Бұрғылау қондырғысын жайғастыру бойынша тәуелсіз супервайзердің қызметтері шарт №



бет27/85
Дата12.10.2020
өлшемі221,63 Kb.
#68335
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85

24 БАП. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР





  1. Орындаушының Шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттемелерін үшінші тұлғаларға Тапсырысшының алдын ала жазбаша келісімінсіз тапсыруына жол берілмейді.

  2. Шартқа енгізілген кез келген өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде ресімделіп, Тараптардың уәкілетті Өкілдері қол қойған, мөрлері басылған жағдайда қолданылады. Тараптар Шартқа Орындаушының таңдауы үшін негіз болған талаптарды өзгертуі мүмкін қандай да бір өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге құқыға жоқ.




  1. Баптар мен тармақтардың атаулары ыңғайлылық және сілтеме жасау үшін ғана келтірілге, және ешқандай жағдайда осы Шарт ережелерінің мәніне немесе түсінілуіне әсер етпейді. Бір текті білдіретін сөздер барлық басқа тектерді көздейді, ал жекеше түрдегі сөздер көпше түрді білдіреді және керісінше.

  2. Осы Шарт Тараптар арасында болған осы Шарт жасалғанға дейін қол жеткізілген Шарттың мәніне қатысты кез келген ауызша және жазбаша келісімдердің күшін жояды және алмастырады.




  1. Барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да мәндетті төлемдерді Тараптар ҚР заңнамасына сәйкес төлейді.

  2. Осы Шартта реттелмеген барлық мәселелер ҚР заңнамасымен реттеледі.

  3. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы қазіргі сәтте қолданылатын немесе қабылдануы мүмкін ҚР барлық заңдары, ережелері мен билік органдарының нормативтік актілері тиісті заң талқысында осы Шартты орындауға қолданылатынына келіседі. Егер осы Шарттың қандай да бір ережесі қандай да бір заңға, ережеге немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге сәйкес болмаса немесе қайшы келсе, ол осындай актілердің талаптарына сәйкестікке келтірілуге тиіс.




  1. Шарт әр Тарапқа және Жер қойнауын пайдаланушыға бір-бірден, заңды күші бірдей 3 (үш) данада жасалды.

  2. Орындаушы осы Шартты тиісті түрде орындаумен байланысты барлық мәселелер бойынша Тапсырысшыға жүгінуге және осындағы ешбір ережелер Жер қойнауын пайдаланушыға материалдық жауапкершілік жүктемейтініне және Орындаушыға Жер қойнауын пайдаланушыға қатысты қандай да бір тексеріс қозғау құқығын бермейтініне келіседі. Тапсырысшы Жер қойнауын пайдаланушының және өзінің атынан осы шарттың орындалуын мәжбүрлеп талап етуге құқылы және осы мақсатпен Орындаушының барлық мүліктік және басқа міндеттемелерін орындауын мәжбүрлеп талап ету үшін өз атынан тексеру қозғай алады және Жер қойнауын пайдаланушының Орындаушыға қатысты кез келген кінәратын таға алады.

Орындаушы осы Шартты Тапсырысшының келісімінсіз қосалқы мердігерлікке бере немесе тапсыра алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет