Ботакөз Лесбекқызы мен Мадина Тулкунқызы Сандар тізбегі



бет40/84
Дата14.12.2022
өлшемі4,6 Mb.
#162738
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84
Байланысты:
Математикалық сауаттылыққа тест тапсырмалары

ТЕСТ дұрыс жасауаптары



1.D

5.E

9.A

13.D

17.C

21.C

25.D

29.C

2.C

6.D

10.B

14.C

18.B

22.B

26.C

30.E

3.A

7.C

11.D

15.C

19.D

23.A

27.A

31.C

4.A

8.C

12.B

16.D

20.E

24.B

28.D

32.C



ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР
1. Астанадан Түркістанға жүріп бара жатқан пойыздың төрт вагонында 100 жолаушы бар. Егер бірінші вагоннан 16 жолаушы екінші вагонға, екінші вагоннан 12 жолаушы үшінші вагонға, ал үшінші вагондағы 8 жолаушы төртінші вагонға орналастырсақ, онда 4 вагондағы жолаушылар саны теңеседі. Алғашқы кезде әр вагонда неше жолаушыдан болғанын анықтаңыз.
А) 42; 22; 20; 16. В) 41; 20; 20; 19. С) 41; 22; 21; 16.
D) 41; 21; 21; 17. Е) 42; 21; 21; 16.
2. Жәшікте 6 қызыл шар, 4 ақ шар және 3 көк шар бар. Кездейсоқ алынған шарлардың ішінде екі қызыл шар болу үшін жәшіктен кем дегенде неше шар алу керектігін табыңыз.
А) 8. В) 9. С)10. D)12. Е) 11.
3. Жәшікте 6 қызыл шар, 4 ақ шар және 3 көк шар бар. Кездейсоқ алынған шарлардың ішінде екі ақ шар болу үшін жәшіктен кем дегенде неше шар алу керектігін табыңыз.
А) 10. В) 9. С) 8. D)12. Е) 11.
4. Қалтада 9 көк, 5 қызыл және 2 сары шар бар. Қалтаның ішіне қарамастан 2 қызыл шар шығарылғанына нақты сенімді болуы үшін қалтадан кем дегенде қанша шар алу қажет болатынын көрсетіңіз.
А) 6. В) 4. С) 9 . D)13. Е) 12.
5. Қорапта 5 қызыл, 8 жасыл, 13 көк және 17 сары шар бар. Қораптың ішіне қарамастан бір сары шар шығарғанына нақты сенімді болуы үшін қораптан кем дегенде қанша шар алу қажет болатынын көрсетіңіз.
А) 14. В) 27. С) 4. D) 18. Е) 16.
6. Мектепте 400 оқушы бар. Жылдың 29 ақпанынан басқа әр күнінде кемінде бір оқушының туған күні болады. Туған күндері бір күнде келуі мүмкін ең көп оқушылар санын табыңыз.
А) 34. В)36. С)35. D)28. Е)40.
7. Ит мысықтан 6 есе ауыр, тышқан мысықтан 20 есе жеңіл, бұзау тышқаннан 720 есе ауыр. Бұзаудың салмағы - М, иттің салмағы - К болса, бұзау мен иттің салмақтары үшін қай тұжырым дұрыс екендігін анықтаңыз.
А) К=М. В) М<6 К. С) К>М. D) М=9 К. Е) М=6-К.
8. Көлемі 27 м3 болатын ағаш текшенің сыртын сары түске бояды да, оны көлемі 1 м3 текшелерге бөліп қойды. Сонда тек үш жағы ғана сары түсті болатын текшелердің көлемдерінің қосындысы қанша болатынын табыңыз.
А)8 м3. В) 12 м3. С) 4 м3. D) 6 м3. Е) 5 м3.
9. Периметрі 98 см тіктөртбұрышты қаңылтыр бар. Қаңылтырдың ауданы барынша үлкен болатындай ұзындықтары сантимерде бүтін сандар етіп алынған. Өлшемі 3 см х 8 см болатын ең көп дегенде неше тіктөртбұрышты қаңылтыр кесіп алуға болатынын табыңыз.
А) 24. В) 88. С) 25 . D)23. Е) 100.
10. Екі бала бөренені екі бөлікке бөлгенде 4 минут уақыт жұмсайды. 6 м бөренені бір метрлік шөркелерге бөлетін уақытты тап.
А) 16 мин. В) 25 мин. С) 28 мин . D) 24 мин. Е) 20 мин.
11. Мұғалім оқушыларды дөңгелек үстелге отырғызып, 1-ден 36-ға дейін нөмірледі. Нөмірі 5-ші оқушыға қарама-қарсы отырған оқушының нөмірін табыңыз.
А) 15. В) 9. С) 23 . D)25. Е)12.
12. Мұғалім оқушыларды дөңгелек үстелге отырғызып, 1-ден 18-ге дейін нөмірледі. Нөмірі 13-ші оқушыға дәл қарсы отырған оқушының нөмірін табыңыз (оқушылар бір-бірінен бірдей қашықтыққа отырғызылды).
А)1. В)3. С) 4. D)5. Е)7.
13. Шардың бағасы 45 тг. Самалда 20 теңгелік монеталар ғана бар. Егер кассирде қайтаратын ақша болмаса, Самал ең аз дегенде неше шар сатып ала алатындығын табыңыз.
А) 2. В) 4. С)5 D)6. Е) 3.
14. Қорапта қабырғасы 20 см болатын шаршы тәрізді 12 дана паркет бар. Еденнің өлшемдері 4 м х 3 м болатын тіктөртбұрыш тәрізді бөлмені паркеттеп шығу үшін қанша қорап паркет қажет екенін табыңыз.
А) 12. В) 20. С) 9 . D) 25. Е) 10.
15. Бақта бір-бірінен 6 м қашықтықта 15 алма ағашы қатар орналасқан. Жетінші алма ағашы мен он екінші алма ағашының арасы неше метр екенін анықтаңыз.
А) 30. В) 42. С) 54. D)40. Е) 36.
16. Алғашқы әскери дайындық сабағында оқушылар толық төрт қатарға сапқа тұрғызылды. Бірінші қатарда тұрған Асқар осы қатарда өзінің алдынан санағанда бесінші, ал артынан санағанда төртінші тұрғанын білді. Сыныпта неше оқушы бар екенін табыңыз.
А) 22. В) 24. С)36. D)45. Е) 32.
17. Торғайлар ұшып келіп ағаш бұтағына қонды. Бұтақ басына 1 торғайдан қонса, 2 торғай орынсыз қалады. Ал, бір бұтаққа 2 торғайдан қонса, 2 бұтақ артық қалады. Сонда торғай нешеу, бұтақ нешеу?
А) 4 торғай, 11 бұтақ . В) 9 торғай, 6 бұтақ. С) 8 торғай, 6 бұтақ.
D) 4 торғай, 11 бұтақ. Е) 6 торғай, 10 бұтақ.
18. Спорт залда ұзын орындықтар болды. Әр орындыққа 2 бала отырса, 7 оқушыға орын жетпейді. Ал егер әр орындыққа 3 оқушы отыратын болса, 5 орындық бос қалады. Балалар мен орындықтардың сандарының қосындысын табыңыз.
А) 73. В) 22. С)51. D)65. Е)43.
19. Бір нан мен бір қорап шайдың салмағы бір нан мен бір қорап конфеттің салмағынан көп. Мағынасы дұрыс жауапты табыңыз.
А) шайдың салмағы конфетгің салмағынан жеңіл.
В) шайдың салмағы конфетгің салмағынан ауыр.
С) конфеттің салмағы шайдың салмағынан ауыр.
D) конфеттің салмағы шайдың салмағынан тең.
Е) анықтау мүмкін емес.
20. Ағасы қарындасының бірінші туған күніне 1 қуыршақ, келесі туған күніне алдыңғы туған күнінен 2 есе көп қуыршақ сыйлап отырады. Қарындасы 6 жасқа толғанда неше қуыршақ сыйлайтынын табыңыз.
А) 16. В) 8. С) 10. D)24. Е) 32.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет