8 БАП. ОРЫНДАУШЫНЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ Лицензиялар
Орындаушы Қызметтерді көрсету басталғанға дейін, Қазақстан Республикасының заңнамасымен талап етілсе, Орындаушы және оның қосалқы мердігерлері орындайтын Қызметтер мен жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуге арналған, белгіленген тәртіппен ресімделген ҚР лицензияларын өз қаражаты есебінен алуға және оларды Шарттың мерзімі ішінде күшінде және жарамды күйінде ұстауға міндетті.
Қосалқы мердігерлер
Қызметтерді көрсету мақсатында Орындаушы Шарт бойынша Қызметтердің жалпы көлемінің 20%-ынан аспайтын көлемге қосалқы мердігерлер тартуға құқылы. Орындаушының қосалқы мердігерлермен жасасатын Шарттары осы Шартқа қайшы келмейтін ережелерде және осы Шартта белгіленген шектеулер ескеріліп, жасалады. Орындаушы Қызметтерді ұсыну басталғанға дейін және ұсыну кезеңінде Тапсырысшыға қосалқы мердігерлердің толық тізбесін беруге міндетті. Орындаушы Қызметтерді көрсету бойынша өзінің іс-қимылдарын басқа қосалқы мердігерлердің іс-қимылдарымен үйлестіреді және Қызметтердің тиісті бөлігін орындау үшін тартылған қосалқы мердігерлерінің кез келгені Қызметтерді көрсетуге қойылатын талаптарды, соның ішінде осы Шарттың ережелерін, орындайтынына кепілдік береді. Орындаушы Тапсырысшы алдында қосалқы мердігерлер орындайтын Қызметтерді көрсету үшін жауапты болады.
Орындаушы Қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлер тартқан жағдайда, қосалқы мердігерлерге Көрсетілген Қызметтер туралы есепті Тапсырысшы белгілеген нысанда және мерзімде ұсынуы қажет.
Қызметтерді көрсетудің сапасы және мерзімдері
Орындаушы Шарт бойынша Қызметтерді тиісті түрде, сапалы көрсетуге және олардың нәтижелерін Шарттың ережелеріне және Тапсырысшының талаптарына сәйкес мерзімдерде Тапсырысшыға аралық және/немесе толық тапсыру үшін ұсынуға, сондай-ақ Тапсырысшыны Қызметтерді көрсету барысы жөнінде күнделікті хабардар етуге, Қызметтердің сапасын және сабақтастығын сақтауға тиісінше жетекшілік ету мен бақылауды қамтамасыз етуге міндетті. Егер Орындаушы орындайтын Қызметтердің сапасына қойылатын талаптарға ҚР заңнамасының міндетті талаптары қолданылатын болса, Орындаушы, егер міндетті талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын жоғары талаптарға сай Қызметтерді ұсыну Қызметтердің құнын Шарт ережелерінде көрсетілгеннен қымбаттатпаса, осыған сай ұсынуға міндетті.
Мәліметтер беру
Орындаушы Көрсетілген Қызметтердің нәтижелерін Тапсырысшыға тапсыру кезінде, не Тапсырысшының талабы бойынша кез келген басқа уақытта барлық және Орындаушының иелігіндегі Көрсетілетін Қызметтерге қатысты кез келген қолда бар ақпаратты беруге міндетті.
Отчеты Исполнителя
Орындаушы есептерді Тапсырысшы белгілеген нысанда және мерзімде ресімдеп беруге, сондай-ақ Шартқа қол қойылған сәттен бастап Қызметтерді көрсету аяқталатын күнге дейін Тапсырысшыға Қызметтер бойынша ақпараттық есептердің және түпкілікті есептің берілуін қамтамасыз етуге тиіс.
Қызметтердің бүкіл кешені аяқталып, Тапсырысшы оларды Шарттың ережелеріне сәйкес қабылдаған соң, Орындаушы Қызметтерді көрсету жөніндегі 4-қосымшаға сәйкес Көрсетілген Қызметтерді қабылдау-тапсыру актісін (Тапсырысшымен келісілген нысанда) жасайды, оған осы Шарттың 10-бабы ескеріліп, Тапсырысшы мен Орындаушының уәкілетті өкілдері қол қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |