Бұрғылау қондырғысын жайғастыру бойынша тәуелсіз супервайзердің қызметтері шарт №



бет17/85
Дата12.10.2020
өлшемі221,63 Kb.
#68335
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85

15 БАП. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ




  1. Мерзімді кешіктіру үшін жауапкершілік


  1. Орындаушының осы Шарттың 10.2-тармағында көрсетілген Қызметтерді көрсету мерзімін бұзуы аяқталмаған Қызметтердің мерзімін кешіктірген әрбір күн үшін Шарт сомасының 0,5%-ымен есептелетін, бірақ 10%-дан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге әкеледі.

  2. Тапсырысшы төлемақыны кешіктірген жағдайда Орындаушы Тапсырысшыдан төлемақының әрбір кешіктірген күні үшін 0,5%-ы есебімен, бірақ Шарт құнының 10%-нан аспайтын мөлшерде өсімақы түріндегі тұрақсыздық айыбын талап етуге құқылы.

  1. Сапа үшін жауапкершілік

Егер Қызметтерді қабылдау барысында Қызметтер кемшіліктермен көрсетілгені анықталса, Тапсырысшы Шарттың 10.2.4-тармақпен көзделген іс-қимылдардан басқа, және Орындаушы 10.2.7-тармақпен көзделген міндеттерін орындаудан бас тартқан жағдайда, бір жақты тәртіппен Орындаушыға тиесілі төлемдерді барабар азайтуға немесе егер кемшіліктер төлем жасалған соң анықталса, анықталған кемшіліктерді өз қаражаты есебінен жойып, Орындаушыдан осындай жою бойынша барлық өзінің шығыстарын өтеуді талап етуге құқылы, ал Орындаушы Тапсырысшыға осындай шығыстарды Тапсырысшыдан осындай талап алынған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтеуге міндетті. Кепілді мерзім шегінде байқалған кемшіліктерді Орындаушы өз қаражаты есебінен жояды.


  1. Тұрақсыздық айыбын төлеу

Тапсырысшы Орындаушыға ол тұрақсыздық айыбын төлеген сәтке дейін төлем жасамауға құқылы, бұл ретте осындай төлемеу айыппұлдарды, өсімақыларды және т.б. болжалды есептеуді кешіктіру болып табылмайды.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет