Егер Тапсырысшының Қызметтерді қабылдауы кезінде, сондай-ақ оларды көрсету барысында кез келген уақытта Тапсырысшыда көрсетілген және/немесе көрсетілетін Қызметтерге ескертулері туындаса, Орындаушы осындай ескертулерді Тапсырысшы белгілеген мерзімде өз қаражаты есебінен жоюға міндетті.
Қызметтерді көрсету кезінде Орындаушы өзі тартқан жұмыскерлерінің қауіпсіздік ережелерін және еңбекті қорғау ережелерін, экологиялық және басқа да талаптарды орындауы үшін, сондай-ақ жоғарыда аталған ережелерді заңнамамен көзделген жауапкершілік тудыратын барлық және кез келген бұзу үшін жауапты болады.
Ақпаратты сақтау
Шарттың қолданылуы аяқталған соң, 3 (үш) жыл ішінде Орындаушы осы Шартқа сәйкес көрсетілген Қызметтер туралы тиісті жазбалар мен есептерді сақтауға және Тапсырысшыға кез келген уақытта осы Шарт бойынша Орындаушының қызметі туралы аталған жазбалар мен есептерді тексеру мүмкіндігін беруге міндетті.