Ботакөз Лесбекқызы мен Мадина Тулкунқызы Сандар тізбегі



бет42/84
Дата14.12.2022
өлшемі4,6 Mb.
#162738
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84
Байланысты:
Математикалық сауаттылыққа тест тапсырмалары

32. Қағаз бетіне бес шеңбер жүргізілді. Олардың ең көп дегенде қиылысу нүктелерінің саны қанша болатынын табыңыз.
А) 20. В) 10. С) 15. D)5. Е)25.
33. Тоғанда дала гүлі гүлдегенде әр аптада оның алатын ауданы екі есе артып отырады. Егер дала гүлі гүлдегеннен кейін 8 аптада тоғанның беті гүлмен жабылса, тоғанның жартысының беті неше аптада гүлмен жабылатынын табыңыз.
А) 3 апта . В) 6 апта. С) 5 апта. D) 4 апта. Е) 7 апта.
34. Қоймада сыйымдылығы 10 л және 17 л бөшкелерге 223 л май сақтаулы. Май құйылған 17 литрлік неше бөшке бар?
А) 17. В) 9. С) 16. D)8. Е) 10.
35. Кәрсеңкелерге жұмыртқалар салынған. Кейбір кәрзеңкеде тек қана тауықтың, ал кейбіреулерінде тек қана үйректің жұмыртқалары бар. Кәрзеңкелердегі жұмыртқалардың саны сәйкесінше: 5; 6; 12; 14; 23 және 29. «Егер мен мына кәрзеңдегіні сатсам, - деп ойлады сатушы, - онда қалған тауықтың жұмыртқасы үйректің жұмыртқасынан екі есе көп болады». Сатушы неше жұмыртқа салынған кәрзеңкені меңзеп тұрғанын табыңыз.
А) 14. В) 23. С) 5. D)29. Е) 12.
36. Егер «МАМА» сөзін баған бойымен жазсақ, жазудың вертикаль симметрия осі бар екенін көреміз. Төмендегі сөздердің ішінен вертикаль осі барын көрсетіңіз.
А) LOOT . В) ВООМ. С) ТООТ. D) ROОТ. Е) ВООТ.
37. Атасы 58 жаста, оның баласы 32 жаста, немерелері 11 және 7 жаста. Атасының жасы неше жылдан кейін баласы мен немерелерінің жастарының қосындысына тең болатынын анықтаңыз.
А) 4 жыл . В) 5 жыл. С) 3 жыл. D) 6 жыл. Е) 8 жыл.
38. Текше түріндегі аквариумның төрттен үшіне су құйылды. Үстіне он литр су құйса, асып кетеді, сегіз литр су құйса, толмайды. Аквариумның сыйымдылығы қай аралықта екенін табыңыз.
А) (30 л; 40 л). В) (34 л; 44 л). С) (36 л; 45 л).
D) (33 л; 39 л). Е) (32 л; 40 л).
39. Куб пішіндес қорапты диаметрі 3 см болатын 125 доппен толтыруға болады. Осы қорапты диаметрі 5 см болатын қанша доппен толтыруға болады?
А) 45. В) 30. С) 27. D) 42. Е) 125.
40. Тоқсаннан асқан Тойлыбай атаның 9 ұлы бар. Ұлдарының әрқайсысының 7 ұлы бар. Тойлыбай атаның немерелерінің әрқайсысында 5 баласы бар болса, Тойлыбай атаның шөберелерінің санын табыңыз.
А) 63. В) 98. С) 351. D)35. Е)315.
41. Ұлдардың біреуін санамағанда ұлдар мен қыздардың сандары бірдей. Қыздардың біреуін санамағанда ұлдар қыздардан екі есеге артық. Ұлдардың санын табыңыз.
А) 2. В) 4. С) 5. D)3. Е) 6.
42. Екі ақ және сегіз сұр шағалалар өзен үстінен ұшып жүрді. Бір кезде олар жағаға бір түзудің бойына кездейсоқ қонды. Екі ақ шағаланың көрші отыру нұсқаларының санын табыңыз.
А) 5. В) 7. С)10. D)4. Е) 9.
43. Әлішердің 6 жұп көк жөне 6 жұп қара шұлығы бар. Өте қажет жағдайда бөлмеде жарық сөніп қалғанда, қараңғыда міндетті түрде 2 бір түсті шұлық алып шығу үшін Әлішер кемінде неше шұлық алу керектігін табыңыз.
А) 28. В) 4. С) 3. D) 6. Е) 5.
44. Жәшіктің ішінде 6 жұп қоңыр және 6 жұп жасыл қолғаптар бар (оң қолдың қолғабы сол қолға сәйкес келмейді). Жәшіктің ішіне қарамай міндетті түрде түстері бірдей 1 жұп қолғап алып шығу үшін кемінде неше қолғап алу керек екенін табыңыз.
А) 13. В) 2. С)3. D)6. Е) 7.
45. Мынадай ретпен бірнеше музыка аспабы берілген: сыбызғы, дауылпаз, шыңдауыл, асатаяқ, адырна, керней, сырнай. Осы ретпен өзгертпей 69-шы орынға қандай аспап орналасқанын анықтаңыз.
А) керней . В) адырна. С) асатаяқ. D) сыбызғы. Е) сырнай.
46. Сәрсенбі күні 9-сыныптың сабақ кестесінде геометрия, қазақ тілі, шет тілі, тарих, сызу және биология пәндері тұр. Тарих қазақ тілінен кейін, бірақ биологияның алдында, геометрия барлық пәндердің алдында, ал сызу барлық пәндердің соңында, шет тілі қазақ тілінен кейін, бірақ тарихтың алдында орналасқан. Пәндердің сабақ кестесінде орналасу ретін анықтаңыз.
A) 1-геометрия, 2-қазақ тілі, 3-шет тілі, 4-биология, 5-тарих, 6-сызу.
B) 1-геометрия, 2-қазақ тілі, 3-шет тілі, 4-тарих, 5-биология, 6-сызу.
C) 1-геометрия, 2-шет тілі, 3-қазақ тілі, 4-тарих, 5-биология, 6-сызу.
D) 1-геометрия, 2-шет тілі, 3-тарих, 4-қазақ тілі, 5-биология, 6-сызу.
Е) 1-геометрия, 2- қазақ тілі, 3-тарих, 4-шет тілі, 5-биология, 6-сызу.
47. Мұғалім .тақтаға алғашқы 100 натурал сандарды жазды. Асхат 3-ке бөлінетін барлық сандарды өшірді. Ал Аңсат 3 цифры бар сандарды өшірді. Тақтада неше сан қалғанын айтыңыз.
А) 45. В) 48. С) 46. D) 52. Е) 55.
48. Көп балалы отбасында 7 бала алманы, 6 бала өрікті, ал 5 бала жүзімді жақсы көреді. Төртеуі алманы да, өрікті де жақсы көреді. 3 бала алма мен жүзімді, ал 2 баласы өрік пен жүзімді жақсы көреді екен. Ішінде біреуі ғана алма, өрік және жүзімнің барлығын жақсы көреді. Тек алманы жақсы көретін неше бала бар екенін анықтаңыз.
А) 1. В)6. С) 7. D)10. Е) 5




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет