Брайан Трейси мақсатыма жетемін қалағаныңның бәріне өзің ойлағаннан да тезірек қалай қол



Pdf көрінісі
бет3/24
Дата26.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#105617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Мақсатыма жетемін
Мақсатыма жетемін, Тұрақты тоқ-Point
Мен өз өмірімді өзгерттім 

 

     Мысалы  үшін,  сіздерге  өзім  жайында  айтып  берейін.  Шынымды  айтсам, 



жоғары  оқу  орны  тұрмақ,  тіпті,  орта  мектепті  де  бітірген  емеспін.  Орта 

мектеп  бағдарламасының  жартысын  ғана  оқыдым,  негізгі  пәндерден  нашар 

бағалар  алдым.  Сөйтіп  жүріп,  мектепті  мүлдем  тастадым. Тапқан  жұмысым 

—  шағын  қонақ  үйдің  асханасының  ыдыс-аяғын  жуу  болды.  Одан  шығып 

қалғанымда,  көлік  жуушы  болып  орналастым.  Бұдан  айрылғанымда, 

офистердің едендерін жуып жүрдім. Менің маңдайыма жазылғаны тек «жуу» 

екен деп ойладым, болашақта да жасайтын жұмыстарым жуумен байланысты 

болатын шығар деп болжадым. Былайша айтқанда, жастық кезімдегі «жолым 

болмай қалды» деген сөз бір орыннан тағы бір орынға ауысқанымды амалсыз 

ақтау  үшін  айтылған  сылтау  еді.  Шын  мәнінде,  бұл  өзіңді  әр  салада 

сынайтын  уақыт  екен.  Мені  талай  мәрте  жұмыстан  қуды,  бір  орыннан  бір 

орынға  көшіп  жүрдім.  Жан  қалтамда  бір  тиын  да  қалмайтын  кездер 

кездесетін.  18-ге  толғанымда  үйден  қуылдым,  осыдан  кейін  ата-анамды  он 

жыл бойына көрмедім. 

 

     Менің  автокөлігім  үйім  де  болды,  қысы-жазы  сонда  ұйықтадым.  Ол  ескі 



болғандықтан, үнемі бұзылып қала беретін, жүргісі келмейтін. Сондықтан да, 

жанымнан  түрлі  құрал-жабдықтарды  тастамай  алып  жүретінмін,  бұзылып 

қалса, жөндеуге кірісіп кетемін. Жолдың жиегінде, саусап тұрған көлігімнің 

астында  май-май  қалпыммен  талай  жаттым.  Анда-санда  жүріп-тұру  үшін 

маған  оның  әртүрлі  детальдарын,  қосалқы  бөлшектерін  ауыстырып, 

қатайтқыштарын, қосылған жерлерін қатырып отыруға тура келетін. 

 



     Осылайша, бір жұмыста тұрақтамауымның арқасында, көп нәрсені көрдім. 

Құрылыста да істедім, жүк те тасыдым. Фабрикада  болт, гайка да бұрадым, 

жүк кемесіне теңізші болып Солтүстік Атлантикаға дейін бардым. 23 жасқа 

толғанымда  егіншілік  шаруаны  да  көрдім.  Сарайда  ұйықтап,  егіншілердің 

отбасымен  бірге  тамақтандым,  ерте  күзге  дейін  жақсы  егін  жинау  үшін 

таңның атысы, кештің батысы дем алмастан жұмыс істедім. Білімім де жоқ, 

мамандық  алған  емеспін,  ел  тамсанатын  өнерім  де  жоқ,  егіншілік  маусымы 

аяқталған соң, тағы екі қолға жұмыс таппай қалатынмын. 

 

     Бәрінен  көңілім  қалып,  үмітім  мен  жоспарларымның  быт-шыты  шыққан 



бір кезде 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет