IX ТАРАУ
Ең негізгі нәрсеге көңіл аударыңыз
Мұның алдында сіз 10 мақсатты жазған едіңіз. Енді өзіңізге: «Егер осы
тізімде белгіленген 10 мақсаттың біреуіне ғана жете алатын мүмкіндігім
болса, қайсысын таңдар едім?», «Дәл қазір менің өміріме барынша күшті,
жақсы жағынан әсер ететін не нәрсе?» дегендей сұрақтарды қойыңыз. Міне,
осы сұрақтар ең маңыздылары саналады. Бірде Напалеон Хилл: «Адамның
өмірі өзінің қай мақсаты негізгі және айрықша екенін анықтаған кезде ғана
ұлық болады» дегенді айтқан. Сіз өзіңіз үшін ең маңызды мақсатты
анықтағанда сол арқылы бүкіл өмір бойы не нәрсеге барынша
талпынатыныңызды анықтайсыз.
Өзіңізді қойылған тапсырмаға 100% беріліп жұмыс істеуге үйретіңіз. Сіз
өзіңізден: «Менің тізімімде көрсетілген барлық тапсырмалардың қайсысы
барынша маңызды және бағалы?», «Олардың қайсысы менің өмірімді шын
мәнінде өзгертеді?», «Менің негізгі мақсатыма жетуіме не нәрсенің көбірек
септігі тиеді?» деп сұраңыз. Сөйтіп, сіз нөмірі бірінші тапсырмамен жұмыс
істеуді бастайсыз.
Ақырына жеткенге дейін осы тапсырмамен күні бойы жұмыс істеуге
өзіңізді үйретіңіз. Адамдар: «Ал, егер басқа мәселелер шығып қалса ше,
негізгі тапсырманы уақытша қоя тұруға бола ма?» деп сұрайды. Амал жоқ,
оны уақытша қоя тұруға тура келеді. Бірақ, кейін дереу оған қайтып келуіңіз
керек. Есіңізде болсын, бұл сіздің ең негізгі міндеттемеңіз. Сондықтан,
уақытты жоғалтпаңыз.
Егер сіз өзіңізді үнемі негізгі тапсырмаға қайтып келуге күштеп
отырсаңыз, онда сіз негізгі тапсырманы кейінге қалдырып, міндеттемелердің
бірінен-бірінің артықшылығын өзгертіп, маңызды нәрседен түкке тұрмайтын
нәрсеге ауысып, сосын алдыңғысына қайтып келіп, осылайша, шексіз әрі-
бері қайталаумен өмірі өтетін адамдардан 5-10 есе артық жасай аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |