Шартты Қызметтерді көрсету басталатын Күнге дейін мерзімінен бұрын бұзу Тапсырысшы 3.1-тармақта айқындалған Қызметтерді көрсету басталатын күнге дейін осы Шартты Орындаушыға Шартты бір жақты тәртіппен бұзу күніне дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын Хабарлама жолдау арқылы бұзуға құқылы, бұл ретте Тапсырысшы тарапынан қандай да бір төлемақы болмайды.
Шартты Тараптардың келісімі бойынша бұзу. Егер осы Шарттың 3.1-тармағымен айқындалған Қызметтерді көрсету басталатын күні Тараптардың бірі немесе екеуі де өзінің Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға дайын болмаса, Тараптар Қызметтерді көрсетуді басталатын күнін жазбаша түрде жаңадан келісуге немесе өзара келісіммен Шартты бұзуға құқылы болады. Бұл ретте Тараптар бір-бірін міндеттемелерді орындамағаны және Тараптардың әрқайсысының қаржылық жоғалтулары үшін жауапкершіліктен босатады.
Тапсырысшы Шартты қызметтерді көрсету кезеңінде мынандай жағдайларда мерзімінен бұрын бұза алады:
Орындаушы банкрот болған жағдайда немесе өз мүлкіне меншік құқығын кредиторлар пайдасына бергенде, немесе оны банкрот деп жариялағанда, немесе ол борыштарды мерзімінде жалпы өтеуге қатысты жеке дәрменсіздігін жазбаша түрде мойындаса; Орындаушы кез келген елдің заңдарына сәйкес борыштарды өтеуден босату немесе Орындаушының төрелік басқарушысын, сенімді басқарушысын, конкурстық басқарушысын немесе таратушысын тағайындау жөнінде іс қозғалса; не Орындаушы өзін ерікті түрде банкрот деп жариялағанда, немесе қайта құрылғанда, немесе Орындаушыны сот тәртібімен банкрот деп жариялағанда; Орындаушының жабдығына тыйым салынғанда және осындай жабдықты кейін дереу босатусыз ауыртпалық салудың немесе шектеудің өзге шаралары қабылданғанда; не Орындаушыға оның тұрақты орналасқан жеріндегі елдің заңдарына сәйкес кез келген талап-арыз қойылғанда, не Орындаушының жабдығы толық немесе ішінара сатылғанда немесе оған меншік құқығы өзгеге берілгенде, немесе Орындаушының штат саны қысқарғанда, және/немесе Орындаушының осы шартқа сәйкес өзінің міндеттемелерін орындау қабілетін едәуір қиындататын өзге іс-қимылдар жағдайында; Тапсырысшы орындалып үлгерген және Қабылдау-тапсыру актісі бойынша қабылданған Қызметтерді төлеуге міндетті емес, ал бұрын төленген барлық сомалар пайыздар, өтемақылар немесе өзге мүдделер есептелмей, Тапсырысшыға қайтарылуға тиіс. Бұл ретте Орындаушы Тапсырысшыға Шарт бағасының 5 (бес) % мөлшерінде айыппұл түрінде өтемақы төлейді;
Осы Шарт бойынша Қызметтерді көрсетуді форс-мажор жағдаяттары себепті қатарынан 15 (он бес) күнтізбелік күн мерзімге тоқтата тұрған жағдайда, Орындаушы Тапсырысшыға нақты көрсетілген Қызметтер көлемінде барлық құжатаманы ұсынады, бұрын төленген сомалар ескеріліп, Орындаушыға Шарт бұзылған күнгі жағдай бойынша көрсетілген Қызметтердің ақысы төленеді;
Егер Орындаушы кемшіліктерді жоюға қабілетті болмаса немесе оларды жоюдан немесе оларды жою жұмыстарын бастап, Тапсырысшы көрсеткен Қызметтерді орынадауды жалғастырудан бас тартса, Орындаушы осы туралы Хабарламаны алған соң 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Орындаушы Тапсырысшыға Қызметтер құнының жалпы сомасының 20 (жиырма) % мөлшерінде айыппұл түрінде өтемақы төлейді;
Патенттік немесе өзге де ұқсас құқықты бұзу туралы талап-арыз бойынша кез келген заң талқысында Орындаушыға қарсы сот тексерісі қозғалу салдарынан Орындаушы 10 (он) сабақтас күнтізбелік күн ішінде Қызметтерді көрсеткен жағдайда;
Егер Орындаушы осы Шарттың ережелерін бұзған жағдайда;
Орындаушыға алдын ала, кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын Шартты одан әрі орындаудың орынды еместігіне байланысты Шарттың қолданылуын бір жақты тәртіппен бұзу туралы Хабарлама жіберілген жағдайда. Хабарламада күші жойылатын міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Тапсырысшы Шартты бұзатын күн көрсетілуге тиіс. Бұл ретте осы Шарттың 10.2-бабына сәйкес төлемдер сатысы шеңберіндегі қызметтер көлемі орындалған жағдайда, бұрын жасалған төлемдер ескеріліп, Орындаушыға Шарт бұзылған күнгі жағдай бойынша орындалған Қызметтердің ақысы төленеді.