Бозтал орта мектебі бойынша І жарты жылдықта атқарылған тәрбие жұмысы туралы Есеп 2018 оқу жылы



Дата20.07.2020
өлшемі189,68 Kb.
#63400
түріҚұрамы

Бозтал орта мектебі бойынша І жарты жылдықта атқарылған тәрбие жұмысы туралы Есеп 2018 оқу жылы

Мектеп оқушыларының әлеуметтік құрамы 01.09.2018 ж. Көп балалы отбасынан- 29 бала, Аз қамтамасызданған -2 оқушы, (Оспанов Ернур 6-сынып, Ажиханова Бекзат 9-сынып). Қамқоршысы бар бала- 1, Жантуғанов Алишер 6-сынып. Мүгедек (үйден оқытылатын) – бала жоқ, мүмкіндігі шектеулі- жоқ, «Д» есепте тұрған- 0, АІІБ (РОВД), КТБИ (ИДН), МІБ (ВШК) тұрғандар – 0. Толық емес жанұя -3. Жаппай оқыту қорынан 2018-2019 оқу жылы (барлығы 14 бала) тегін ыстық тамақпен тамақтанады. Оның 10-ы бастауыш сыныптан, төртекуі 5-9 сыныптан. Мектепте спорт секциялары: волейбол, баскетбол, теннис, тоғызқұмалақ жұмыс жүргізеді. Жетекшісі дене шынықтыру мұғалімі Имансеитов И.Қ. Барлығы 68 бала қамтылды. Мектепте «Әдебиет әлемі», «Жас суретшілер», «Математика әлемі», «Жас экологтар», «Тіл-халық байлығы», «Сұңқар» әскери патриоттық үйірмелері жұмыс жасайды. Барлығы 58 бала қамтылды. Биылғы оқу жылында Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы ұсынған тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері бойынша 8 бағытты басшылыққа ала отырып тәрбие үрдісінің жылдық жұмыс жоспары құрылды.

1. Азаматтық – патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие

2. Рухани – адамгершілік тәрбиесі

3. Отбасы тәрбиесі

4. Рухани тәрбие

5. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

6. Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие

7. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру

8. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие. 1 қыркүйек күні «Алғашқы қоңырау» жиыны өтті. Салтанатты жиынның мақсаты: білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну; білімге деген құштарлығын арттыру; еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу. «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны ҚР – ның Туы енгізіліп, Әнұранды орындаудан басталды. Биылғы оқу жылы 1 – сыныпқа барлығы 16 оқушы қабылданды. Қабылданған оқушыларды мектеп директоры Ә.Ж.Секуов, ауыл әкімі Мұқанов Қанат Сарбасұлы (мектепке қажетті құралдарды сыйлап) құттықтады. Оқу ісінің орынбасары Абыкеева Бекзат Қонақбайқызы дәстүр бойынша бұйрықты оқып, мектепке қабылданған оқушылар мен сынып жетекшілердің тізімімен таныстырды. Сонымен қатар зейнеткерлікке шыққан мектебіміздің ұлағатты ұстаздары Ш.Т.Тусупова, Ғ.И.Ибраева, С.Б. Сулейменов жас бүлдіршіндерге ақ баталарын берді. 1 – сынып оқушылары өлеңдерін айтып, әндерін орындап барша қауымның көңілдерінен шықты. Ата – аналардың қуанышты жүздері байқалып, ақ баталарын айтып, халқымыздың салт – дәстүріне сай шашу шашылды. Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 1 – сынып оқушысы Махметова Жансұлу мен 11 – сынып түлегі Иманов Досжанға берілді. Соңында келген қонақтарға, ата - аналарға құттықтау сөз берілді. Алғашқы қоңырау мерекесі барлық сыныптарда «Мен –елімнің патроитымын» тақырыбындағы сынып сағаттарымен жалғасты. 4– сынып жетекшісі Р.А.Тулеубаева, 7 – сынып жетекшісі шайхудинова А.С., 2 – сынып жетекшісі Көкқанат Жадыра, 11 – сынып жетекшісі А.Р.Қыздарбекова сынып сағаттарын жоғарғы деңгейде өткізді. Жан-жақты дайындықпен келген, көрнекіліктер де орынды қолданылды. Қыркүйек айында «Салауатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша «Денсаулық фестивалі – 2018» күні өтті. Бұл фестивальге барлық сынып оқушылары және сынып жетекшілері тегіс қатысты. Қыркүйек айында гуманитарлық бірлестік жетекшісі Шайхудинова А.С. жетекшілігімен арнайы жоспар құырылып, «Тілдер апталығы» өтілді. Бұл апталықта жоспар бойынша іс-шаралар уақытында жүргізіліп, аудандық білім бөліміне есеп күнделікті уақытында жіберіліп отырылды және онкүндік папкасы тапсырылды. Ұстаздар мерекесі қарсаңында 11-сынып оқушыларының және сынып жетекшісі Қаздарбекова А.Р. жетекшілігімен «Ұстаз-ұлы тұлға» тақырыбында ұстаздар күніне арналған «Өзін-өзі басақру күні» және мерекелік концерт өтілді. 1 қазан қарттар айлығы қарсаңында «Тимуршылар» жасағы құрылып, кесте бойынша жалғыз басты, көмекке мұқтаж болып отырған егде жастағы адамдарға көмек көрсетті. (Байшахметова Тиыштық апа, Алтайбаев Жақсылық аға). «Қарттарым-асыл қазынам» атты әкімшілікпен бірлескен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Аудандық білім бөліміне есеп уақытында фотосымен бірге жіберілді.

Қыркүйек айының 3 және 8 аралығында «Отбасы күні» республикалық акциясын өткізілді. «Отбасы күні» акциясының өткізілуі барысында сурет мұғалімі Жолжақсы Нүрияш 5-7 сыныптар арасында «Біз бейнелейміз-Күн, аспан және гүл- » тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырды. Байқау нәтижесінде 6-сынып оқушысы Жолжақсы Ұлас, 7-сынып оқушысы Молдашев Нұрдәулет, 8-сынып оқушысы Серік Аңсардың жұмыстары өте жоғары бағаланды, марапатқа ие болды. Барлығы 10 оқушы қатысты. Барлық сыныптарда 1-11 сынып жетекшілері «Бақытты отбасы» және «Отбасы-мықты мемлекет» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді. Барлығы 115 оқушы қатысты. Мектеп психологі Асқарова М.Ж. «Отбасы құндылықтары» тақырыбында дисскуссия және «Тату-тәтті өмір сүру үшін нені білу керек?» тақырыптарында тренинг өткізді. Барлығы 25 оқушы қатысты. «Отбасы-бақытты үй» тақырыбында аға тәлімгер Ристан Е. дөңгелек үстел ұйымдастырды. Барлығы 15 оқушы қатысты. Мектепте бір ғана бала қамқорлыққа алынған, сол баланың қамқоршысы Сулейменов С.Б. 6-сыныптың сынып жетекшісі Тасболат А. кездесу әңгіме жүргізді. Ақмола облысының білім басқармасының 2018 жылғы 4-13 қазан аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясымен қыздардың құқықтарын және бүкіл әлемде олардың тап болатын мәселелердің ерекшеліктерін мойындау белгісі ретінде жариялаған Халықаралық қыздар күніне арналған облыстық онкүндігі және Ақмола облысының «Ерейментау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №1214 хаты негізінде «Қыз- қызғалдағым» тақырыбында онкүндік өтілді. Онкүндіктің мақсаты: Қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру. Қыздар мен әйелдердің құқықтарын бұзу үшін жағдайлар жасайтын стереотиптерді жеңу, ерте және мәжбүрлі некелерді теріс құбылыс ретінде айыптайтын қоғамдық пікір қалыптастыру. Мектеп психологі Асқарова М.Ж. қыздар арасында «Мен өз құқығымды білем бе?» деген сауланама жүргізді. Нәтижесінде: қыздардың 20 пайызы дұрыс жауап берді. Мектеп медбикесі Шамерхан Гүлира қыздарға жыныстық қатынасқа байланысты гигиеналық кеңестер берді. Жергілікті уәкіл инспекторы Исенов Е.Ж. ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу бойынша түсіндірме жұмысын өткізді. Мектеп тәлімгері Ристан Е. «Менің құқым бар» атты флешмоб ұйымдастырды. Дене шынықтыру мұғалімі Имансеитов И.Қ. қыздар арасында спорттық жарыстар өткізді. Бастауыш сынып мұғалімі Қырықбаева Б.О. сурет сайысын өткізді. Ақмола облысының «Ерейментау ауданының білім бөлімі» КММ-нің 2018 жылғы № 1116 бұйрығы және Ақмола облысы Ерейментау ауданы Әкімінің аппаратының 28.08.2018 жылғы №07-18\1223 шығыс хатының негізінде Терроризмге қарсы орталығының тапсырмасына сәйкес Ерейментау ауданының әкімдігі мемлекеттік органдары үшін терроризмге қарсы комиссияның ақпарттық басымдықтары тізбесінің жобасын жұмыста пайдалану үшін Тізбенің тармақтарының орындалуы

жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ақмола облысы білім басқармасының және облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің 04.10.2018 жылғы №01\5511 шығыс хаты және Ақмола облысы «Ерейментау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы қазан айының 6 күнгі №1284 шығыс хаты негізінде «Мамандықтар әлемін ашамыз» атты облыстық форумның аясында іс-шаралар орындалды. Кәсіптік бағдар беру бойынша үш бағытта жұмыс жүргізілді. Сынып жетекшілер әр сыныпта осы бағытта жұмыс жасады. Белгіленген әр номинация бойынша келесі жұмыстар ерекше көзге түсті. Атап айтар болсам: Кәсіптік бағдар беру бойынша «Ең үздік сценарий» 11-сыныпта өткен «Менің болашақ мамандығым» тақырыбындағы сынып сағаты болды. Сынып жетекшісі Қыздарбекова А.Р. «Ең үздік кәсіптік бағдар беруші» номинациясы бойынша 8-сыныптың сынып жетекшісі Қожахметова Ә.З. «Мамандықтар әлемі» атты фото-слайды таңдап алынды. «Әдістемелік вернисаж» номинациясы бойынша 5-сыныптың сынып жетекшісі Қопабаева Д.И. «Мамандық-өмір таңдауы» әдістемелік жоспары алынды. Жалпы мектеп бойынша осы бағыттағы жұмысқа сынып жетекшілер, оқушылар белсене қатысты.



Күзде болатын қазақтың дәстүрлі мейрамдарының бірі – Мизам мейрамы қарсаңында балалар ұйымының ұйымдастыруымен «Мизам мейрамы» яғни алтын күз мерекесіне байланысты мектеп оқушылары арасында «Ханзада мен Ханшайым» атты байқау өтті. Байқауға 1-9 сынып оқушыларынан бір жұптан қатысты. 1-сынып Махметова Жансұлу - Әсет Әли, 2-сынып Төлеген Жансая- Қанат Альдаир, 3-сынып Амангелді Томина-Ясин Елдос, 4-сынып Серікпай Гүлдана- Ережепов Сағындық, 5-сынып Қайрат Мерей-Жарқын Марғұлан, 6-сынып Байбекова Мадина-Лайық Қайрат, 7-сынып Тұрғынбай Айман-Қажмұрат Аман, 8-сынып Қайролаева Ақбота-Серік Аңсар, 9-сынып Бақыт Еркежан-Ихласов Жалғас бақ сынасты. Әр жұп күзгі киім үлгілерін түрлі материалдардан дайындап, күз байлықтарынан қолдан тағам түрлерін әзірледі, ойындарға қатысты, табиғи материалдардан бұйымдар жасап, ән-билерден өнер көрсетті. Байқау нәтижесінде Серікпай Гүлдана-Ережепов Сағындық, Қайролаева Ақбота – Серік Аңсар жүлделі бірінші орынға ие болса, ең кішкентай Ханшайым мен Ханзада Махметова Жансұлу мен Әсет Әли және 9-сынып түлектері Бақыт Еркежан-Ихласов Жалғас екінші тұғырға көтерілсе, Төлеген Жансая мен Қанат Альдаир, Тұрғынбай Айман- Қажмұрат Аман үшінші орынды иеленді. Байқауға ата-аналар да ат салысты. Әсіресе бастауыш сынып ата-аналары белсенділік танытты. Байқауға келген ата-аналар, ұстаздар көңілді дем алып қайтты. Аудандық «Ереймен» газетіне жарияланды. Қыркүйек-қазан айларында І Республикалық Қазақстандық ХХІ ғасыр ата-анасы «Өз балаңа үлгі бол» атты тақырыппен 1-11 сынып ата-аналарымен конференция өтілді. Бұл конференцияға ата-аналар жүз пайыз қатысты. Мектеп психологі асқарова М.Ж. бала тәрбиесіне байланысты бейнефильм,тренингтер дайындап өткізді. Бала тәрбиесіне байланысты ақыл-кеңестер берді. Ауданға өтілген конференция бойынша күнделікті есеп және хаттамасы жіберіліп отырылды. «Адал ұрпақ» ерікті клубы бойынша құқық мұғалімі Қожахметова Ә.З. «Қоғамдық тәртіп негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салды. «Үлкенді сыйла, кішіге қамқор бол!», «Дара тұлға-дана тұлға», «Тәуелсіздік тұғырым», «Отбасы-бақыт мекені»т.б. тақырыптарда сынып сағаттары өтілді. Үнемі сынып сағаттарын өткізуде жауапкершілікпен қарайтын сынып жетекшілерді атап кетсем: Шайхудинова А.С., Қыздарбекова А.Р., Көкқанат Ж., Тулеубаева Р.А., Қожахметова Ә.З. Ұлттық тәрбие бағытында оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен «Қазақтың халық әндері» байқауы ұйымдастырылды. Бұл шара да жаман болған жоқ. Барлық сыныптарда І тоқсан қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысы өтілді. Ақмола облысының білім басқармасы және «Ерейментау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 19 қарашадағы №1526 хаты негізінде Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы- адам құқығы» атты республикалық онкүндік өткізілді. Онкүндік барысында АӘД жетекшісі Жаниев Қ.Қ. 5-11 сыныптар аарсында «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Әсіресе қазіргі кездегі мұз қату туралы қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті. Информатика пәнінің мұғалімі Тасболат А. «Ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында әлеуметтік желілердегі әртүрлі сайттардың қауіптілігі жөнінде 5-11 сынып оқушыларына айтып түсіндірді. Өз өмірлеріне жауапкершілікпен қараған жөн екенін естеріне сақтауға бағыт берді. Мектеп психологі Асқарова М.Ж. 5-11сыныптардың ата-аналарымен «Отбасындағы зорлық-зомбылық» тақырыбында әңгіме-дәріс жүргізді. Бұл орайда айта кететін жайт: ата-аналарға балаға немқұрайлы қарамай, оларға зорлық-зомбылық яғни әлім жеттілік жасамау керек екендігін айтып өтті. Әр ата-ана өз баласына қамқорлықпен қарап, ер жеткізсе, ертең өскенде олардан да қайырым болатынын ескертіп өтті. Барлық сыныптарда «Бала құқығы- адам құқығы» атты сынып сағаттары өтілді. Сынып жетекшілер әр сыныпқа баланың құқықтары туралы айтып түсініктеме берді. Аға тәлімгер Ристан Е. 1-9 сыныптарда «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында танымдық сағат өткізді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Ж. Сақтағанованың ұйымдастырумен «Бақытты ата-аналардың балалары да бақытты» тақырыбында ата-аналардың қатысуымен халық әндерінен отбасылық сайыс өтілді. Бұл сайысқа ата-аналар балаларымен бірге қуана қатысты. Барлығы да риза болды. Мектеп медбикесі Шемерхан Г. 8-11 сынып қыздары арасында «Қыз болашағы-ел болашағы» атты әңгіме өткізді. Қыз баланың болашақ ана екені айтылды. Өз құқықтарын қорғай білуге түсіндірме әңгімелер айтылды. Жергілікті уәкіл инспекторы Исенов Е.Ж. «Бала. Құқықбұзушылық және жауапкершілік» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен дәріс сабақ жүргізді. Ақмола облысының «Ерейментау ауданының білім бөлімі» КММ-нің 2018 жылғы № 1116 бұйрығы және Ақмола облысы Ерейментау ауданы Әкімінің аппаратының 28.08.2018 жылғы № 07-18\ 1223 шығыс хатының негізінде Терроризмге қарсы орталығының тапсырмасына сәйкес Ерейментау ауданының әкімдігі мемлекеттік органдары үшін терроризмге қарсы комиссияның ақпарттық басымдықтары тізбесінің жобасын жұмыста пайдалану Тізбенің тармақтарының орындалуы жөнінде жұмыстар атқарылды. 2018 жылы қараша айының 7-сі күні аудандық жастардың әлеуметтік сферасы қызметкері Хайыржанов М. 8-11сынып оқушылары арасында теріс пиғылды діни ағымдарға байланысты ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізді. Ақмола облысы білім басқармасы 2018 жылғы 20 қарашадағы №06-02-6720 және Ақмола облысы «Ерейментау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 21 қарашадағы №1546 шығыс хаты негізінде «Сенім 111» телефоны бойынша мектеп оқушылары арасында «Сенім 111» тақырыбында түсініктеме жұмысы өтті. Мектептің жалпы оқушылар линейкасында, сынып сағаттарында слайдтар көрсетіліп қолданылды. Жасөспірімдер мен жастарға арналған «111» сенім телефонының жұмысын таныту, сондай-ақ шұғыл консультативтік, психологиялық, заң көмегін көрсететін сенім телефонына балалар мен жасөспірімдер арасында сенімділік деңгейін жоғарылатуға бағытталған тренингтер, сауалнамалар жұмыстары жүргізілді. Тәуліктік «111» сенім телефоны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының Қазақстан Республикасындағы өкілдігімен және Қазақстан жастар конгресімен ынтымақтастықта 2016 жылы қараша айында құрылған. Осы сенім телефонының жұмыс барысында жеті мыңнан астам балалар мен жастарға шұғыл көмек, оның ішінде 2229 өтініш бойынша психологиялық көмек, 711 өтініш бойынша заң көмегі көрсетілген екен. Балалар мен жастар арасында суицидке ұмтылыстың 111жағдайы, балаларға қатыгездікпен қараудың 42 жағдайы алдын алынған, үлкендер тарапынан сексуалдық зорлық-зомбылққа ұшыраған жеті балаға психологиялық көмек көрсетілген екен. Ұлттық және халықаралық сарапшылардың пікірлері бойынша сенім телефонының балаларға шұғыл психологиялық, құқықтық көмек көрсету жөніндегі жұмысын кеңейтуді және жетілдіруді қажет ететін әмбебап әлеуметтік тетік болып табылады. Осыған орай мектепте Сенім «111» шағын бұрышы жабдықталды. Ақмола облысы білім басқармасының 06.11.2018 жылғы №06-05\6341 және Ақмола облысының «Ерейментау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 08.11.2018 жылғы №1468 шығыс хаты негізінде Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне аудару, қатыгездікке төзбеушілік қарым-қатынастарын қалыптастыру мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқанның өткізілілді. Мектеп оқушылары жалпы әр дүйсенбі сайын өткізілетін линейкада «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық науқанның жоспарымен таныстырылды. Мектеп кітапханашысы Секуова А.Т. «Қатыгездік және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» кітап көрмесін ұйымдастырды. Бұл көрмеге 5-11 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы оқушыларға зорлық-зомбылық және бөгде адамдардың алдап-арбауына ермеу керек екендігін айтып түсіндірді. Өмірден көптеген мысалдар келтіре отырып дәлелдеп айтты. Мектеп психологы Асқарова М.Ж. «Сенім телефоны Көмекті қалай сұрау керек?» тақырыбында 7-11 сынып оқушыларымен дәріс сабақ өткізді. Бұл сабаққа оқушылар белсене қатысты. Өздерінің ой-пікірлерін айтты. Көрнекілік ретінде слайдтар көрсетілді және оқушыларға осындай жағдай болған кезде әсіресе отбасында, тез арада құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне хабарласу керек екендігі түсіндірілді. Мектеп медбикесі Шемерхан Г. 7-11 сынып оқушыларымен «Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстардың алдын алу» атты тақырыпта жасөспірімдер арасында әңгіме өткізді. Әңгіме барысында оқушыларға күш және қысым қандай жағдайда болатындығы туралы айтылды. Оқушылар алған білімдерін толықтырып ойларын ортаға салды. Мектеп психологі Асқарова М.Ж. ата-аналар арасында «Отбасында зорлық-зомбыыққа жол бермейік» семинар тренинг өткізді. Бұл шараға ата-аналар белсене қатысты, өз пікірлерін айтты. Әлеуметтік қатерлі жағдайдағы балалар мен отбасыларды анықтау мақсатында «Жасөспірім», «Түнгі ауылдағы балалар», «Көше» сияқты рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды. Рейд нәтижесінде әлеуметтік қатерлі жағдайдағы балалар анықталмады. Барлық сыныптарда «Зорлық-зомбылық және қатыгездік», «Бақытты отбасы» тақырыптарында сынып сағаттары өтілді. «Ақмола облысы білім басқармасы» ММ-нің 07.12.2018 жылғы шығыс хатының негізінде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бірыңғай сағаттың өткізілді. Мектеп оқушылары арасында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бірыңғай сағат өткізілді. Бірыңғай сағат барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпараттар берілді және сыбайлас жемқорлыққа байланысты суреттер көрсетілді. Мектеп директоры Секуов Ә.Ж. оқушыларға сыбайлас жемқорлық неге әкеп соқтыратынын айтып түсіндірді. Осы сағат барысында оқушылар өз пікірлерін айтты. Мысалы, 11- сынып оқушысы Иманов Досжан: Біздің қазіргі қоғамда пара беру және пара алу көбейіп кетті. Сол себепті біздер жастар ондай жағдайды болдырмауға тырысуымыз керек. Біздер жастар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»- ондай әрекетке бару барып тұрған қылмыс деп есептеймін. Сондықтан біз сыбайлас жемқорлыққа жол бермейміз-деген пікірлер орынды айтылды.

Оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында 8-11 сынып оқушыларымен Ерейментау қаласының №8 Агротехникалық колледжінің ұжымымен кездесу өткізілді. Тұңғыш Президент күні қарсаңында АӘД жетекшісі Жаниев Қ.Қ. ПВ ИЖ -38 атты қаруынан оқушылар арасында мектепішілік жарыс ұйымдастырды. Сондай-ақ АӘД жетекшілерінің облыстық семинарына қатысып, Ерейментау аудандық Қорғаныс істер бөлімінің мадақтамасымен марапатталды. Ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында қабырға газеттері шығарылды. «Тәуелсіздік-тұғырым» атты тақырыпта сынып сағаттары өтілді. 1-сынып оқушыларын «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны өтілді. Мектеп оқушылары әкімшілік ғимаратында өткен мерекелік концертке қатысты. Жетекшісі музыка мұғалімі Жаниев Қ.Қ. Салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында аймақтық спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Жетекшісі дене шынықтыру мұғалімі Имансеитов И.Қ. Екі ұстаз Көкқанат Ж., Сақтағанова Р.Ж. «Жарқын» республикалық ғылыми- ақпараттық, танымдық- тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткен «Менің білім саласындағы баспалдағым» атты эссе жазу байқауына қатысып, І дәрежелі Дипломға ие болды. 3-сынып оқушысы Бақытбек Айым аудандық «Екі жұлдыз» атты әже мен немеренің қатысуымен өткен байқауға қатысып, бас жүлдегер атанды. Бастауыш сынып мұғалімі Қырықбаева Б.О. аудандық «Жаңа форматтағы мұғалім» байқауына қатысып, екінші жүлделі орынға ие болды. 11-сыныптың сынып жетекшісі Қыздарбекова А.Р. жетекшілігімен «Жаңа жылдық жасыл шырша» мерекесі өтілді. Барлық сыныптар белсене қатысты. Қабырға газеттері шығарылды. 1,4,5,7,9 сыныптардың газеттерін ееркше атап өтер едім. Ол газеттер мадақтамамен көтермеленді.

Кітапхананың атқарған жұмысы туралы мәлімет

Қыркүйек айының басынды кітапхананың жұмыс жоспары құрылды және бекітілді. Оқушылар жыл басында оқулықтармен қамтамасыз етілді. Ата-аналар комитеттерімен бірге көпбалалы отбасы, жағдайы төмен оқушылар ең алдымен оқулықтармен қамтамасыз етілді. Конституция күніне арналып кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: балаларға өз құқықтары мен міндеттерін терең білуге шақырады. Қазан айы бойы қарттар күніне арнап, мектеп оқушылары қарттарға көмек көрсетті және мектеп кітапханасында «Қарттарым-асыл қазынам» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ондағы мақсат: кішілер қарияларды сыйлап, оларды құрметтеуге шақыру. Қараша айында ұлттық теңге күніне кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға өз төлтеңгелерінің бағасын түсіндіріп, оны қастерлеуге шақыру. Желтоқсан айында тұңғыш Президент күніне орай «Дара тұлға, дана тұлға» атты көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға тұңғыш Президентімізді құрметтеудің маңыздылығын үйрету. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Елбасының туындыларынан «Елбасы еңбектері сыр шертеді» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Тәуелсіз мемлекеттің қадірін ұғуға шақыру. Желтоқсан құрбандарының ерліктерін дәріптеу мақсатында «Желтоқсан ызғары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Балалар қозғалысы үйлестірушісінің атқарған жұмысы туралы мәлімет
Оқу жылы басында жұмыс жоспары құрылды және бекітілді. Аға тәлімгердің жетекшілігімен «Жас Ұлан, Жас Қыран» ұйымдары жұмыс жүргізеді. Жұмыс әр министрлікке бекітіліп берілген. Барлық оқушылардың мектепке сабаққа келуі қадағаланып отырылды. Тоқсан барысында себепсіз сабақ босатқан оқушылар анықталмады. Ұйымның негізгі мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойына патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге құштарлық, беріктік, Отанына деген сүйіспеншілік «Тәуелсіз елдің» бүгінгі және болашағына жауапкершілікпен қарау

«Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымының төрайымына 9-сынып оқушысы Төкен А. вице президент 8 – сынып оқушысы Қайроллаева А . оқу министріне Бақыт Е. 9-сынып оқушысы , спорт министріне Ихласов Ж. 9 сынып оқушысы, мәдениет министрі Кайролла Е. 8-сынып оқушысы .тазалық министрі Саулебек А 9 –сынып оқушысы «Қыран» жас полиция көмекшісі топ басшысына 8- сынып оқушысы Серік А. Және тимуршылар жасағының басшысы болып Маханбетов И. сайланды . Министрлерге және топ басшыларына өз жоспарларын және міндеттерін таныстырып бекіттірдік.



Қырқүйек айының 2- ші аптасында «Денсаулық күніне орай» спорт министрі Ихласов Ж дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен бірге мектеп оқушылары арасында жарыстар ұйымдастырды. Жоғарғы және орта буын сынып оқушылары арасында арқан тартысы қызықты өтті. «Отбасы күніне» орай 9 – сынып оқушылары арасында «Адамгершілік асыл қасиет»атты дөңгелек үстол пікірталасы өткізілді. Онда 9 – сынып оқушылары «Адамгершілік» жөнінде өз пікірлерін айтып адамгершіліктің ең негізгі бастауы «Отбасы» екенін түсінді. Қыркүйектін 4- ші аптасында 24 –і күні «Байқаңыз жасөспірім» жергілікті уәкіл инспекторымен Ерейментау ауданы УПИ ЖПҚ - ның аға лейтенант Е.Ж.Исенов жоспарға сәйкес 5-11 оқушылармен кездесті . Ол оқушыларға түңгі уақытта бейсауат жүрмеуін болған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке ата-аналары тартылатынын және жол жүру ережелерін анықтап түсіндірді. «Ұстазым менің , ұстазым» мерекесін және ардагар ұстаздарға және мектеп ұстаздарына 11 сынып оқушылары мен бірге «Жас Ұлан», «Жас Қыран»ұйымының белсенділері кездесу ұйымдастырылды . Олар мұғалімдерге арнап өз өнерлерін көрсетті. Апта сайын сыныптардың тазалығы және мектеп формасы дұрыс киінуін тексеріліп отырылды. Қазан айында «Қарттарымызды құрметтейік» айлығына орай жалғыз басты қарттарға , еңбек ардагерлеріне қамқорлық көрсетіле бастады. Тимуршылар жасағы мүшелері: Қарт әжей Тыныштық әжейдің үйіне барып көмектесті, ауылымыздың еңбек ардагарлері Оспанов Т. ата мен Оспанова Р. әжейдің үйіне барып маңайын тазалап берді. Мәдениет министрі Қайролла Ескендірдің басқаруымен қазан айының 17-күні «Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымының мүшелері, белсенділері және министрлер орта буын оқушылар арасында флешмоб өткізілді. Оқушылардың тазалығын, Тазалық министрі Саулебек А . үнемі қадағалап отырды.Спорт министрі Ихласов Ж. оқушылармен және денешынықтыру пәні мұғалімі И.К.Имансеитовпен бірге аумақтық жарыстарға қатысып отырды.«Қыран» жас полиция көмекшісі тобының басшысы Серік А күнделікті оқушылардың сабаққа келгенін тексеріп мәлімдеме беріп отырды. Тимуршылар жасағының топ басшысы Маханбетов И. топ мүшелерімен бірге жақсы жұмыс атқарды. Әр апта сайын мектеп оқушылары кезекшілік міндетін атқарып отырды. «Жас Ұлан» ұйымының төрайымы және министрлер жоспарға сәйкес жұмыс жүргіздік. Мәдениет министрі Кайролла Ескендір, «Қыран» жас полиция көмекшісі тобының басшысы Серік Аңсар және 8 – сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Жастар болашағы нашақорсыз» іс шарасы бойынша орта буын оқушыларына арасында флещ моб өткізді. Қараша айында «Мен және менің полицейім» науқаны аясында Ерейментау ауданы УПИ ЖПҚ – ның капитаны Е.Ж.Исенов мектеп оқушыларымен кездесті . Ол қыс мезгіліне байланысты жол тайғақ болатындығын ескертіп оқушыларды жолда жүру ережелерімен таныстырды . Осы науқанға байланысты 5-6 сыныптар арасында «Сен жол жүру ережесін білесің бе?» атты сайыс өткізілді. 5 –сынып «Сұңқар» тобы 6- сынып «Бүркіт» тобы болып қатысты. Сайыста екі топта жол ережесі туралы жақсы білетіндігін көрсетті. 5- сынып оқушысы Баймен Мади жол ережесі туралы жақсы білетіндігін дәлелдеді. Нәтежесінде 5 – сынып «Сұңкар» тобы алға шықты. Президент күніне орай 5-6 сыныптар арасында «Тапқыр достар» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді. Ондағы мақсаты:
1. Оқушылардың білімділік, шешендік, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
2. Ұжымдық жұмыс жасауға, топтасып ақылдаса білуге, шапшаң шешім қабылдауға машықтандыру . «Тапқыр достар» атты интеллектуалдық сайыста оқушылар «Алғырлар» және «Тапқырлар» тобы болып жарысқа түсті . Сайыс 4 турдан тұрды өте қызықты да тартысты өтті . Президент туралы Тәуелсіздігіміз туралы сұрақтар болды , нәтежесінде 5 – сынып оқушылары «Алғырлар» тобы 1- орынға шықты. Желтоқсан айында ҚР – сы Тәуілсіздік мерекесі қарсаңында 1 – сынып оқушыларын «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны болып өтті . Мақсаты : Өскелең ұрпаққа өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатты рәсімінде әр сыныптың топ басшылары «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының төрайымы Төкен Аяулымға мәлімдеме тапсырды. 1 – сынып оқушылары мектеп оқушылары алдында АНТ қабылдады. «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушылар өз өнерлерін көрсетті. 1 - сынып оқушыларына 9-11 сынып оқушылары көгілдір галустук пен «Жас Қыран» төс белгісін тақты. Салтанатты жиында мектеп диреторы Ә.Ж.Секуов, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Қ. Абыкеева және АӘД жетекшісі Қ.Қ.Жаниев 1 – сынып оқушыларын құттықтап сөз сөйледі. Осылайша «Жас Қыран»ұйымына қабылдау өз мәресіне жетті. - Әр апта сайын жоғарғы сынып оқушылары кезекшілік міндетін атқарып отырды. Мәдениет министрі Қайролла Ескендірдің басқаруымен Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының мүшелері, белсенділері және министрлер орта буын оқушылары арасында флещ моб ұйымдастырды. Тазалық министрі Саулебек А . оқушылардың және сыныптардың тазалығын үнемі тексеріп қадағалап отырды. Спорт министрі Ихласов Ж. оқушылармен және дене шынықтыру мұғалімі И.К.Имансеитовпен бірге мектепте аумақтық жарыстар ұйымдастырды. «Қыран» жас полиция көмекшісі тобының басшысы Серік А күнделікті оқушылардың сабаққа келгенін және тәртібін қадағалап тексеріп мәлімдеме беріп отырды. Мектептің 11 сынып оқушылары «Қош келдідің жаңа жыл - 2019» мектеп оқушыларына, би кештерін ұйымдастырды

Мектеп медбикесінің атқарған жұмысы туралы мәлімет


Жыл басында арнайы жоспар құрылды және бекітілді. Тоқсан барысында оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуы тексеріліп отырылды. Себепсіз сабақ босатқан оқушы болған жоқ. Оқушылардың тазалықтарын бақылап отырды. Ай сайын оқушыларды қышыма, педикулезге қарсы тексеріп отырды. Сары ауру бойынша оқушыларға гигиеналық дәрістер өткізілді. Мектепте жеке бас гигиенасын сақтау бойынша әңгімелер жүргізіліп тұрды. Қыздар онкүндігі қарсаңында қыздарға жыныстық қатынасқа байланысты гигиеналық кеңестер берді. Жергілікті уәкіл инспекторы Исенов Е.Ж. ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу бойынша түсіндірме жұмысын өткізді. Мектепте барлығы 128 оқушы білім алуда және мектеп алды даярлық топта 18, шағын орталықта 3-топ бойынша 45 бала тәрбиленуде. Мектеп бойынша оқушылардың күнделікті (шаш, тырнақ,тері, тазалығы тексеріліп тұрды. Ең бірінші жұмысым асхананың тазалығын және тамақ өнімдерінің дұрыс сақталуын, тамақ мәзірін қадағалау қалай даярланып тұрғанын күнделікті тексеріп, қадағалап отырдым. Ауырып келген оқушыларды қабылдау, оларға алғашқы көмек көрсетіліп, қатты ауырғандарын дәрігерге жібердім және дұрыс емделуін, дәрілерін уақытында алуын қадағаладым. Мектепте барлығы 23 мұғалім, 27 техперсонал жұмыс істейді. Барлығы медициналық тексерістен өткен. Санитарлық кітапшалары жұмыс орнында сақталып тұр. Мектепте санитарлық ағарту жұмыстары үнемі тұрақты өткізіліп тұрды, жоғарғы буын сыныптарға лекция оқылып, бастауыш сыныптарға әңгіме өткізілді, қабырға газеттері шығарылып тұрды. Атап айтсақ мектепте жоғарғы сынып қыздарымен «Болашағыңа- балта шаппа» ал ұлдармен «Біз Болашақтың дені-сау ұрпағымыз » атты тақырыпта жыныстық қатынас туралы ашық әңгіме өткізілді . Осы тоқсанда « Тұмаудан сақтанайық» атты тақырыпта айлық өткізілді , онда алдымен жоспар құрылып, мектеп ішіне санбллютень шығарылды, кабинетте тұмау туралы түрлі плакаттар ілінді. Оқушылардың тұмаудың алдын-алу мақсатында «Салауатты өмір салтын ұстанып дене шынықтыру, дұрыс тамақтану, адам ағзасына пайдалы дәрумендер пайдалану, барлығы сені тұмаудан сақтайды» атты тақырыпта лекция оқылды . Тұмаудың ең қауіпті түрі «Жедел респираторлы вирус» болып табылады атты тақырыпта оқушылардан сынып жетекшілері диктант алды. Мектептегі жоғарғы сынып қыздарымен тазалық туралы (гигиена) дөңгелек үстел өткізілді. Осы айда туберкулез ауруына қарсы Манту сынамасы бірінші сынып оқушыларына берілді , одан он алтысы БЦЖ вакцинін алды , қалған төртеуі вираж болып, Ерейментауға фтизаторға барып назначениясына диаскин тест вакцинін алды. Мектепте желтоқсан айында «Дүниежүзілік Спидпен күресу» күнине орай «Ғасыр індетіне түбегейлі қарсымыз, ол ауруға жол жоқ» атты тақырыпта лекция оқылып қабырға газеттері оқушыларға дұрыс мәліметтер берілді. Мектепте «Тұмауға берілмеңіз» атты оқушыларға әңгіме , санбюллетендермен таныстырылып көптеген сақтандырулар жұмыстары жүргізілді.

Мектеп психологінің атқарған жұмысы туралы мәлімет


Оқу жылының басында барлық жылдық жоспарлар құрастырылып, бекітілді.
Мақсаты: Оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін, тұлғааралығын өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу. Оқушылардың психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу дағдысымен біліктілікті дамыту. Педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмектесу, психологиялық мәдениетін көтеру.Психологиялық қызметтің міндеті
• Өмірге икемді, алдағы атқаратын істерді толық сезе білетін, өмірге көзқарасы қажетті дәреже таныта алатын тұлғаны тәрбиелеу;
• Әрбір оқушыға мақсатты айқын мәдени - өнімдік тұлға болуға әсер ету;
• Әрбір оқушының өз мінез- құлқының мүмкіндіктерін ашуға көмектесу;
• Ұжымда жағымды психологиялық хал- ахуалдың болуына әсер ету;
• Жекелеген ауытқушылықтардың алдын –алу;
• Бәсекеге қабілетті маман даярлауға психологиялық әсер ету.
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі бағыттары 
Психологиялық зерттеу Мақсаты: Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлға аралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу, жан-жақты толық мүмкіндіктерін ашу.
Психологиялық алдын-алу
Мақсаты: Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау, алдын алу шараларын ұйымдастыру.
Психологиялық түзету, дамыту 
Мақсаты: Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуындағы кездескен келеңсіздіктерді теңестіру, түзету жұмыстары, жалпы оқу дағдысы мен біліктілік деңгейін арттыру.
Психологиялық кеңес беру 
Мақсаты: Педагогкикалық үрдіске қатынасушылардың барлығына дамыту, оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестер беру.
Психологиялық ағарту 
Мақсаты: Педагогикалық үрдіске қатынасушылардың психологиялық мәдениетін көтеріп, психологиялық білімге жұмылдыру шаралар ұйымдастыру
Психологиялық диагностика
1 сынып оқушыларының мектепке психологиялық дайындығын анықтау мақсатында психодиагностикалық жұмыс бағыты бойынша «Керн-Йерасик» тесті алынып, нәтижесі шығарылып қорытынды жасалынды. Бастауыш сыныптан орта буынға өткен оқушылардың орта буынға бейімделуін анықтауға байланысты Н.Г. Лусканова тесті алынып, оқушылардың бейімделуі қалыпты жағдайда екендігі анықталынды. 2-4 сынып бойынша оқушылардың таным процесстерін диагностикалау мақсатында тест алынып, оқушылардың есте сақтау, зейін, қабылдау, ойлау, қиял деңгейлері тексеріліп, бланктер толтырылды. 6 – 8 сынып оқушыларымен Филлипстің мектептегі мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында тест жүргізіліп, нәтижесі бойынша оқушылардың қобалжу деңгейі факторлар бойынша жоғары еместігі анықталды. Әр сынып бойынша оқушылардың жеке психологиялық картасы толтырылды.

Оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын, оқушылардың мұғалімдерге деген көзқарасын анықтау мақсатында «Мұғалім оқушы көзімен» анкетасы алынды. Нәтижесінде мұғаліммен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсы деңгейде, оқушының жақсы тәрбие - білім алып, жетілуіне мұғалімнің ықпалы басым екендігі анықталды. 5 сынып оқушыларының қарым-қатынасын анықтау мақсатында «Социометрия» әдістемесі жүргізіліп, сыныпта жалпы психологиялық ахуал жақсы, шеттетілген оқушы болған жоқ.

11-сынып оқушыларынан «Мен ҰБТ-ге барамын!» тест алынды, қортындысы шығарылды. Ата-аналармен жұмыс: Қыркүйек – қазан айларында уақытымен, кезең-кезеңмен ата-аналар конференциясы өткізіліп жүрді, барысында сауалнамалар толтырылып, хаттамалары ауданға дер кезіңде жіберіліп тұрды. 1-сынып ата-аналарына бейімделу жөнінде пайдалы кеңестер айтылды және қағазда басып шығарылған нұсқасы таратылды.

Мектеп оқушыларымен өтпелі кезең дағдарысынан оңтайлы өтулеріне жағдай жасау барысында 7-9 сыныптарда «Жасөспірім шақ-өтпелі кезең» тақырыбында тренинг жүргізілді. Оқу түрткісі деңгейін анықтау, интеллект деңгейін байқау барысында 1-9 сыныптарда IG тестісі алынды. Дарынды балалардың қалыптасуына жағдай жасау мақсатында мектепте өткізілген барлық іс-шараларға қатысып отырдым. 8-11сынып оқушыларымен құқықбұзушылыққа қарсы «Мемлекеттік жастар саясаты», «Сен өз құқығыңды біліесің бе?» тақырыптарында пікірталас өтілді. Оқушыларға рухани- адамгершілік негізінде тәрбие беру мақсатында 1-9 сыныптарда «Адамгершілік- әдептіліктен басталады» атты әңгіме өтті.


Мектеп директоры Секуов Ә.Ж.

Орындаған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтағанова Р.Ж.

Тел.36-3-21

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет