22.1 Орындаушы Тапсырысшыға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №87 бұйрығымен бекітілген Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы кезінде бірыңғай есеп айырысу әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес есептелген Қызметтердегі жергілікті қамтудың үлесі туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.
22.2 Қызметтердегі жергілікті қамтудың үлесі бойынша міндеттеме _____ (_______)% құрайды;
22.3 Орындаушы Әдістемеге сәйкес формула бойынша есептеуі көрсетілген Қызметтердегі жергілікті қамтудың нақты пайыздық көрсеткішін шот-фактурамен және көрсетілген қызметтер актісімен бірге ұсынуға міндетті. Жергілікті қамту бойынша есептілікті ұсынбаған жағдайда Тапсырысшы актіге қол қоюдан және төлем жасаудан бас тартуға құқылы, бұл ретте осындай бас тарту Тапсырысшының Заңнамамен және осы Шартпен көзделген жауапкершілігін тудырмайды.
22.4. Орындаушы жергілікті қамту үлесі бойынша міндеттемені орындамағаны, жергілікті қамту бойынша есептілікті уақытылы ұсынбағаны және жалған есептілік ұсынғаны үшін осы шарттың жалпы құнының 5 (бес) %, сонымен қатар жергілікті қамтудың орындалмаған әрбір 1 (бір) % пайызы үшін 0,15%, бірақ осы шарттың жалпы құнының 15(он бес) %-ынан аспайтын көлеміндегі айыппұл түрінде жауапкершілік көтереді.
22.5. Тапсырысшы Орындаушымен ұсынылған мәліметтерді сұратуларды тікелей Орындаушыға, басқа ұйымдар мен мекемелерге жіберу жолымен, сондай-ақ, Орындаушы кеңсесіне барып жүргізілетін аудиттерді жүргізу арқылы тексеруді жүргізуге құқылы.
22.6. . Орындаушы көрсетілетін Қызметтердегі жергілікті қамту үлесі туралы жалған ақпарат берген жағдайда, Тапсырысшы Шартты орындаудан біржақты тәртіпте бас тартуға және шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Бұл ретте әрі қарай Шарттың орындалмаған шарттық міндеттемелері Орындаушы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап тоқтатылды деп саналады, ал хабарлама алған сәтке дейін орындалған міндеттемелер бойынша өзара есеп айырысуға қатысты Шарт өзара есеп айырысуды аяқтағанша әрекет етеді.
22.7. Тапсырысшы жергілікті қамтуға қатысты міндеттемелерді орындамағаны үшін Орындаушы тарапынан қандай да бір санкцияларсыз, айыппұлдарсыз, Орындаушыны 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын ескертіп, көрсетілген қызметтердің нақты көлемі үшін төлемақы төлеп, Шартты бұзуға құқылы .
22.8. Осы шарт бойынша міндеттемелерін орындау барысында Орындаушы қосалқы Орындаушылық жұмыстарды атқаратын Қазақстандық персоналды қоса алғанда, тартылған шетелдік жұмыскерлерге қатысты Қазақстандық персоналға тең тәжірибе, біліктілік, лауазым, тапсырмалар мен міндеттер үшін тең еңбек жағдайлары мен еңбек төлемін қамтамасыз етуі тиіс.
23 БАП. САҚТАНДЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН
ТАЛАПТАР
23.1. Орындаушы өзінің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес барлық тәуекелдерінің және жауапкершіліктерінің сақтандырылуын қамтамасыз етеді және олардың Шарт міндеттемелерін орындаудың бүкіл мерзімінде (немесе Орындаушының негізделген нұсқауларына сәйкес басқа кезеңде) толық күшінде болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ қосымша сақтандырылған тұлғалар ретінде Тапсырысшыны және Жер қойнауын пайдаланушыны қамтамасыз етеді. Осы 18-баптың ережелеріне сәйкес талап етілетін барлық сақтандыру Шарттарында сақтандырушылардың кері талаптарға қатысты кез келген құқықтардан, соның ішінде, атап айтқанда, Тапсырысшыға және Жер қойнауын пайдаланушыға қарсы кері талап қою құқықтарынан осы Шарт бойынша Орындаушы қабылдаған міндеттемелер Көлемінде бас тартуы туралы ережелер болуға тиіс. Мүмкін болған кезде, аталған сақтандыру шарттарында олар жойылған немесе Орындаушының сақтандыру өтеміне елеулі өзгерістер енгізілген жағдайда, осыдан 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын хабарлама жіберілуге тиіс екендігі туралы ереже болуға тиіс. Осы 18-баптың ережелері ешқандай шамада Орындаушының Шарт бойынша жауапкершілігін шектемейді.