Тараптар осы құжатпен: Тараптардың қолданылатын құқыққа сәйкес тіркелгенін және Тараптарға қатысты қандай да бір талаптардың, өтініштердің, шағымдардың, талап-арыздардың, қаулылардың, шешімдердің немесе тарату немесе олардың әрқайсысына қатысты басқарушы орган немесе тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтардың жоқтығын растайды және кепілдік береді.
Тараптар осы Шартты жасасу және сол бойынша міндеттемелерді көрсету үшін барлық қажетті өкілеттіктерге ие. Осы Шарт Тараптар тиісті түрде мақұлдап, қол қойған және олар үшін заңды, жарамды және осы Шартта анықталған ережелерге сәйкес тиісті түрде орындалуы тиіс міндетті күші бар құжат болып табылады.
Тараптардың осы Шартқа қол қоюы немесе Тараптардың осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауы:
Тараптарды міндеттемелермен байланыстыратын келісімшарттарды, міндеттемелерді немесе шешімдерді бұзбаған немесе бұзбайды және Тараптарды міндеттемелермен байланыстыратын қандай да бір Шартты болдырмау үшін қандай да бір тұлғаға бұзу құқығын бермейді;
Тараптар тіркелген жердің заңнамасына қайшы келмейді; немесе;
қазіргі сәтте Тараптарға тиесілі активтерге немесе мүліктерге қатысты шектеулерді құрмайды және салмайды немесе құрылуына және салынуына әкелмейді.
Тараптардың осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау қабілетіне елеулі кері әсер етуі мүмкін және Тараптар хабардар етіліп, Тараптарға немесе Тараптардың активтеріне қатысты қаралу үстіндегі немесе болашақта қаралатын қандай да бір талап-арыздар, сот істері, төрелік істер, тергеу рәсімдері, тыңдаулар жоқ.
Осы айтылғанмен бірге Орындаушы төмендегіні мәлімдеп, кепілдік береді:
Орындаушы және Орындаушының Персоналы осы Шартқа сәйкес қызметтерді көрсету үшін қажетті біліктілігі мен тәжірибесі бар, сондай-ақ қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары, сонымен бірге дағдылары, құрылымы, персоналы бар.
Осыған ұқсас шартпен байланысты, Орындаушы жауапкер ретінде тартылған немесе бартылатын бұрын болған қандай да бір талаптар, шағымдар, талап-арыздар, сот және басқа істер жоқ және болған.
Тапсырысшы сондай-ақ ОТК жарамды екенін, Тапсырысшының аумақ шегінде көмірсутегі шикізатын барлау Операторы ретіндегі құқықтары тоқтатылмағаны, кері шақыртып алынбағанын, күші жойылмағанын мәлімдейді және оған кепілдік береді.
Тараптардың бірі осы бапта айтылған мәлімдемелер мен кепілдіктерді бұзған жағдайда екінші Тарап Шартты біржақты бұзып, өзіне келтірілген шығындарды өтеттіруге құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |