Мен сізге бір жаттығу бергім келеді. Ол өте қарапайым және жылдам
әдіс. Оны бүгін, тіпті, қазір осы бетті оқып біте салысымен қолданып
көруіңізге болады.
Өзіңізге: «Бүгінгі күнгі менің ең маңызды үш мақсатым қандай?» деп,
сұрақ қойыңыз да, оған тез арада, 30 секундтың ішінде жауабыңызды
жазыңыз. Бұл жаттығуды өзіңіздің жұбайыңызға, балаларыңызға ұсынып
көріңіз.
Біз егер адамның ойлануына 30-ақ секунд берілсе, оның жауабы 30 минут
не 3 сағат ойланған адамның жауабымен бірдей болатынын байқадық. Егер
сіз мақсатыңызды қысқаша тұжырымдағыңыз келсе, онда сұрақты
былайша қоюға болады: «Мансап пен пайданы өсіру тұрғысынан менің ең
маңызды үш мақсатым қайсы?», «Менің ең маңызды отбасылық үш
мақсатым қандай?», «Менің денсаулыққа байланысты ең маңызды үш
мақсатым қандай?», «Менің қаржыға байланысты ең маңызды үш
мақсатым қандай?». Өзіңіздің жауаптарыңызды, мақсаттарыңызды
жазыңыз. Сіз өзіңіздің мақсаттарыңыздың, шынайы мақсаттарыңыздың
көрінісін шұғыл түрде суретке түсіріп алғандай боласыз. Адамдардың
көпшілігі мақсат туралы айтқан өздерінің жауаптарына ерекше
таңырқайды. Бір әйел менің семинарыма келіп, көзіне жас алып айтқаны:
«Мені ақша алаңдатпайды, мені тек адамдар ғана қызықтырады, мені өмір
қызықтырады, маған сүйіспеншілік маңызды, маған маңыздысы — бақыт.
Мені ақша мүлде қызықтырмайды». Сосын мен ол әйелге және басқа да
қатысушыларға мақсат қоюға байланысты жаттығу ұсындым. Ол әйел
маған үзіліс кезінде жолығып: «сіздің әрбір қойған сұрағыңызға мен: «ақша,
ақша, ақша» деп жауап бердім. Мен өзімді алдаған екенмін. Мен енді ғана
түсіндім. Менде жетілікті ақша болған кезде ғана мен өзімнің қалағанымды
орындауға қол жеткізе аламын. Маған қаражат мәселесіне қатысты
шындап ойлану қажет екен, тек солай ғана мен өз өмірімді өзгерте алады
екенмін» деді.
Сіз бұл жаттығуды орындадыңыз, енді сіз өміріңіздің әр саласының
төңірегінде нені қалайтыныңызды дәл және анық елестете аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: