БАП. ТАПСЫРЫСШЫНЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Тапсырысшы тиісті түрде көрсетілген Қызметтер ақысын уақтылы төлеуге, Орындаушыға оның иелігіндегі қажетті ақпаратты жедел беру бөлігінде Қызметтерді көрсетуде жәрдемдесуге міндеттенеді.
Қызметтерді қабылдау
Тапсырысшы, Орындаушының Шартпен белгіленген Қызметтерді орындауына қарай және Қызметтердің бүкіл көлемі аяқталған соң, Орындаушыға ескертулері болмаған ретте, одан әрі пайдалану үшін толық жарамды Қызметтердің нәтижелерін қабылдауға және Шартпен көзделген тәртіппен тиісті түрде төлеуге міндетті.
Жеткізуше ескертулерді ресімдеу.
Орындаушыға Қызметтердің орындалу ережелері мен сапасына ескертулері болған жағдайда, Тапсырысшы өз ескертулерін осы Шарттың қолданылатын ережелеріне сәйкес жазбаша түрде ресімдеуге міндетті.
Тапсырысшының құқықтары.
Көрсетілген Қызметтерден бас тарту.
Орындаушы өз міндеттерін бұзған жағдайда, соның ішінде көрсетілген Қызметтердің мерзімдеріне, сапасына және нәтижелеріне ескертулері болған жағдайда, Тапсырысшы көрсетілген Қызметтерді қабылдаудан кез келген сәтте бас тартуға және Орындаушыдан кемшіліктерді Орындаушының өз қаражаты есебінен жоюды талап етуге құқылы.
Қызметтерді көрсетудің барысын бақылау.
Тапсырысшының көрсетілетін Қызметтердің жүргізілу барысына және сапасына, сондай-ақ оларды орындау мерзімдерінің сақталуына бақылауды және қадағалауды кез келген уақытта жүзеге асыруға сөзсіз және шектеусіз құқығы бар.
Құжаттарды және ақпаратты сұрату және пайдалану.
Осы Шарттың керісіншені баяндайтын кез келген ережелеріне қарамастан, Тапсырысшының Жеткізушіден кез келген құжаттарды, есептерді және Қызметтерді көрсету барысында немесе нәтижесінде алынған өзге де материалдарды сұратуға және алуға, және олардағы мәліметтерді өз қызметінде еркін пайдалануға, сондай-ақ өз қалауы оларды үшінші тұлғаларға беруге құқығы бар.
Цессия.
Тапсырысшы Орындаушының келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін жалпы немесе бір бөлігінде өзгеге беруге не өзге түрде иелік етуге құқылы. Мұндай өзгеге беру немесе өзгеше иелік ету Тапсырысшының дербес қарауы бойынша үшінші тұлғаға қатысты жасалуы мүмкін. Орындаушы аталған әрекеттерді Тапсырысшының жазбаша келісімінсіз жүзеге асыруға құқылы емес.
Үшінші тұлғалармен жасалатын Шарттар.
Осы Шарттың керісіншені баяндайтын кез келген ережелеріне қарамастан, Тапсырысшы Қызметтердің жекелеген түрлерін орындауға үшінші тұлғалармен шарттар жасасуға құқылы.
Орындаушы осы Шартқа сәйкес және онда көрсетілген көлемде ресімделген құжаттарды (шот-фактураларды, Көрсетілген Қызметтерді қабылдау-тапсыру актісін) ұсынбаған жағдайда, Тапсырысшы төлемақыны төлемеуге құқылы.
Мұндай жағдайда Тапсырысшы тарапынан төлемақының болмауы осы Шарт бойынша уақытылы төлемақы жүргізу міндеттемесін орындауды кешіктіру болып саналмайды, сонымен қатар бұл сомаға міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін қандай да бір айыппұл санкциялары салынбайды.
9.4.7. Тапсырысшы Орындаушыдан Қызметтердің бөлігін орындадуды талап етуге құқылы, ал Орындаушы Тапсырысшының бірінші талабымен талап етілген Қызметтің бөлігін осы Шартпен көзделген төлемақыға барабар мөлшерде көрсетуге міндетті.
9.4.8. Орындаушымен осы Шартта көзделген өз міндеттемелері орындалмаған жағдайда, Тапсырысшы шарт, соның ішінде төлем жасау бойынша міндеттемелерін бір жақты тәртіппен ішінара немесе толықтай тоқтата тұруға құқылы.
9.4.9. Егер осы Шарт шеңберінде өзгеше көрсетілмесе, Тапсырысшы Орындаушыға Шартты тоқтата тұру / бұзу күнінен 10 (он) күн бұрын жазбаша Хабарлама жіберіп, Қызметтерді көрсетуді басталатын күнге дейін, сондай-ақ Қызметтерді көрсету кезінде кез келген уақытта Қызметтерді көрсетуді бір жақты тәртіппен тоқтата тұру немесе Шартты бұзу құқығын өзінде қалдырады. Орындаушы сондай тоқтата тұру немесе бұзу күніне дейін аяқталған немесе қол қойылған Тапсырыс-жүктелімге сәйкес көрсетіліп жатқан Қызметтер сомасы мөлшерінде төлем алуға және Орындаушы көтерген, құжаттамамен расталған нақты шығындардың өтелуіне құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |