Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау нәтижесінде Орындаушымен жүзеге асырылуға тиіс барлық және кез келген салықтарды және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей табыс салығын, кеден баждарын, алымдарын, жарналарын және төлемдерді төлеу Орындаушыға жүктеледі және олар осы Шарттың 11-бабымен көзделген Қызметтердің құнына енгізілген. Орындаушы Орындаушының және Орындаушы Персоналының салықтық режимінің сақталуы үшін жауапкершілікті өзі көтереді.
Тапсырысшы Қазақстан Республикасының Заңнамасымен көрсетілген негіздемелер және жағдайлар бойынша Шартпен байланысты жүргізілетін төлемдерден салықтарды ұстап қалады, ұсталған соманы бюджетке аударады, содан соң Орындаушыға Шарт бойынша тиесілі соманы ұсталған салықтарды шегеріп, төлейді. Мұндай өзара есеп айырысулар, егер Орындаушы Шарт бойынша алғашқы шот төленгенге дейін осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындағаны үшін Орындаушының пайдасына төленетін төлемдер салықтар ұстауды көздемейтінін растайтын тиісті құжаттарды Тапсырысшыға ұсынбаса ғана жүргізіледі.
Тапсырысшы Орындаушымен тиісті құжаттардың ұсынылғанына қарамастан, Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес салықты ұстап қалуға міндетті болған жағдайда Тапсырысшы кез келген сондай салықтардың, соның ішінде бар болғанда пайыздардың және айыппұлдардың ұсталуын жүргізеді және Орындаушыға тиесілі төлемдерді ұсталынған салықтардың мөлшеріне сай азайтып, төлейді.
Орындаушы Тапсырысшыны Орындаушының іс-әрекеттері ҚР салықтық және басқа міндетті төлемдерді төлеу тәртібіне қатысты кез келген нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеуі себебі бойынша мемлекеттік органдардың тарапынан туындауы мүмкін кез келген және басқа шағымдардан, әкімшілік немесе сот талаптарынан арашалауға міндетті.
14 БАП. АУДИТ
Жазбаларды жүргізу
Орындаушы осы Шартпен көзделген, сондай-ақ оған қатысты мәмілелермен байланысты орындалған немесе жоспарланған Қызметтер бойынша шынайы, толық әрі дәл жазбаларды жүргізуге міндеттенеді және Шарт тоқтатылған соң, кемінде 12 (он екі) ай осындай жазбаларды сақтауға тиіс.
Аудит құқығы
Орындаушы осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде және осы Шарт тоқтатылған соң, 12 (он екі) ай ішінде тәуелсіз аудиторды қатыстырып, Орындаушының осы Шарт бойынша Қызметтерді көрсетуге қатысты қызметі туралы тіркеу кітаптарына, жазбалары мен есептеріне аудит жүргізуге құқылы.
Құжаттарды ұсыну
Аудиторлық тексеру жүргізу кезінде Орындаушы ұсынылған шот-фактуралардың Көрсетілген қызметтерді қабылдау актісіне негізделуін, олардың Көрсетілген Қызметтерді қабылдау-тапсыру актісіне сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
Қателерді түзеу
Егер аудиторлық тексеру (тексерулер) қандай да бір алшақтықтарды немесе қателерді анықтаса, ондай алшақтықтарды немесе қателерді Орындаушы және/немесе Тапсырысшы, салыстырып-тексеру және түпкілікті өзара есеп айырысулар жүргізе отырып, оларды дереу жояды, реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |