Бұрғылау қондырғысын жайғастыру бойынша тәуелсіз супервайзердің қызметтері шарт №



бет19/85
Дата12.10.2020
өлшемі221,63 Kb.
#68335
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85

16 БАП.ФОРС-МАЖОР





  1. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау Тараптар болжай алмаған және алдын ала алмаған және Шарттың талаптарын орындауға тікелей ықпал еткен еңсерілмейтін күш жағдаяттары (форс-мажор жағдаяттары) салдарынан болған жағдайда, жауапкершілік атқармайды. Сондай жағдаяттарға, бірақ олармен шектелмей, жер сілкінісі, су тасқыны, соғыс қимылдары, ереуілдер, індеттер, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың тыйым салу актілері және т.с.с. жатады.



  1. Форс-мажор жағдаяттарының әсеріне ұшыраған Тараптың Шарт бойынша екінші жақтың қосымша қаржыландыруынсыз міндеттемелерді орындау мерзімі осындай жағдаяттардың әрекет ету кезеңіне ұзартылады. Форс-мажор жағдаяттары салдарынан Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға шамасы жоқ Тарап екінші Тарапты сондай жағдаяттар туындаған күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар етуге және жалпыға белгілі сипатқа ие болған жағдайларды қоспағанда, тиісті уәкілетті ұйыммен берілген растаушы құжатты ұсынуға тиіс.


  1. Форс-мажор жағдаяттары салдарынан Шарт бойынша міндеттемелерін орындай алмаған Тарап Шарттың ережелерін ескеріп, осы орындамауды мейлінше тез арада өтеуге барлық күш-жігерін салады.


Көрсетілген жағдаяттардың әрекет етуі тоқтатылған соң, Тарап екінші Тарапты сол туралы дереу Хабарлама жіберіп, хабардар етуге тиіс. Бұл кезде Тарап осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудың болжамды мерзімін көрсетуге тиіс.


  1. Форс-мажор жағдаяттарына мынадай оқиғалар жатпайды:

  1. Орындаушының және/немесе оның Қосалқы мердігерлерінің Персоналы үшін тыйым салынған не Орындаушының және/немесе оның қосалқы мердігерлерінің іс-қимылдары нәтижесі болып табылатын ереуілдер немесе кедергі келтіретін, тежейтін, не болмаса қирататын жүріс-тұрыстар немесе жұмысшылардың толқулары.

  2. Орындаушының және/немесе оның Қосалқы мердігерлері пайдаланатын техниканың, бағдарламалық жасақтаманың сынуы немесе болмауы.

  3. Орындаушының Қызметтерді көрсетуін шектейтін басқа тараптар алдындағы Орындаушының міндеттемелері;

  4. Орындаушының және/немесе оның Қосалқы мердігерлерінің немесе олардың Қызметкерлерінің өзінің міндеттерін тиісінше орындамауы;




  1. Қаржы қорларының, қолданыстағы сертификаттарының немесе кез келген басқа құжаттардың, рұқсаттардың және лицензиялардың болмауы;

  2. егер өздігінен алғанда форс-мажор жағдаяты болып табылатын оқиғалардың немесе жағдаяттардың салдары болмаса, нарықта жұмыс күшінің, материалдардың, жабдықтардың немесе Қызметтердің болмауы.




  1. ҚР заңнамасына міндеттемелердің орындалмауына тікелей ықпал ететін өзгерістердің енгізілуі;

  2. Жер қойнауын пайдалану келісімшартын тоқтата тұруға немесе тоқтатуға себепші болатын іс-әрекеттер немесе оқиғалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет