Бұрғылау қондырғысын жайғастыру бойынша тәуелсіз супервайзердің қызметтері шарт №


БАП. ДЕНСАУЛЫҚТЫ, ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ



бет28/85
Дата12.10.2020
өлшемі221,63 Kb.
#68335
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85
25 БАП. ДЕНСАУЛЫҚТЫ, ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
25.1. Осы бап Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және қатыстырылатын мердігерлік ұйымдармен осы Шарттың негізгі талаптарын орындау барысында туындайтын және адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға, Тапсырысшының және/немесе үшінші тұлғалардың мүлкіне қауіпті факторлар және тәуекелдерді сәйкестендіру, жою және бақылау бойынша іс-әрекеттердің тәртібін айқындау үшін арналған.

25.2. Тапсырысшы өндірістік міндеттерді жоспарлаған және жүзеге асырған кезде ДЕҚОҚ мәселелеріне жауапты болады және соған ерекше көңіл бөледі.Осыған байланысты қатыстырылатын мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдарға бірқатар талаптарды қояды, сондай-ақ ДЕҚОҚ бойынша ҚР заңнамасының және Шарттың талаптарын сақтау бойынша жауапкершілікті ҚР заңнамасымен бекітілген тәртіпте және Шарт талаптарына сәйкес толығымен және/немесе ішінара қайта табыстайды.

25.3. Осы бөлімде Тапсырысшының мердігерлік ұйымдардың қызметіне ЕҚҚТҚОҚ бойынша қойылатын және ҚР заңнамасы талаптарына, Тапсырысшының мақсаттары мен міндеттеріне, оның міндеттемелеріне, саясаттарына, ішкі ережелеріне және құжаттарына, сондай-ақ аталған салада жалпыға қабылданған өндірістік тәжірибеге негізделген негізгі талаптары көрсетілген.
25.4. Орындаушы Шартқа қол қойған сәттен бастап ҚР заңнамасына сәйкес және Шарттың, соның ішінде ДЕҚОҚ саласындағы талаптарына сай жауапкершілікті атқарады.

25.5. Орындаушы онымен Шарт шеңберінде жүзеге асырылатын өндірістік қызметі және Қызметтерді көрсетудің бүкіл мерзімі ішінде Тапсырысшыға осы бөлімде баяндалған ДЕҚОҚ бойынша талаптарды өз бетімен (қосымша төлемақысыз) орындауға кепілдік береді.

25.6. Орындаушыда оның қызметінде қолданылатын Шарттың осы бөлімінде баяндалған ДЕҚОҚ бойынша талаптарды орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін себептер туындаған жағдайда, Орындаушы сондай себептер туралы дереу Тапсырысшыны жазбаша түрде хабардар етеді.
25.7. Орындаушы ДЕҚОҚ-қа қатысты желілік жауапкершілікті өзінің ұйымдасқан құрылымы шеңберінде бір адамға ғана жүктемей, барлық деңгейде қамтамасыз етеді. ДЕҚОҚ бойынша міндеттер Орындаушы Шартты орындауға қатыстыратын барлық қызметкерлер, сондай-ақ Орындаушы қатыстыратын қосалқы мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері арасында бөлінуге тиіс.

25.8. Орындаушы Шартты орындау үшін білікті персоналды қатыстыратынына кепілдік береді. Орындаушы және оның қосалқы мердігерлік ұйымдары қатыстыратын бүкіл персонал лауазымы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келіп, кәсібі бойынша білімін тексеруден өтуге тиіс.

25.9. Орындаушы барлық қажетті оқуды, соның ішінде ДЕҚОҚ және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы оқуды Орындаушы персоналына және оның Шарт шеңберінде қызметтерді көрсету үшін қатыстырылатын қосалқы мердігерлік ұйымдарына арналған жұмыс ерекшелігіне сәйкес өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге міндеттенеді.

25.10. Орындаушы персоналының жұмысқа қабілеттілік қасиетінен айырылуға әкелетін өндірістік жарақаттанудың барлық жағдайлары, сондай-ақ қызметтер көрсетілетін жерде және қызметтер көрсету сәтінде болған басқа инциденттер мен оқиғалар туралы Тапсырысшыны хабардар етіп, есеп ұсынуға тиіс. Тапсырысшы Орындаушыдан қосымша түсіндірмелер беруді және осындай оқиғалардың қайталануын болдырмау үшін шаралар қабылдауды талап ете алады.

25.11. Шарт шеңберінде қызметтер көрсетілгенге дейін Орындаушы қатыстырылатын персоналдың физикалық және психологиялық денсаулығының еңбек жағдайларына сәйкестігіне өз қаражаты есебінен медициналық тексеруді, сондай-ақ Орындаушы персоналының ҚР заңнамасы талаптарына сәйкес осы Шарт шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажетті арнайы санитарлық, медициналық және басқа рұқсаттарды алуын қамтамасыз етуге тиіс.

25.12. Орындаушы ҚР еңбек заңнамасы талаптарының орындалуына кепілдік береді және қолданылатын баптардың, соның ішінде қызметкерлерді міндетті сақтандыру және Орындаушының зардап шеккен персоналын жедел медициналық эвакуациясы жағдайында медициналық көмек көрсету және/немесе Атырау, Ақтау қалаларында және Баутино кенті шеңберінде медициналық мекемелердің қызметтерін пайдалану шығындарының өтелуін қамтамасыз ететін ерікті медициналық сақтандыру бойынша баптардың орындалуына жауапты болады.

25.13. Орындаушы қызметтерді ББҚ-да немесе одан тыс жерде (өзінің, серіктестерінің және/немесе жалға алынған өндірістік базалардың, қоймалардың, мекемелердің және/немесе кемелердің аумағында) көрсеткен жағдайда, алғашқы медициналық көмекті көрсетуге оқытылған білікті персоналдың жеткілікті мөлшерімен және оны көрсету үшін тиісті құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Сонымен қатар Орындаушы зардап шеккендерді Орындаушы пайдаланатын инфрақұрылым объектілерінен жедел медициналық эвакуациялау және/немесе ауруханаға жатқызу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндеттенеді.

25.14. Орындаушы қызметтерді өзі пайдаланатын инфрақұрылым объектілерінің аумағында (өзінің, серіктестерінің және/немесе жалға аылнған өндірістік базалардың, қоймалардың, мекемелердің және/немесе кемелердің аумағында) көрсеткен жағдайда, өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптардың орындалуын толық шамада қамтамасыз етуге міндеттенеді.

25.16. Орындаушы және оның қосалқы мердігерлік ұйымдары өзінің Қызметкерлерін арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа жеке қорғаныш құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) өзінің қаражаты есебінен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Орындаушы қатыстырылған персоналдың ЖҚҚ-ны пайдалануына қатаң бақылау жүргізуге тиіс. Барлық пайдаланылатын ЖҚҚ орындалатын жұмыстардың ерекшелігіне қарай ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес болуға тиіс.

25.17. Тапсырысшы Орындаушының Шарт шеңберінде Қызметтерді көрсетуге тартқан нысандарында ДЕҚОҚ бойынша тексерулер мен аудиттерді жүргізу құқығын өзіне қалдырады. Сондай тексерулер және аудиттер жүргізілгенде, Орындаушы өзінің қызметі және осы шартты орындауға қатыстырылған қосалқы мердігерлік ұйымдардың қызметі бойынша ДЕҚОҚ жөніндегі барлық материалдар мен құжаттаманы беруге және Тапсырысшы өкілдерін алып жүруді қамтамасыз етуге міндеттенеді. Тапсырысшы тарапынан ескертулер мен ұйғарымдар алған жағдайда Орындаушы оларды белгіленген мерзімдерде жоюға міндеттенеді. Сонымен қатар Тапсырысшы ДЕҚОҚ саласында тексеруді және/немесе аудитті жүзеге асыру үшін үшінші тарапты қатыстыруға құқылы.

25.18. Орындаушы Орындаушы ұсынатын және қызметтерді көрсету барысында пайдаланатын жабдыққа қажетті рұқсаттарды алуды және сертификаттаудан өтуді, тексеру жүргізуді өз қаражаты есебінен өзі қамтамасыз етуге міндеттенеді. Бұл ретте Орындаушы сондай жабдықтың Шарттың бүкіл қолданылу мерзімінде жарамдылығына жауапты болып, істен шыққан жағдайда оны тең жабдыққа ауыстыруға кепілдік береді.
25.19. Орындаушы қауіпті материалдар мен заттардың ҚР заңнамасында қолданылатын талаптарға, салалық нормалар мен халықаралық стандарттарға сәйкес қолданылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды есепке алады, таңбалайды, сақтық шараларын және өндірушінің пайдалану бойынша кеңестерін орындайды.
25.20. Орындаушы №9 қосымшаға (ДЕҚОҚ бойынша мәліметтер) сәйкес ДЕҚОҚ бойынша ақпаратты міндетті тәртіпте ұсынады. Сұралған мәліметтердің болмауы немесе толық ұсынылмауы Шартты бұзу үшін негіз бола алады.
25.21. Осы баптың 55.20-тармақшасына сәйкес Орындаушы ұсынған ДЕҚОҚ бойынша мәліметтердің негізінде Тапсырысшы Орындаушымен ынтымақтастықтың қолайлылығын анықтайды.
25.22. Орындаушы Тапсырысшының осы бапта баяндалған ДЕҚОҚ саласындағы талаптарын ұстануға, бірақ олармен шектелмей, орындалуын қамтамасыз ететін Орындаушының қызметімен байланысты және/немесе ықпал етуі мүмкін заңнамалық және өзге қолданылатын талаптардың өзгеруіне тұрақты мониторинг жүргізуге міндеттенеді. Бұл жағдайда Орындаушы Тапсырысшыны сол туралы хабардар етіп, сондай талаптардың қызметтерді көрсету барысына кейіннен бейімдеу сұлбасын/жоспарын ұсынуға міндеттенеді.
25.23. Сонымен қатар Шартқа қол қойылған соң, Орындаушы Шарт бойынша қызметтерді көрсету сәтінде заңнамалық талаптардың өзгеруі, өндірістік қажеттілік салдарынан және/немесе жобада ДЕҚОҚ қамтамасыз ететін механизмдерді оңтайландыру мақсатында Тапсырысшы осы тараудың құрамын ҚР заңнамасымен көрсетілген тәртіпке және Шарт талаптарына сәйкес өзгерту (толықтыру, жою және т.с.с.) қажеттілігін анықтауы мүмкін.
25.24. Қолданылатын заңнамалық талаптардың, соның ішінде ДЕҚОҚ бойынша талаптардың тиісінше орындалуын, мониторингін және бақылануын қамтамасыз ету мақсатында Тапсырысшы олардың қызметіне Шарттың шеңберінде қолданылатын заңнамалық талаптардың, тәртіптемелердің, рұқсаттардың, есептіліктердің және бюджетке төленетін төлемдердің, соның ішінде сақтандыру және ДЕҚОҚ саласы бойынша жасалатын құжаттардың тізбесін ұсыну бойынша талап қояды. Орындаушы сондай ақпаратты №7 қосымшада (ДЕҚОҚ бойынша мәліметтер) көрсетіп, ұсынады.

25.25. Осы баптың 15.24-тармағында көрсетілген тәртіпте Орындаушы №7 қосымшада (ДЕҚОҚ бойынша мәліметтер) Шарт шеңберінде қызметіне ДЕҚОҚ саласында қолданылатын талаптардың орындалуын, сондай-ақ қызметтерді көрсету барысында жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ететін саясаттарға, ережелерге, рәсімдерге, нұсқаулықтарға және басқа ішкі құжаттарға қатысты толық ақпаратты ұсынады.


25.27. Осы баптың 25.24-тармағында көрсетілген тәртіпте Орындаушы №7 қосымшада (ДЕҚОҚ бойынша мәліметтер) Шарт шеңберінде қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды орындау барысында туындайтын және адамның денсаулығына, қоршаған ортаға, Тапсырысшы және/немесе үшінші тұлғалардың мүлкіне қауіп төндіретін қауіпті өндірістік факторлар және солармен байланысты тәуекелдер бойынша ақпаратты ұсынады. Ықтимал жеткізушілер сондай-ақ қауіпті факторлар және солармен байланысты тәуекелдер бойынша ақпаратпен бірге сондай қауіпті факторлардың және тәуекелдердің зардаптарын азайтуды қамтамасыз ете алатын оларды жою және/немесе бақылау бойынша шараларды ұсынады.
25.28. Орындаушы өзінің тарапынан ДЕҚОҚ мәселелері бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін жауапты тұлғаларды тағайындайды. Жауапты тұлға Тапсырысшының өкілдерімен, Шарт шеңберінде Тапсырысшының және/немесе Орындаушының өндірістік қызметіне қатыстырылған, Тапсырысшы немесе Орындаушы тартқан мердігерлік ұйымдармен, сондай-ақ басқа тараптармен және/немесе үшінші тұлғалармен қарым-қатынасты сақтауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жауапты тұлға Орындаушының осы баптың және/немесе Шарттың сәйкесінше қосымшаларының талаптарына қатысты қызметінің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
25.29. Орындаушы және/немесе Орындаушы персоналы қатыстырған персонал тарапынан болған ұқыпсыздық, сондай-ақ осы тараудың және Шарттың сәйкесінше қосымшаларының талаптарын орындамау, әсіресе, егер Орындаушы Орындаушыға бақылаушы органдар және/немесе Тапсырысшының өкілдері тарапынан жіберілген ұйғарымдар бойынша шараларды көрсетілген мерзімде қабылдамаса және/немесе себептерін жоймаса, Тапсырысшы үшін Шартты бұзу үшін негіз бола алады.

25.30. Шартқа қол қойылған сәттен бастап Орындаушы ДЕҚОҚ мәселелеріне қатысы бар мәліметтерді ұсынып, есептер дайындап және жиынтық, талдамалық, презентациялық материалдарды ұсынып, жоба шеңберіндегі ДЕҚОҚ бойынша қызметке және сол бойынша мәселелерге арналған және/немесе осыған қатысты Тапсырысшының жұмыс кездесулеріне, кеңестеріне, семинарларына және оқуларына қатысып, Орындаушының Шарт шеңберінде қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды қауіпсіз түрде ұйымдастыруымен және орындауымен байланысты ДЕҚОҚ мәселелерінде Тапсырысшыға қолдау көрсетуге міндеттенеді.


25.31. Тапсырысшы Орындаушының және/немесе оның персоналының Орындаушының қызметіне қатысты ДЕҚОҚ саласында қолданылатын заңнамалық талаптарды өрескел бұзғаны, Шарттың, осы тараудың және тиісті қосымшаларының талаптарын орындамағаны, сондай-ақ адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға, Тапсырысшының және/немесе үшінші тұлғалардың мүлігіне көрінеу қауіп әкелетін немесе қауіп төндіретін ахуалдарды жасағаны үшін уәкілетті тұлғалар тұлғасында Орындаушының Шарт бойынша қызмет көрсетуімен байланысты жұмыстарды қауіптілік жойылғанға дейін және/немесе мән-жайлар анықталғанға дейін тоқтатуға құқылы. Бұл ретте Орындаушының Тапсырысшыдан жұмыстарды осындай себептермен тоқтату уақытына төлем талап етуге құқығы жоқ. Сонымен қатар егер Орындаушының сондай бұзушылығы және/немесе қолданылатын талаптарды және шарттарды орындамауы нәтижесінде адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға, Тапсырысшының және үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтірілген жағдайда, сондай-ақ Тапсырысшы және Тапсырысшы және/немесе Орындаушы қатыстыратын мердігерлік ұйымдар жүзеге асыратын жұмыстардың тоқтауына және/немесе жұмыстар барысының өзгеруіне әкелген жағдайда, Орындаушы ҚР заңнамасына және Шарт талаптарына сәйкес жауапты болып, шығындарды өтейді. Бұл ретте шығындарды өтеу және /немесе айыппұлдарды төлеу Орындаушымен Шарт бойынша міндеттемелерден босатпайды.

25.32. Орындаушы және мердігерлік ұйымдар, Тапсырысшымен алдын ала келісіп, ҚР заңнамасы талаптарына сәйкес еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы есептерді құзыретті органдарға өзі ұсынуға тиіс.



25.33. Орындаушы Тапсырысшыға осы Шарт шеңберінде ДЕҚОҚ саласындағы күнделікті, апта сайынғы, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептерді, сондай-ақ Шарт аяқталғанда ұсынылатын қорытынды есепті ұсынуға тиіс. Мердігер ДЕҚОҚ саласындағы көрсеткіштер бойынша алдын ала есептерді Тапсырысшының бірінші талабы бойынша ұсынуға тиіс.
25.34. Орындаушы Тапсырысшыға ДЕҚОҚ бойынша есептерді ұсыну кезінде кемінде мыналарды көрсетуге тиіс:

  1. ДЕҚОҚ және ҚТ басқару жүйелерінің және осыған байланысты кез келген құжаттардың жай-күйі туралы түсініктемелер;

  2. ДЕҚОҚ және ҚТ бойынша іс-шаралар жоспары және оның орындалу жағдайы;

  3. ДЕҚОҚ және ҚТ жүйелеріне жүргізілген инспекциялық және аудиторлық тексерулер бойынша мәліметтер;

  4. Анықталған сәйкессіздіктер тізбесі және оларды жою бойынша қабылданған шаралар;

  5. Жазатайым оқиғалар және оқиғалар туралы мәліметтер;

  6. Жұмыс уақытын жоғалту туралы мәліметтер;

  7. Медициналық көмек көрсетілген жағдайлар туралы мәліметтер;

  8. ДЕҚОҚ және ҚТ саласындағы ҚР заңнамасы талаптарына сәйкес тиісті оқудан өткен персоналдың саны туралы мәліметтер;




  1. ДЕҚОҚ және ҚТ бойынша кіріспе нұсқама беруден өткен персонал саны туралы мәліметтер;

  2. ДЕҚОҚ және ҚТ бойынша өткізілген семинарлар туралы мәліметтер;

  3. Төтенше жағдайлар және МАТЖ кезінде әрекет ету бойынша өткізілген жаттығулар туралы мәліметтер, есептер, алынған сабақтар мен фотоматериалдар;

  4. Бақылаушы органдар тарапынан жүргізілген тексерулер туралы мәліметтер;

  5. МАТЖ үшін жүккөтергіш, өртке қарсы, апатты-құтқару, медициналық, коммуникациялық жабдықтың және қызметтерді көрсетуге және/немесе ДЕҚОҚ бойынша талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге қатысы бар басқа жабдықтың бар екені, сәйкестігі, жарамдылығы және тексерілуі туралы мәліметтер;

  6. Қоршаған ортаны абайсыз ластау туралы мәліметтер;

  7. Атмосфераға шығарындыларкөздері туралы мәліметтер;

  8. Қалдықтардың пайда болу көлемі және қалдықтарды тапсыру туралы мәліметтер;

  9. Суды пайдалану туралы мәліметтер;

  10. Пайдаланылатын жабдықты, теңіз және әуе кемелерін, арнайы техниканы және көлікті тексеру және сертификаттау бойынша мәліметтер;

25.35. ДЕҚОҚ саласындағы көрсеткіштер туралы жылдық есеп Орындаушы компаниясы басшысының қолымен бекітіліп, Тапсырысшының өкіліне есептік кезең аяқталған сәттен бастап 1 (бір) күнтізбелік ай ішінде тапсырылуға тиіс.
25.36. ДЕҚОҚ саласындағы көрсеткіштер туралы тоқсандық есептер Орындаушының Қызметтердің күнделікті көрсетілуіне жауапты аға менеджерінің қолымен бекітіліп, Тапсырысшының өкіліне есептік кезең аяқталған сәттен бастап 4 (төрт) күн ішінде тапсырылуға тиіс.
25.37. Шарт аяқталған соң, Орындаушы осы Шарт бойынша қызмет көрсетудің бүкіл кезеңінде Орындаушының ДЕҚОҚ саласындағы барлық қызметі толығымен көрсетілетін, соның ішінде осы тараудың 25.34-тармағында баяндалғанның барлығын қамтитын қорытынды есепті ұсынады. Ескертулер болмаған кезде, Тапсырысшының осындай қорытынды есепті қабылдауы ДЕҚОҚ бойынша қорытынды есептілікті қабылдау актісімен тіркеледі, Тапсырысшы соның негізінде Шарт бойынша қалған төлемдерді жүзеге асырады. Тапсырысшыда Орындаушының ДЕҚОҚ бойынша қорытынды есептілігіне ескертулері болған жағдайда, Тапсырысшы сондай ескертулерді Орындаушы жойғанша, төлемдерді тоқтата тұруға құқылы. Сонымен қатар Тапсырысшының төлемдерді жоғарыда көрсетілген себеппен тоқтата тұруы Тапсырысшы үшін ешқандай айыппұл санкцияларын тудырмайды.

Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет