Жылдық сағат саны: 136 сағат
Апталық сағат саны: 4 сағат
Қазақ тілі пәні- бастауыш сынып оқушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрін меңгертетін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.
Пәнді оқыту мақсаты: тіл туралы оқушыларда тұтас ғылыми ұғым қалыптастыру, тіл ғылымы туралы негізгі ережелерді меңгерту; алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгерту, сауаттыжазу, оқу дағдылары жетілдіру, интеллектісімен шығармашылық қабілеттерін, қатысымдық құзыреттілігін дамыту, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау; ауызша және жазбаша сөйлеудің коммуникативтік білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлға қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |