен тұратын материалдар. Олардың бірінде Батыс Қытайға өткен қазақ эмигранттарының «жайылымдық жерлердің жүдеу және жеткіліксіз болуынан» 1931 жылдан бастап рулық негізде емес, жердің ыңғайына қарай, әртүрлі рулар араласып қоныстанып жатқаны айтылады. Сондықтан да шет елдегі қазақтар бұрынғыдай «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» өздерінің ұйымшылдықтарынан айырылып, бытыраңқы өмір сүруге көшкен. Кейбір қазақ байлары шекарадан азып-тозып өткен өздерінің қандастарына көмек беруден жалтарып, Шыңжанның түкпіріне қарай тереңдеп көше астаған. Осындай жағдайдан «эмигранттардың қалған бөлігі – кедейлер еш жақтан да материалдық көмек ала алмай ашыға түскен және қайыршыланған, ашаршылық негізінде өліп қалу жағдайлары» кездесе бастаған. Мұның өзі Қытайға өткен қазақтарды күн көру үшін қылмысты істерге баруға да итермелеген. Құпия архивтегі құжатта бұл туралы мынандай жолдар бар: «Қытайдағы кедейлердің мүшкіл халі бандитизм мен мал ұрлауды өрістетуге итермелей түсуде. Мұны қазақ эмиграциясының басшылығы ҚАКСР-ы жеріне шабуылдар жасап тұратын қарулы топтар құру үшін тиімді пайдалана білуде».

Құпия архив құжаттарында әсіресе осы соңғы мәселеге – шекара бойындағы қазақ жасақшыларына байланысты көптеген деректер кездеседі. ПП ОГПУ органдарының құпия барлау құжаттарының бәрінде бұлар «бандиттік құрамалар» ретінде көрсетілген. Шын мәнінде шекараның Қытай жағында орналасқан бұл қазақ жасақтары Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің қыспағынан, қуғын-сүргіннен және қанды тырнағынан амалсыз қашып шыққан, көңілі жарым, бақытсыз жандар еді. Шетелге бас сауғалап өтіп кеткен бұл жандардың біразының жанұялары, жақын туыстары мал-жандары Қазақстанда қалып қойған-ды. Сондықтан да бұлар Қазақстандағы өздерінің туыстарын Қытайға көшіріп алу үшін шекарадан ерсілі-қарсылы өтіп, Қазақстан жағындағы шекаралық мал совхоздарына және алғашқы колхоздарға оқтын-оқтын шабуылдар жасап, Кеңес өкіметінің шаруалардан алған малдарын тартып әкетуге әрекеттенді.

Шекаралық вахтадан Алматыға ПП ОГПУ-ға 1932 жылдың 3-маусымында берілген мәліметте бұлардың біразы рет-ретімен аталған. Онда мынандай жолдар бар: «... Бірінші, Барлық тауындағы Сүлейменовтың ауылы, 41-ші шекара бағанасынан шығысқа қарай 60 шақырым. Бастаушысы Баскенов Сары, бандының жетекші тобы 25 адамнан тұрады, Екінші, Қарабура мекені 44 шекара бағанасынан оңтүстік батысқа қарай 35 шақырым. Басшысы Тәкінов Жанболат, жетекші тобы 18 адам; Үшінші, Тоған-Тоғай, Жалпақтал мекені, 43-ші шекара бағанасынан Оңтүстік шығысқа қарай 25- шақырым, басшысы Әділов Ике, Сасықбаев Раимжан, жетекші тобы 20 адам; Төртінші, Егіндібұлақ мекені, шекарадан 30-шақырым-башысы Қарақұлов Кәкімсейіт, жетекші тобы 30 адам; Бесінші, Емгейті мекені, Еміл өзені ағысымен 45-шекара бағынасынан шығысқа қарай 30 шақырым, Қашқаров Мәшеннің тартып алып қоныстанған жері, басшылары Болғанбаев Байкөде, жетекші тобы 30-адам, Мусинов Нәсіп, жетекші тобы 10-адам; Алтыншы, шұбарағаш мекені, 48 шекара бағанасынан оңтүстік шығысқа қарай 6 шақырым, басшысы Досақанов Жылқыайдар, жетекші тобы 9 адам. Жетінші, Чугучактан оңтүстікке қарай 5 шақырым, Нұрақан тартып алған қоныс, башысы Мәдиев Асан, жетекші тобы 7 адам; Сегізінші, Ластай мекені, Нарсұт, Мірбаба тартып алып қоныстанған жерлер, 53-ші шекара бағанасынан шығысқа қарай 8 шақырым, басшысы Мақажанов Мамырбек, жетекші тобы 15 адам....».

Осы қазақ сарбаздарының жетекшілерінің кеңес өкіметінің әртүрлі науқандарында қуғындалғандар екені жоғарыдағы құжатта көретілген, үшінші топтың башыларының бірі Әділов Икенің қайғылы тағдыры нақты мысал бола алар еді.

Әділов Икені кеңес үкіметі қазақ байларын тәркілеуден бұрын-ақ нысанаға алды. 1927 жылы оны ОГПУ Ресейдің Рубцов округіне айдауға жіберді. Қойылған күнә - патша үкіметінің кезінде болыс меңгерушісі және би болған. Колчак әскері келген соң да осы қызметін жалғастыра берген; Алашорда ашықтан-ашық материалдық қолдау жасап қана қоймай, оның Қырғыз (қазақ) облыстық комитетінің мүшесі болған. Осы қызметі үшін жоғарыдағы қожаларынан алтын медал, қымбат шапан және мақтау қағаз алған. Сонымен округінің шаған болысының №2 аулында тұрған кезінде атаман Анненковқа да қолдау көрсеткен. Қазақ байларын тәркілеуге байланысты комиссия материалдарында Әділов Икенің 1928 жылғы 1-қаңтарда 596 бас ірі қара малы және 900 бас ұсақ тұяқтары болған. Сондықтанда ол кәмпескеленетін байлардың алғашқы категориясына жатқызылған. Рубцов округінен айдаудан қашып келген Әділов Ике 1928 жылы Шаған тауларында біраз жасырынып жүрген.

Әділов Икенің жанұясында екі әйелі – Мақат және Фәтима, үш ұл, бір қыз болған. Балалар жас, 5-11 жастар мөлшерінде еді. Осы отбасы мүшелері ешбір кінәлары болмаса да жер аударылды.

Әділов Икені кәмпескелеу кезінде одан 250 бас (ірі қараға шаққанда) мал алынған, бұлардың 50 басы өлген және сатылған, ал 109 басын Әділов Икенің өзі шетелге айдап әкеткен.

Бас иесінің қол үзіп қалып, күнкөріс халі қиындаған Әділовтың алғашқы әйелі Мақат (жасы 47-де) және екінші әйелі Фәтима (32 жаста) Қазақстан Орталық Атқару комитетіне арыз жазып, өздерін жер аудармауды өтінген және өздеріне тағылған «әлеуметтік жағынан қауіпті әйелдер» деген кінәнің негізсіздігін дәлелдеуге тырысқан. Бірақ ҚазЦИК комиссиясы бұл өтінішке құлақ қойған жоқ, ал, Әділовтың жанұясы алыстағы Сырдария округіне жер аударылды.

Мұндайда Әділов Икені шетелге өтіп кеткені және Қазақстан жеріне жорықтар ұйымдастырғаны үшін кінәлай алмайсыз. Қатын, бала-шағасын құтқарсам, кеңес үкіметі тартып алған малды қайтарсам деген жандалбаса әрекет еді бұл.

Шетелдегі қазақ сарбаздарның КСРО-ға жорықтары аса қауіпті болды және көптеген жағдайларда шекара қызыл әскерлерінің қарулы қарсылықтарына кездесіп, қайғылы аяқталып отырды. Мысалы, ОГПУ архивтері мынандай құпия мәліметті баяндайды: 1930 жылдың қараша айында қытай укурдайы (болыс меңгерушісі) Мұқа Әжібеков Қазақстанға шетелден үш отряд түсірді. Олардың алғашқысы 20 адамнан тұрады және оны Әжібековтың күйеу баласы Әбілғазы Сауғабаев пен оның інісі Сұлтанғазы басқарады. Мақсат: Октябрь ауданының Қызылесті аулынан қазақтардың шетелге көшуін ұйымдастыру. Бірақ бұл отряд қызылдардың тосқаулына тап болып, қырылып қалды. Сарбаздар басшысы Әбілғазы тұтқынға түсті. Екінші сарбаздар тобы 15 адамнан тұрды. Оны Жапон винтовкаларымен қаруланған сайдын тасындай қарулы жігіттер құрды. Топтың әлеуметтік құрамында ОГПУ-дің айтуына сенсек, 6 бай, 9 кедей болған. Бұлар 1930 жылы Қытайға өтіп кеткен, сонда Әжібеков құрған укурдайдың (болыстың) мүшелері еді. Ал, өздері бұрынғы Октябрь ауданының Тышқан аулының тұрғындары болатын. Бергі бетте – қазақстан жағында қалған өздерінің туыстарын – 30-ға жуық жанұяларды алып Қытайға қайта өтпек болған кездерінде шекара әскерлерімен кездесіп қалып, қанды қырғын болған. Нәтижесінде қырылғаннан аман қалғандары қолға түскен.

Қазақ сарбаздарының үшінші тобы да 15-ке жуық адамдардан тұрған және сегізінші қарашаға қараған түні Басқұншы заставасының бір бөлігінен Қытай жағынан өтіп, Шыжы аулының тұрғындарын Қытайға көшіріп әкетуге әрекеттенген. Бірақ аталған ауыл тұрғындары көшуге дайындалып үлгермегендіктен сарбаздар тобы кейін қайтып, шекарадан өтерде шекарашылармен кездесіп қалған. Нәтижесінде қара түнді қақ жарған оқтар атылып, қазақ сарбаздары қытайға қарай соғысып өткен.

Дәл осы кезеңде Қытайдағы қазақтардың болыс меңгерушісі Баташыров Сүлеймен Қытай жерінде 15 адамдық сарбаздар тобын жасақтап, 6-шы қарашада Басқұншы селосынан оңтүстікке қарай 3-шақырымдай жерден шекарадан бұзып өтуге әрекеттенген. Бірақ шекарашылардың атқан оқтары оларды кейін қайтаруға мәжбүр еткен. Осы қарулы қақтығыс кезінде қазақ сарбаздарынан бір адам, екі жылқы өлген.

Шекарашылармен бірге қантөгісте көп адам өлгендіктен жоғарыда аталған Әжібеков пен Баташыровтың сарбаздары ыдырай бастаган. Мысалы, Ақмола Шүршіков, Кегенбай Ноғаев бастаған неғұрлым белсендірек жігіттер шекарадан өтудің қауіптігін сезініп, бейбіт жұмыстарға - бақташылық және кісі тасушылыққа көшкен.

Қытай жағындағы қазақ сарбаздары әрекеттерінің әлсірей түсуіне әсер еткен тағы бір жағдай – кеңес үкіметінің шекара жанжалдарына байланысты қытай жағына қайта-қайта наразылық білдіруі болды, Құлжадағы кеңес үкіметі консулдығының оындай мәлімдерінен кейін Кура генерал-губернаторы Әжібеков Мұқа мен Баташыров Сүлейменді өзіне шақырып алып, кеңес жеріне жорықтар жасауды тоқтатуды талап етті. Басқаларды ықтырып алу және қорқыту үшін генерал-губернатор нақты шара да қолданған. Мысалы, Әжібеков Мұқаның қарауындағы қазақ сарбаздарының белсенді ұйымдастырушысы ретінде қараша айында тұтқындалған және түрмеге қамалып, онда ол 9 сөтке отырып, 800 іле теңгесі көлемінде айып ақша төленген соң ғана бостандыққа жіберілген. Мұндай шығын төлеу Амраевқа оңайға түспеді, ол өзінің барлық дүние-мүлкін сатып, бұрынғыдан да тақыр кедейге айналды.

Қытай жағы қазақтардың жасақтарының неліктен Қазақстанға шекара бұзып өтіп жатқандарын әрине жақсы білді. Солай бола тұрса да КСРО-мен саяси және дипломатиялық қарама-қатынасты жандандыруға мүделі олар, шекара күзетін нығайтуға және шекраға жақын орналасқан қазақ ауылдарын қарусыздандыруға байланысты белсенді шараларды жүзеге асырды.

Мысалы, ОГПУ-дың шетелдегі барлаушыларының 1931 жылдың сәуір айында түсірген мәліметтері бойынша шекара бойында тұратын қазақтардың қару-жарағын жинап алу үшін қытай жағы Куреден және Суйдуннан чириктердің арнайы отрядтан шығарған. Осыған байланысты ССРО-ға жорық жасап қазақтар шекара бойын тастап, Суйдун қаласынан солтүстік батыста 65 шақырымдайқашықтықта орналасқан Талқы, Бұрат-Ала және Ұлатай тауларына барып тығылған.

Енді шекара бойында негізінен дүңгендер мен ұйғырлардан тұратын және бірін- бірі ұстап бермейтін қаруланған топтар ғана қалған еді.

Қытай жағы сонымен қатар шекра бойындағы қазақ жасақтарының әрекетін тежеу үшін шара-сумэден арнайы салтанатты отряд шығарған және затавалар арасынан жаңа шекара бекеттері (постылары) ашылған және олар қосымша әскер күштерімен толықтырылған. Мұндай шекара бекеттеріне мыналар жатады: а) Дзимұнай бекеті – майқапшағай заставасынан жарты шақырым қашықтықта (мұнда 30 чириктер жіберілген); б) Қоба бекеті (мұнда 50 чирик жөнелтілген); г) Дурбулджан маңындағы бекет.

Сондай-ақ Шыңжаң басшылығы шекарадағы тәртіпті нығайту үшін Чугучактың генерал-губернаторына шекараны күзетуді тағы да күшейте түсу туралы нұсқау берген.

Қытай жағынан шекарады тәртіпті нығайтуға байланыты шаралардың күшейе түскеніне қарамастан ондағы қазақ жасақтары 1931 жылы да өз әрекеттерін тоқтатпады. ОГПУ-дың шетелдегі барлау органдары берген мәліметте Қытайдағы мынандай қазақ жасақтары атап көрсетілген:

«Мүлкібаев Ембердінің бандасы (ОГПУ құжаттарында қазақ жасақтары «банда» деп көрсетілген);

Көктерек мекенінде Сүмбе заставасынан 90 шақырым (Кеген ауданының байы-мал ұрлаушысы, 1930 Қытайға қашып кеткен, құрамында 20 адам бар);

Құрашев Қадырбектің бандасы, Шулытерек мекенінде Сүмбе заставасынан шығысқа қарай 100 шақырым (Кеген ауданының құлтық аулының байы, 20 адамнан);

Нұрсапа Абыровтың бандысы, Көктерек елді мекенінде (100 адамдық);

Ереженовтың бандысы Семетай (Шыңғыстау ауданынан);

Қонысбаев Хасеннің бандысы Семетай мекенінде, шекара сызығынан 30 шақырым және Кергенты асуынан оңтүстікке қарай 30 шақырым);

Құрбанов Ниязбектің бандысы-алаш-ордашы, майкені – себет мекенінде терісарық заставасынан оңтүстік батысқа қарай 40 шақырым (40 адамға тарта)».

Ия, құжаттан көріп отырмыз, ОГПУ-ға көп нәрсе мәлім болған. Ал енді Қытайдағы қазақ жасақтары болса, әрине, бұдан мүлде хабарсыз еді.

ОГПУ Қытайдағы қазақтарды Қазақстан жеріндегі контрреволюциялық жұмысқа басшылық жасайтын «орталыққа» бірігіп жатыр деп те айыптады. Құпия құжаттардың Қытай жерінде 1929 жылдан басталғаны айтылады. ОГПУ деректері бойынша Қытайдағы қазақтар орталығына мына кісілер кірген.



  1. Мәрсеков Райымжан – белгілі ұлтшыл, бұрынғы Алашорда отрядтарын ұйымдастырушы, білімі жөнінен инженер, Колчактың талқандалған ақбандиттерінің қалдықтары құрамында Қытайға эмиграцияға кеткен;

  2. Ұласты өзені ауданынан шығысқа қарай 60-65 шақырым жерге орналасқан қазақ князі Әлен;

  3. Мейрамбай – қазақ, Қытайдағы болыс меңгерушісі;

  4. Ахметжанов Мұқан, 1930 жылдың басында Қытайға өтіп кеткен, Зайсан ауданының байы;

  5. Шүргітов Ысқақ, Марқакөл ауданының байы, 1930 жылдың қыркүйегінде Қытайға өтіп кеткен, бұрынғы болыс меңгерушісі;

  6. Тәлібек, қазақ, Қытайдағы болыс меңгерушісі;

  7. Ержанов Әбдікәрім, Шыңғыстау ауданының байы, бұрынғы болыс меңгерушісі, Қытайға 1930 жылдың шілдесінде өткен.

Әрине, ОГПУ құжаттары траихи деректерді бұрмалап көрсетіпотыр. Мысалы, жоғарыда аталған Мәрсеков Райымжанға келсек, ол алғашқы қазақ оқығандарының бірі, 1902 жылы Санк-Петербург университетініңзаң факультетін бітірген. Алаш қозғалысының белді қайраткерлерінің бірі. Ал енді Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрескен азаматты адмирал Колчактың әскерімен бірге болдың деп айыптау да қазір негізсіз болып барады. Орыс демократтарының және саяси қайраткерлерінің Колчакқа көзқарасы мүлде басқаша екенін ұмытпайық. Мысалы, кезінде уақытша үкіметтің премьер-министрі болған А.Ф.Керенский өзінің Лондонда 1966 жылы шыққан естелігінде Колчак туралы «... Он был истинным патриотом России, который твердо верил, что может возродить былую мощь отечества», - деп жазса (қараңыз: Керенский А.Ф. Россия на историческом повороте: Мемуары: пер. с англ. М: Республика, 1993, 366-б), ал қазіргікезеңде Петербургтың белгілі жазушылары мен ғалымдары, олардың ішінде академик Лихачев, экономист Бунич бар, адмирал Колчакты ақтауды және оны есте қалдыруды талап етуде (қараңыз: «Караван», 1994, 9 қыркүйекте, 57-б). Яғни Алашорда қайраткерлерін кезінде Колчакқа «ақсақал» атағын беріп, онымен тіл табысу әрекетіне барғаны үшін айыптау бүгінгі күні бола қоймас.

ОГПУ деректері бойынша шетелдегі Райымжан Мәрсеков басқарған қазақ «орталығының мақсаты төмендегідей болған»; ... а) ССРО жерінде контрреволюциялық топтар ұйымдастыру, оларға басшылық жасау; б) халықты Қытайға жаппай өткізу үшін және шекаралық аудандарды көтеріліске көтеру үшін қарулы бандалар ұйымдастыру; в) көтерілісшілерге нақты қарулы көмек көрсету; г) эмиграцияға кеткен-халықтың (қазақтардың) Қытай жерінде хандығын құру.

Алға қойылған міндеттерді іс жүзінде асыру үшін контрреволюциялық орталық кеңес өткізген. Оған КСРО-дан қашып кеткен байлар шақырылған. Алғашқы кеңес 20 адамның қатысуымен болыс меңгерушісі Қойтамбайдың үйінде 1930 жылы мамырда КСРО-дан жаппай көшушілерді қорғайтын, Қытай жеріндегі бандиттік құрылымдарды күшейту мәселесі бойынша болып өткен. Екінші жиналыс қазақ князі Әленнің үйінде 1930 жылдың шілде айында болған, оған 100 адам, соның ігінде «орталықтың» барлық басшылары қатысқан.

Осы мәжіліс барысында төмендегідей шешім қабылданған: кеңес жеріндегі қазақ халқының арасында дүние-мүліктерін салықтан қорғау туралы жұмыс жүргізу; ССРО-дан қашып келген бірде-бір қазақты ұстап беруге жол бермеу; жекелеген адамдар және топтар жіберу арқылы қазақ халқын КСРО-дан көшіріп алу жұмыстарын күшейту... Байларды көшіруді ұйымдастыру үшін КСРО-ға өткізу жұмыстары Ахметжановқа жүктелсін және оған көмекке Қайталақов Тілеуке бөлінсін; әрбір болыс меңгерушісіне (укурдай) қарулы жігіттерді көбірек бөлу және оларды Ахметжановтың қарауына беру тапсырылсын.

Үшінші кеңес Ахметжановтың басқаруымен 1930 жылдың шілде айының соңында топтар мен банды шайкаларын Қазақстанның шекаралық аудандарына жөнелту үшін ұйымдық жасақтау мәселесі бойынша болып өтті...»

Ал енді шетелдегі «қазақ орталығының» бұдан былайғы тағдыры қалай болды дегенге келсек, оны Қытай жағымен үздіксіз байланыс орнатқан ОГПУ көп кешікпей талқандап тынды. 1931 жылдың басында осы орталыққа басшы және мүше деген кісілер тұтқындалып, 41 адам жауапқа тартылды. ОГПУ мәліметтері олардың 34-нің бай, 1-нің саудагер, 1-нің қызметкер, 1-нің контрабандит, 3-нің орташалар, 1-нің кедей болғанын атап көрсетеді.

Осылайша, құрығы ұзын, ашкөз де қаныпезер ОГПУ қазақтардың шетелде бас қосып, ел болуына да мүмкіндік бермеген еді.

2. Ұзаққа созылған отаршылдық үстемдік қазақ халқының шынайы тарихын жазуға мүмк. індік бермеді. Коммунистік тәртіптің идеологиялық сақшылары Қазақстанның қоғамдық ғылымдарын Батыстың ой-пікірінен барынша қорғап, оңаша «бағып», оқшау ұстап келеді. Соның салдарынан ұлтымыздың тарихы мен мәдениеті АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, тіпті сонау Скандинавия елдерінде де ХIХ ғасырдың басынан бастап зерттеліп келгеніне қарамастан, ол ғалымдардың еңбектері біздерге белгісіз болып қала берді. «Қызыл» тарихнама өкілдері ондай шығармаларды «ғылыми құндылығы жоқ, идеологиялық тұрғыдан зиянды» деген желеулермен кітапханалар мен архивтердің арнайы жабық қорларында сақтап келді. Соның салдарынан олар бізді айналадағының бәріне «орыс терезесі» арқылы қарауға мәжбүр етті.

Бүгінде шетелдік тарихнамамен тығыз байланыс орнатудың мезгілі жетті. Сонымен қатар қазақ тарихының шетелдік дерек көздерін кең көлемді зерттеу мен оны жоғары оқу орындарының бағдарламасына жеке пән ретінде енгізу қазақ халқының шынайы тарихын жасаудағы ірі, ізгілікті ізденістердің бірі болып табылады. Мәселені осылайша шешу жас ұрпақтың жадағай идеологиялық ұрандардан, жалған түсініктерден арылып, оларды өз халқының ұлттық мүдделері туралы ойланып, толғануға жетелейді.

Қазақстанды мекендеген ежелгі ру-тайпалар туралы, олардың ұлы далада қазақ халқы болып қалыптасуы, өз алдына отау тігіп, хандық құруы, әдет-ғұрып, діни-нанымы, шаруашылығы, көршілес халықтармен, мемелекеттермен қарым-қатынастары жөніндегі Батыс әлеміндегі алғашқы деректер мен мағлұматтар біздерді көне дәуір мен орта ғасырлар қойнауына қарай бастайды.

ХVIII ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап қазақ жеріне еміне, ентелей енген орыстарға ілесіп Батыс саяхатшылары, көпестері мен дипломаттары да келе бастағаны белгілі. Солардың ішінде Кіші жүз қазақтарының тарихы мен этнографиясын зерттеуге аса зор үлес қосқан, 1735-1737 жылдары Орынбор экспедициясының құрамында орыс қызметінде болған ағылшын суретшісі Джон Кэстльді ерекше атап өткен жөн. Д.Кэстльдің баяндауымен жазылған және суреттерімен мол өрнектелген саяхат күнделігі неміс тілінде «Орыс тарихының матетиалдары» атты жинаққа қосымша ретінде 1784 жылы Ригда жарық көрді. Бұл күнделігінде суретші қазақтардың тіршілігі мен тұрмысынан өте құнды материалдар жинақтап, оларды суреттермен қамтамасыз еткен. Онда Кіші жүздегі саяси ахуал, қазақ халқынының қолөнері, киім-кешегі, тұрмыс салты, шаруашылығы, Орта Азия халытарымен сауда, материалдық және рухани қарым-қатынастары кеңінен көрініс тапқан.

Кэстль қазақтарды «орта бойлы, қара шашты, өткір көзді, денсаулығы мықты да төзімді, қонақжай халық» санатында сипаттайды. Суретші Әбілқайыр ханмен, оның Орынбордағы аманат ретінде отырған ұлы Ералы сұлтанмен кездесіп, оларды қоршаған батырлар мен билер жайлы қызықты мәліметтер қалдырған. Күнделік Д.Кэстльдің 13 суретімен жабдықталған, олардың ішінде Әбілқайыр хан, Бопай ханша, Ералы сұлтаннның суреттері, сондай-ақ көшпелілер тіршілігінің көріністері: жайлауға көшу, қазақтардың салт-ғұрып, дәстүрлері бейнеленген.

Қазақтар және Орта Азиядағы басқа да көшпелі халықтардың өмірі француз тарихшысы Жозеф де Гиннің (1721-1800) «Ғұндардың, түріктердің, моңғолдардың және өзге батыс татарларының ерте кездегі жалпы тарихында» баяндалады. Атақты ғалым бұл еңбегінде ғұндарды түркі тілдес халықтармен туыс деп көрсетеді. Сонымен қоса ол үйсіндерді Орта Азияның ең көне де ірі халықтарымен қатар қояды.

Қазақтар турасында Франция академиясының профессоры А.Жарри де Млнси былай деп жазады: «Бағзы заманнан бұл халық білімді болған... Ислам дінін қабылдағаннан кейін жоғалтып алған олардың өзге белгілермен берілетін Оңтүстік Сібір, Обь өзені мен Енисей аралығында табылған таңбаларға (Орхон-Енисей жазбасы - Ә.Ә) өте ұқсас әліппелері болыпты. Қырғыз (қазақ - Ә.Ә) тілі –түркі тілдерінің ішіндегі ең тазасы».

Батыс Еуропада,Скандинавия мен Америкада жарық көрген шығармаларының ішінен ағылшын сурешісі Томас Уитлам Аткинсонды атап өткен жөн. Оның кітабынан далалықтардың жоғары моральдық қасиеттері, олардың ақын сөзіне деген іңкәрлігі, дала жырауларының абыройлылығы жайлы үзінді келтірейік: «Өткен замандағы батылық туралы мына ақынның жырын бақташылардың ықылас қоя тыңдағандары сондай, тіпті кезінде Гомер де тап осындай ілтипатқа бөленбеген шығар, Дала ақындарының беделі гректер арасыдағы Гомердің абыройынан кем түспейді. Бастапқыда таулар мен далалардың сұлулығы, қазақ сәйгүліктері жайлы жырлағанда тыңдаушылар үн-түнсіз тыңдаған-ды, ал даңқты айқастар туралы жыр жолдары төгілгенде олардың жүздері өзгеріп сала берді. Тіпті кейбіреулері орындарынан атып тұрып, қаруларына жармасты. Міне, сауаты жоқ жыршылардың өз бауырластарының жан дүниелерін баурап алар күші осындай. Оның шабытты өлеңдерін мен ұзақ тыңдадым».

Американ дипломаты Юджин Скайлер де қазақтарға үлкен құрметпен қарайды «Қырғыздар (қазақтар-Ә.Ә) өзге халықтарға қарағанда бейне бір бала мінезділігімен ерекшеленеді. Олармен өте жақсы танысқаннан кейін қырғыздарды құрметтеуге, жақсы көрмеуге ешқандай шамаң қалмайды. Орта Азияның барлық тұрғындары қырғыздардың өзге тайпалардан өнегелік және рухани тұрғыда жоғары жатқандықтары туралы ой түйеді».

Осы уақытқа дейін еңбегі ғылыми ортаға, айналымға енбей келе жатқан шығыстанушы О.Поицактың Қазақстан жерінде өмір сүрген ертедегі феодалдық мемлекеттермен олардың тайпалық құрылымы жөніндегі ізденістері ерекше тоқталуды қажет етеді. Бұл тұрғыда оның ортағасырлық «Еуразия тарихы туралы зерттеулері» айрықша маңызды. Прицак қараханидтер, қарлұқтар, түркештер, ұйғырлар қағанаттары жайлы қызықты деректер келтіреді. Мәселен, осы кітабында автор қараханидтердің саяси тарихына және бұл тақырыптың таласты мәселелеріне арнайы мақалалар арнайды. «Мұндай зерттеудің қажеттігі,-деп көрсетті Прицак,-бұрынғы еуропалық ғалымдар, олардың ішінде орыстар да, осы дәуір тарихын зерттеуде ираноцентристік тұғырнама ұстанып келді. Одар назарларын негізінде саманидтер мен салжұқтар, Ғазнауи, Хорезмшах елдеріне бөледі де, ал қараханидтер мемлекетінемұсылман әлемінің шеткері аймағы, артта қалған өлкесі рөлін береді. Ал сайып келгенде қараханидтер мемлекеті көне түркілер мен ұйғырлар көшпенді империясының құқықты мұрагері болып табылады».

Қазақстанның моңғол шапқыншылынан кейінгі тарихы мен мәдениеті де шетел ғалымдарынының назарынан тыс қалмады. Оның ішінде ерекше көңіл бөлінген тақырыптар мыналар: ХVIII-ХIХ ғасырлардағы қазақ даласының отарлануы, Ресейдің ұлы Петрден кейінгі кезеңдегі империялық саясаты. Міне, бұл туралы У.Бульджер, А.Краусс, Э.Росс, Э.Резин, С.Беккер,Ф.Гольчевский, П.Хопхрик еңбектерінен табамыз.

Ресеймен шекаралас аз халықтарды жаулап алуда белсенді рөл атқарған, әсіресе қазақ жерінде отаршылдық тәртіптің қарулы сақшысы болған Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу қазақтарының қандыбалақ жылнамасы іспеттес американ профессоры Роберт Макнилдің «Патша мен казактар: 1855-1914 жылдар» және ағылшын ғалымы Альберт Ситонның «Далалардың аттылы адамдары және казактар: олардың тарихы» деген еңбектері қазақ тіліне тез арада аударуды күтіп тұрған дүниелер. Бұл кітаптардың авторлары Қазан төңкерісіне дейінгі орыс және шетел тарихнамасының, сондай-ақ мерзімді баспасөздің нақты дерек көздеріне сүйене отырып, ХIХ ғасырдағы Қырым және ХХ ғсырдағы бірінші дүниежүзілік соғыстар аралығында патша өкіметінің казак әскерлерін өз мақсатына қалай пайдаланғанын сенімді суреттейді. Жалпы казактар мәселесінің ауқым-ауқым шиеленісіп отыруына байланысты бұл тақырып тереңдей жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

Қазақ жерінің ең шұрайлы, нулы, атып алар аңы, сүзіп ұстар балығы көп өлкелерге казактар мен орыстар мұжықтары орнықты да, қазақтар болсашөл-шөлейтті далаларға ығыстырылды. Бұл жөнінде американ ғалымы Джордж Делеконың «Орыстардың 1896-1916 жылдары Қазақстандағы отарлауы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғауы назар аударарлық .

Кеңес империясы кезіндегі Қазақстан тарихының Батыс тарихнамасында зерттелген негізгі мәселелері осында Кеңес өкіметінің орнауы және орыс отаршылығының басты бағыттары мен әдістері, қазақ халқының өзінің ұлтық қауіпсіздігі үшін күресі сияқты тақырыптарды қамтиды. Батыс әлемінде жарық көрген алғашқы еңбектердің өзінде-ақ қазақ даласында Кеңес өкіметі зорлықпен орнатылғаны және оған жергілікті халықтың, оның большевиктер ықпалына түскен азын-аулақ өкілдері болмаса қатыспағандығы, бейтарап қалғандығы айтылады. Мұндай тұжырымдар өткен ғасырдың 20-шы жыдарында жарық көрген француз тарихшысы Ж.Кастеньенің еңбектерінде келтірілген. «1917 жылдың қарсаңында,-деп жазды америкалық автор А.Барк «1917-1928 жылдардағы Түркістандағы большивизм» деген кітабында, - марксистер Түркістанды әлеуметтік революция жүргізуге ең қолайсыз аймақ деп санаған».

Қазақстанда орнаған пролетариат диктатурасының отаршылдық сипат алғаны Р.Пирс, М. Равкин, А.Беннингсон, Коррер д’Анкос, Д.Гейер, М.Ферро, Р. Суни және басқаларды еңбектерінде нанымды баяндалған. Қазақ қоғамының күн тәртібінде отаршылдық қанаудан құтылу мәселелері тұрды. Орыс қоғамындағы әлеуметтік қайшылықтарды қазақ қоғамына күштеп таңу, жарлыны - байға, халықты – құдайға қарсы қою әрекеттері Қазақ еліне зор қайғы-қасірет әкелді. Американ ғалымы Р.Смаль-Стоцкийдің: «1917 жылы Ресейде шындығында екі революция басталды. Оның біріншісі этнографиялық жағынан алғанда орыс жерінде орын алған, ең алдымен саяси, содан кейін әлеуметтік мақсаттар көздеген орыс революциясы да, екіншісі – этнографиялық жағынан орыстарға қарамайтын жерлердегі қалған халықтардың орыстарды өз жерлерінен қоныс аудартуды көздеген орыстарға қарсы революция болды,» - деуі қазіргі кезеңнің талаптарымен астасып жатқан пайымдаулар.

Күні кешеге дейін Ресей Еуропамен де ұдайы жан-жанжалдасумен өмір сүріп келді. Орыстардың мұндай «сыйымсыздығының» түп тамырын кезінде А.К.Толстой дөп басып айтқан болатын: «Бір Русьтің тамыры,-деп жазған еді ол,-барша адамзат іспеттес Еуропа топырағынан нәр алады. Бұл Русьтегі ізгілік, ар-ождан, азаттық идеялары туралы түсік Батыстағы түсінікпен бірдей. Бірақ басқа, екінші Русь бар ма. Ол – қараңғы орман Русі, тайганың Русі, хайуандық Русі, жанкешті Русі, моңғол-татар Русі. Осы екінші Русь қатыгездік пен фанатизмді өз идеалына айналдырды. Киев Русі Еуропаның құрамдас бөлігі болады, ал Мәскеу болса Еропаны ұзақ уақытқа дейін теріске шығарушы болып қала берді».

Азамат соғысы барысында жергілікті халықтың еркімен құрылған, оның мүддесін көздеген Алашорда үкіметі жойылып, Кеңес билігі орнады. «Пролетариат диктатурасы» көп ұзамай «пролетатиат отаршылдығына» айналды. Ақтар да, қызылдар да қазақ халқының тәуелсіз мемлекет болуын қаламады. Көшпелі халықтың малын тартып алу, одан туындаған 20-30-шы жылдардағы алапат аштық, зиялы қауымын қуғындау біртұтас халықтың тоз-тоз болуын, жаппай эмиграцияға киліктірді. Тарихтың мұндай бұралаңдары американ ғалымы Р.Конквестің «Қайғылы құрбан» деген еңбегінде екі-ақ сөзбен – «қазақтар трагедиясы» деп дәл берілген.

Ал ағылшын тарихшысы О. Кэрроу «Кеңестер империясы: Орта Азияның түркі тілдестері және сталинизм» деген еңбегінде былай деп жазады: «Зорлап отырықшыландыру, көшпелі қазақтарды зауыттар мен фабриктер жұмысшыларына немесе мемлекеттің қалт еткізбес бақылауындағы кохозшыларға айналдыру- Кремль ресми саясатының өзегі болды».

Шетелдік баспасөзде Қазақстандағы 30-шы жылдардағы ашаршылыққа адам шығыны қаншалыты болғаны жайлы пікірталас әлі де жалғасып келеді. Айталық, Р. Конквест «Ұлы террор» деген кітабында Одақ бойынша 10миллион, ал өзге бір еңбегінде 14.5 миллион адамның опатболғанын айтады. Бұл цифрлардан 2 есе асып түсетін мәліметтер де кездеседі.

1930 жылдың жазында өткен партияның ХVI съезінде И. Сталин: «Халықтың жыл сайынғы өсімі 3 миллионға жуық» деп мәлімдеді. Ал, ХVII партия конференциясынды Кеңес Одағының халқы 160 миллион болғандығы хабарланды. Ең бергі есеп бойынша екінші дүние жүзілік қарсаңында Одақта халық саны 190 млн.-ға жетуі керек екен, бірақ 1939 жылғы санақтың қорытындысы бойынша бұл цифр 170 млн-ды ғана құрады. Сонымен , жаппай репрессия, ұжымдастыру кезіндегі аштық, Сталиннің басқа да «шұғыл шаралары» салдарынан кемінде 20 млн. адамның бейбіт өмірде құрбан болғанын көреміз. Егер бұл сұмдық цифрды ұлттарға шақсақ, ең ауыр соққыға қазақтар душар болған. Р. Конквестің , американ ғалымы М. Олкоттың және кеңестік тарихшылар мен публицистердің еңбектерінде келтірілген мәліметтері салғастырылғанда 1931-1933 жж аралығының өзінде қазақтардың саны 40-50 пайызға ойсыраған. Бұл-2 млн. халқы бар бір мемлекеттің із-түзсіз жойылып кетуімен пара –пар.

50-80-ші жж. Қазақстандаорын алған әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен тарихи оқиғалар шетелдік әдебиетте кеңестік отаршылдық саясатының жаңа беттері ретінде суреттеледі. Оның түпкі мақсаты – қилы сылтау-желеулермен Қазақстанға орыс және басқа славян халықтарын кең ауқымда көшіріп әкелу. Сонымен қатар балабақшалармен, мектептерде,жоғары оқу орындарында қазақ тілін қақпайлау, іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге шек қою, халықтың этностық біртұтастығын жою арқылы қазақтарды орыстандыруды тездету деп көрсетіледі. Мысалы, тың және тыңайған жерлерді игеруді Лондон университетінің профессорлары М.Макколи, Р.Лэйрд және Канзас университетінің профессорлары Дж.Сэпел мен басқа да батыс ғалымдары патша заманындағы Столыпин реформасының жалғасы ретінде қарастырады .

Шетел зерттеушілері орыстандырудың терең тамырларын ащып, бұл саясаттың Ресей империясының Кеңес империясына ұстатқан аманаты ретінде жалғасып келе жатқанына баса назар аударады. Мұндай пікірді жақтаушылар орыстар мен орыс еместерді жақындастырудың, соңғылардың орыстарға деген ықыласын аударудың бірден-бір жолы орыс тілі мәдениетін оларға күштеп таңу, сол арқылы христиан дінін қабылдату деп есептеді.

ХIХ ғ.-ғы қабілетті шығыстанушы, христиан дінінің жанқияр уағызшысы И.А.Ильминский де бұған сеніп бақты. Қазақ даласында мектептер мен басқа оқу орындарын ұйымдастыру орыс отаршылдық саясатының осы көрсетілген мақсат-мүдделерінен туындағаны хақ.

1905-1907 жж.-ғы революция кезінде, деп жалғастырады ойын Р.Пирс, Орта Азия халықтарының көшілігі империяның ірге тасына қауіп төндірген оқиғалардан шет қалды. Ресейдегі саяси дағдарыс өзінің бағынышты рағдырына көнбістікпен қараған сауатсыз жергілікті халыққа түсініксіз болды. Тіпті қасиетті соғыс – «ғазауат» (кәпірлерге қарсы соғыс) жариялау арқылы және осындай күрделі жағдайды пайдаланып, орыс езгісінен құтылуға да әрекет жасамады.

Принстон университетінің қызметкері Э.Дейли: «Орыстар мәдениет саласында, әсіресе діни тұрғыда Орта Азия мен Кавказ халықтарынан қашанда жоғары тұрмыз деп есептеді» - деп жазды.

Орыстар тарапынан орын алған мұндай негізсіз нәсілшілдік оолардың Қазақстан мен Орта Азиядағы барлық жоғары басқыншылықты өз қолдарына ұстауынан, сонымен қатар мұсылман халықтарын тізеге салып, жуасыта түсуге бағытталған атып-асу, қуғын-сүргінге салу щараларынан айқын көрініс тапты. 1916ж. полковник Иванов өзінің жазалаушы жендеттеріне: «Орыс солдаты етігінің тақасы мыңдаған жергілікті қаңғыбастарлың өмірінен әлде қайда бағалы», деген мазмұнды нұсқау берді.

Егемендік пен жариялылықтың арқасында соңғы жылдары тыйым салынған, зерттеушілердің қолына түсе бермейтін әдебиеттермен танысуға мүмкіндік туды. 1991 ж. Қарағанды облыстық орыс тілді газетінде осы өңірдегі кен орындарының бұрынғы қожайындарының бірі Э.Нельсон Феллдің «Russian and Nomad», яғни «Орыстар және көшпенділер» деген 1916ж Нью-Йоркте жарық көрген кітабынан үзінділер 12 нөмірде жарияланды.

Бұл еңбектің авторы – ағылшын-француз алпауыттарының «Спасск мыс кендері» акционерлік қоғамында бас өкіл болып, 1902 жылдан 1908 жылға дейін жұмыс істеген. Нельсон Фелл кітабында орыс капиталистерінен шахталар мен рудниктерді қалай сатып алғандығын жергілікті қазақтармен қандай қарым-қатынаста болғандығын қызықты баяндайды. Алпауыттар өкілі әсіресе қазақтар дың көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрыптарын әдептілікпен, жылы сезіммен баян етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет