Бронхиалдық астма-инфекциялық аллергиялық ауру,бронхтардың шырышты қабаты ісініп,бронхтар тарылады,тұншығу ұстамасы пайда болады.
Себептері:
- Тұқымқуалаушылық
- семіздік,
- темекі шегу
- қоршаған ортаның ластануы
- ауа-райы,
- аллергиялық тағамдар,
- шаң-тозаң
- үй жануарлары(ит,мысық)
Бронхиалды астманың пайда болуының бірден бір себебі темекі шегу болғандақтан оны тастаудың жолдарын сізге ұсынамыз. - Егер темекені тастағыңыз келсе, оның оп-оңай екенін естен шығармаңыз. Бастау жеңіл болса, тастау да қиынға соқпайды. Ең бастысы шешім қабылдауыңыз керек.
- 1. Темекіден бас тартқан күніңізді күнтізбеге белгілеп қойып, 2 апта сайын белгі салып тұрыңыз. Сөйтіп-сөйтіп темекіні ұмытып кетуге болады.
- 2. Өзіңізді соған сендіріңіз. Өйткені темекі ақшаңызды, уақытыңызды ал ең маңыздысы денсаулығыңызды құртады.
- 3. Жаңа өмір бастауға дайын болыңыз және өз-өзіңізді алдамаңыз.
- 4. Темекіні тастағаныңыз туралы достарыңызға, барлық жақын адамдарыңызға айтып, көмек сұраңыз. Себебі бастапқы кездері әрдайым темекіні ойлап жүруіңіз мүмкін. Сондықтан басқа заттармен алаңдауыңыз керек.
- 5. Күн сайын темекі санын азайтып тұрыңыз. Соңғы қорабын шегіп, мәңгілікке қош айтысыңыз.
- 6. Көбірек су ішіп, дұрыс тамақтаныңыз. Мұның бәрі сіздің ағзаңызға темекіден құтылуға көмек береді.
- 7. Өзіңізді өзге де қызық заттармен алдаңыз. Темекіні мүлдем ойға алмаңыз.
- 8. Ашуланған кезде темекі шегіп үйреніп қалдыңыз ба? Оның орнына алма немесе кәмпит жеуге болады. Әйтеуір темекіге қайтып жоламаңыз.
- 9. Содан кейін өзіңіздің жетістігіңіз жайлы шағын ой-толғау жазып, әлеуметтік желілерде жариялаңыз. Басқа да адамдардың қолдауын көре аласыз.
- .
Достарыңызбен бөлісу: |