Брайан Трейси мақсатыма жетемін қалағаныңның бәріне өзің ойлағаннан да тезірек қалай қол



Pdf көрінісі
бет6/24
Дата26.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#105617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Мақсатыма жетемін
Мақсатыма жетемін, Тұрақты тоқ-Point
төрт  саласы

 

бар. 



Бірінші  сала

  —  табыстармен  байланысты.  Мен  білетін



 

табысты 


адамдардың бәрінде де әр жылға арналған қаржы жоспары

 

бар, олар бір жыл 

ішінде  табатын  табыстардың  нақты  санын  біледі.

 

Бұл  жоспар  мұқият 

жасалғаны  сондай,  тіпті,  қанша  адам,  айына,  аптасына  қанша,  тіпті,  күн 

сайын қанша табыс табатынына дейін



 

көрсетілген.



 

 



     Табыскер  адам  содан  соң  не  істейді?  Ол  ең  алдымен,  ай  сайын,  апта 

сайын,  күн  сайын  қажетті  қаражатты  табу  үшін  күнделікті  істейтін 

міндеттерін  анықтап  алады.  Ол  өзінің  қаржылық  мақсаттарына  жету  үшін 

қойылған  міндеттемелермен,  күн  сайын  таңертең  төсектен  тұрысымен-ақ, 

жұмыс  істей  бастайды.  Табыскер  адамдар  бір  апта,  бір  жыл  өткеннен  кейін 

қорытынды  жасайды  және  өздерінің  мақсаттарынан  асып  түскендерін 

байқайды.  Олар  тіпті,  жоспарланғаннан  да  артық  жасағанына  көз  жеткізіп 

жатады. Таныстары: «Достым, өткен жылы шынымен де сенің жолың болды» 

дегенді айтады. Дегенмен, жолы болу деген сөз — бұл жерге 

келіңкіремейді. Неге? 

 

     Елестетіп  көріңізші,  мен  сізге  өте  қымбат  автокөлік  сыйға  тарттым.  Еш 



жерінде  ақауы  жоқ,  кілтін,  жол  картасын  бердім,  дәл  қай  жерге  бару 

керектігін айттым, тіпті, мүмкін пайдалы техникалық қолдау да көрсетермін. 

Сосын тұрып: «Сол жаққа бар да, сыйлығыңды ал» дедім. Әрине, сіз көлікке 

отырасыз  да,  GPS  жүйесінің  көмегімен  барасыз,  сосын  келісілген  жерден 

сыйлығыңызды  аласыз.  Мұны  ешкім  де  жолы  болғандық  деп  айтпайды. 

Солай емес пе? Себебі, сіздің істегеніңіз тек жоспарланған әрекетті орындау 

ғана. 

 

     



Негізгі  ереже:

  Алдыңа  мақсат  қою  және  қандай  жетістікке  жетуді 

қалайтыныңды  көз  алдыңа  келтіру.  Осы  жылы  өзіңнің  қалаған 

мақсаттарыңның  қандай  болғанын  қаласаң,  сондай  етіп  елестету,  олар  екі 

жылдан кейін, бес жылдан кейін, он жылдан кейін қандай болатынын да көз 

алдыңа  келтіру.  Өзіңізден  сұрауды  ұмытпаңыз:  Қанша  табыс  тапқыңыз 

келеді?  Сонша  табысты  табу  үшін  осы  жылы  нені  үйренуіңіз  керек,  қай 

нәрседе  шеберлігіңізді  шыңдауыңыз  және  жетілдіруіңіз  қажет.  Бір  жылдан 

кейін ше, екі, үш, төрт, бес жылдан соң ше? 

 

     Айналаңызға  қарап,  сосын  өзіңізден  сұраңыз:  Дәл  менің  тапқанымдай 



ақшаны  тағы  кім  тауып  жатыр?  Ол  адам  менің  істегенімнен  басқа  тағы  не 

істеуде? Және есте сақтаңыз, сізден артық 

ақылдырақ,  сізден  икемдірек  ешкім  де  жоқ.  Егер  біреу  сізден  де  көбірек 

табыс  табатын  болса,  оның  себебі,  мұның  қалай  жасалу  керектігін  сізден 

бұрын  түсінгендігінде  ғана.  Ол  бұл  сұрақтарға  жай  ғана  жауап  іздеп  көрді, 

адамдардан  сұрап  білді,  кітап  оқыды,  курстарға  қатысты  немесе  радио 

тыңдады.  Табыскер  адамдар  өз  уақытында  мақсаттарына  жету  үшін  нені 

үйрену  қажет  болса,  соны  үйренді.  Жүздеген  адам  жасай  алған  нәрсе 




әлдебіреулердің  қолынан  келді,  сол  сияқты  ол  сіздің  де  қолыңыздан  келеді. 

Ешкім де сізден артық немесе ақылды, не болмаса, икемдірек емес. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет