Ботаника және зоология кафедрасы магистрлік диссертация


ВИРУСТЫ АУРУЛАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІ



бет10/16
Дата18.06.2020
өлшемі373,5 Kb.
#73875
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
Гулназ магистр

ВИРУСТЫ АУРУЛАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІ

Картоптың аса зиянды ауруларға төзімді сорттарын шығару картоп селекциясының қиын әрі маңызды жұмыстарының бірі. Вирусты ауруларға төзімді сорт шығарудың қиындығы, вирустардың көптүрлілігі, бірнеше вирусқа комплексті формаларды бөліп алу және өсімдікке түрлі әсер ететін штамптардың көп болуында. Аурулардың пайда болуы экологиялық, географиялық жағдайда да болады. Картоптың вирусты аурулары түрлі мозаикалық аурулар туғызып, шаруашылыққа көп зиян келтіреді.

Селекциялық жұмыстардың жақсы қорытындысы негізгі формаларды іріктеуге байланысты. Селекцияда иммунды формаларда қолданған бағана, бірақ олар өте сирек кездеседі. Сондықтан вирусқа сезгіштігі жоғары және төзімді сорттар мен түрлерді бөліп алудың маңызы зор. Қазіргі уақытта түрлі вирустарға төзімді картоптың жабайы және мәдени түрлері мен формаларын селекцияда вирусқа төзімді сорттар алу үшін қажетті материал ретінде пайдалануда. (В.Н.Иванова. 1965ж.) Вирусқа төзімділік селекцияда вирустың түріне және селекция үшін салынған материалдарға байланысты күрделі түраралық және сорт аралық гибридизацияда жүргізіледі.

Селекциялық материалды вирустан таза ұстаудың да маңызы үлкен. Вирус инфекциясының тұқым арқылы да тараған жағдайлары бар. (Т.В.Томм. 1965ж.) Сондықтан профилактикалық шараларды қолдана отырып, өсімдіктің аурудан тазаларын, вируссыз элита алуда қолданатын серологиялық анализ арқылы таңдау қажет.

Мәдени дақылдардың ішінде картоп саңырауқұлақ және бактериалды вирус ауруларымен залалданатын дақылға жатады. Бұл оның биологиялық ерекшелігіне және вегетативтік жолмен көбеюіне байланысты. Сол себепті пестициттерді және инсектициттерді аурулармен зиянкестермен күресуде дүние жүзінде картоп мақтадан кейін екінші орында. (Х.А.Муминджанов. 1997ж.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет