Брайан Трейси мақсатыма жетемін қалағаныңның бәріне өзің ойлағаннан да тезірек қалай қол



Pdf көрінісі
бет20/24
Дата26.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#105617
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Мақсатыма жетемін
Мақсатыма жетемін, Тұрақты тоқ-Point
ТАРАУ 

 

Мақсатқа жету тәсілі 


 

     Сіздің  негізгі  мақсатыңыз  сіздің  өміріңізді  ретке  келтіруге  мүмкіндік 

беретін орталық нүктесі, қағидасы болады. 

 

     Сіз  10  мақсаттан  тұратын  тізім  құрып,  оның  ең  маңызды  біреуін  таңдап 



алғаннан  кейін  осы  мақсат  сіздің  барлық  қызметіңіздің  бастапқы  нүктесі 

болады.  Осы  мақсат  турасында  сіз  жұмыс  жасап  және  әрдайым  таңертең 

тұрғанда  есіңізге  түсіресіз,  сіз  ол  туралы  күні  бойына  ойланасыз  және 

айтасыз,  кешке  қарай  көз  алдыңызға  елестетесіз,  армандайсыз.  Бұдан  кейін 

сіз  мұның  алдында  айтқанымыздай,  мақсат  қоюға  қатысты  жаттығу 

жасайсыз. Сіз бәрін жазасыз және мақсатыңызды өте дәл, бүге-шігесіне дейін 

нақты етесіз. Сіз жоспар құрасыз, мақсаттың орындалу уақытын, сондай-ақ, 

қажет  болса  екі  арадағы  кезеңді  де  белгілейсіз.  Есіңізде  болсын,  «мүмкін 

емес  мақсат»  деген  түсінік  жоқ.  Тек  мүмкін  емес  мерзім  бар.  Егер  сіздің 

мақсатыңыз  белгілі  бір  мөлшердегі  ақшаны  табу  болса,  оның  мөлшеріне 

уақытша  шек  қойыңыз,  белгіленген  мерзім  аяқталғанда  қажетті  мөлшердегі 

ақша  сіздің  шотыңызда  жату  керек.  Адамдар  кейде:  «Ал,  егер  сіз  оны 

көрсетілген уақыт ішінде таба алмасаңыз не болады?» деп сұрайды. Онда сіз 

басқа  мерзім  қоясыз,  оны  өзгертуге  де  болады.  Кейде  сіз  бір  нәтижеге 

ертерек  қол  жеткізесіз,  кейде  кешігіп  жетесіз.  Сонда  да  болса  өзіңізге  бір 

мерзім белгілеңіз. 

 

     Ең маңызды мақсатқа жету жолында сізге өтуге тура келетін кедергілерді 



анықтау  керек.  Өзіңізден:  «Шын  мәнінде  табысқа  жету  жолында  бөгет 

болып,  артқа  тартып  тұрған  не?»  деп  сұраңыз.  Өз  ішіңізге  үңіліп,  негізгі 

кедергілерді  салыстырыңыз.  Қай  кедергіні  жою  сіздің  кәсібіңізге  барынша 

күшті,  жағымды  әсерін  тигізеді?  Осыдан  кейін  сіз  өзіңізге  қажет  болатын 

және  өзіңізге  басқа  нәрселерден  көбірек  көмегі  тиетін  білім  мен  шеберлікті 

анықтайсыз.  Сізге  қандай  білім  керек  болады?  Қандай  өнерді  үйрену  қажет 

болады? Мақсатыңызға жету үшін сізге қай салада өзіңізді жетілдіру қажет? 

 

     Сосын өзіңізге көмегі, демеушілігі қажет болатын адамдарды анықтайсыз, 



олар  —  бастығыңыз,  отбасыңыз,  тұтынушыларыңыз,  банкирлеріңіз, 

қамтамасыз  етушілеріңіз.  Өзіңіздің  кәсібіңіз  үшін  жасайтын  ең  маңызды 

нәрселердің бірі — жақсы банкирлермен сенімді қарым-қатынас орнату. Бұл 

сіздің іскерлік әрекеттеріңіздің тиімділігіне өте күшті ықпал жасауы мүмкін. 

Сіз  үшін  ең  маңызды  адам  кім?  Кім  сізге  жәрдем  бере  алады?  Кім  сізге 

барынша маңызды және күшті демеу көрсете алады? 

 



 

     Одан  кейін  сіз  жасалуы  қажет  болған,  мысалы,  не  нәрсеге  жетуді 

қалайтыныңызды,  жасау  қажет  болатын  қадамдарыңыздың  бәрінің  тізімін 

жасайсыз.  Қадамдарыңызды  орындалу  кезегіне,  маңыздылығына  қарай 

тәртіппен  жазыңыз,  қадамдарыңызды  көрсететін  басынан  аяғына  дейін 

реттелген  жоспар  жасаңыз.  Жоспар  бойынша  әрекет  етуді  бастаңыз.  Күн 

сайын  сіз  таңертең  тұрғаннан  кейін  ол  күннің  жоспарын  жасайсыз.  Негізгі 

қағида  — өзіңіздің мақсатыңызды іске асыру  үшін  аптадағы  жеті  күннің әр 

күнінде  де  бірдеңе  істеңіз.  Жалғыз  қалған  кезіңізде  өзіңіздің  мақсатыңыз 

туралы  ойлаңыз.  Таңертең  тұрған  кезде,  кешке  жатар  кезде  де  өзіңіздің 

мақсатыңызды  ойлаңыз.  Аптаның  жеті  күнінде  де  мақсатыңызға  жетуге 

жақындататын  бір  нәрсе  жасаңыз,  тіпті,  ол  кітап  оқу  не  бір  ақпарат  алу 

немесе  телефон  соғу  болса  да,  тіпті,  жолдан  өту  болса  да  әр  күн  сайын 

бірдеңе істеуіңіз керек. 

 

     Табысқа  жетудің  әмбебап  қағидасы  бар,  «қозғаушы  күш»  немесе 



«мақсаттың қозғаушы күші» деген қағида. Осы қағида бойынша қозғалысты 

бастау,  бірінші  қадам  жасау  өте  қиын.  Сонда  да  болса  сіз  бастап  қойған 

болсаңыз, онда қозғалысты әрі қарай жалғастыру көп жеңілірек болады. 

 

     Мысалы,  сізге  жаңа  мақсатпен  жұмыс  істеуді  бастау  үшін  10  бірлік  қуат 



және тәуекелшілік қажет болуы мүмкін. Ал, мақсатқа қарай қозғалуды бастап 

қойғаннан  кейін  әрі  қарай  жалғастыру  үшін  1  бірлік  қуат  жеткілікті.  Міне, 

неге біз әр күн сайын бірдеңе жасап отыру керек дейміз. Әрдайым қозғалыс 

үстінде бол, өзіңнің қозғаушы күшіңді жетілдір. Сонда ғана сіз бәрін тезірек 

бастай аласыз және мақсатқа қарай тезірек қозғаласыз, ал, сіздің мақсатыңыз 

сіз жаққа қарай тезірек қозғалатын болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет