Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек



бет13/55
Дата04.05.2024
өлшемі171,45 Kb.
#201747
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
Байланысты:
Áðîíõûëû? äåì³êïå. Æåäåë ìåäèöèíàëû? æ?ðäåì ñòàíöèÿñû äå?ãåé³íäå

16. Бүйрек шаншуы. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек.Бүйрек шаншуы – жоғарғы зәр шығару жолдарының жедел обструкциясынан кейін пайда болатын ауырсыну ұстамасы .
Этиология
Бүйрек шаншуының себебі – несепағар саңылауы таспен бітелу кезінде дами-тын несеп – тас ауруы; жедел және созылмалы пиелонефрит (қабыну өнімдері: шырыш, фибрин, эпителий, лейкоциттер); бүйрек ісігі (ұйыған қан түріндегі гематурия); бүйрек туберкулезі (емізікшенің некротикалық тіні); бүйрек жара-қаты (ұйыған қан немесе жоғарғы зәр жолдарының сырттан урогематомамен басылуы); дистанционды литотрипсиядан кейінгі бүйректің субкапсулярлы гематомасы; бүйрек артериясының эмболиясы; гинекологиялық аурулар.
Патогенез
Бүйрек шаншуы кезінде жоғарғы зәр жолдарының ішкі окклюзиясынан немесе сырттан қысылуының нәтижесінен зәрдің шығуы бұзылады. Осы кезде тостағанша – түбекше жүйесінде қысым кенеттен жоғарылап, бүйректің паренхимасы ісініп, фиброзды капсуласы кеңейеді.
Зәр-тас ауруының қауіп факторлары: отбасылық анамнез (жақын туыстарда зәр-тас ауруының болуы); анамнезінде зәр-тас ауруының эпизоды (зәр-тас ауруының рецидив болуының мүмкіндігі 20 жыл аралығында 60% құрайды); шамадан тыс физикалық күш түсіру; ұзақ гипертермия; конкременттің дамуына ықпал ететін аурулар (зәр жолдарының инфекциясы, тубулярлы бүйректік ацидоз, саркоидоз, гиперпаратиреоидизм); сұйықтықты көп жоғалтқанда (илестома, мальабсорбция); нашар еритін дәрі-дәрмектерді қолдану.
Клиникалық көрінісі.
Бүйрек шаншуының негізгі симптомы ауырсыну болып табылады. Ауырсыну үнемі, ұстама тәріздес, кенеттен басталады, ұзақтығы бір-неше минуттан 10-12 сағатқа дейін созылады, локализациясы бел аймағында және/немесе қабырға астында болады. Ауырсынудың иррадиациясы: несепағар ағысымен мықын, шап аймағына, ұмаға, аталық безге, қынапқа және жыныс еріндеріне. Дизурия (әрдайым емес). Бүйрек шаншуымен қатар жиі жүреді: жеңілдік әкелмейтін жүрек айну және құсу (бел аймағының ауырсынуымен қа-тар басталады); бас айналу және естен тану; әр түрлі дәрежедегі ішектің парезі; брадикардия; АҚ-ның шамалы жоғарлауы; гематурия; олиго- және анурия.
Асқынулар: жедел обструктивті пиелонефрит; бактериемиялық шок; уросепсис; бүйрек функциясының төмендеуі; несепағар стриктурасының дамуы. 5 мм-ден аспайтын тастар 95% өз бетімен шығады. Бүйрек шаншуы тоқтағанда науқас-тың хал-жағдайы жақсарады, бірақ-та бел аймағында сыздап ауырсыну қалады.
Ажыратпалы диагностика
Бүйрек шаншуын алғашқыда жедел іштен ажырату керек
-Жедел іш (жедел аппендицит, бауыр шаншуы, жедел холецистит, жедел панкреатит, асқазан мен 12-елі ішектің ойық жарасы, ішектік өтімсіздік, қолқаның сыдырылуы, мезентериалді тамырлардың тромбозы, жедел аднексит, жатырдан тыс жүктілік, аналық без кистасының бұралуы).
-Басқа аурулар: омыртқа аралық дискінің жарығы, қабырға аралық невралгия (дене қалпіне байланысты ұстама тәрізді емес ауырсыну), белдеулі теміреткі (Herpes zoster).

Диагностикалық шаралар


-Жалпы жағдайын және негізгі өмірлік функцияларды бағалау: есі, тыныс алуы, жүрек-тамыр жүйесі (пульс, ЖЖЖ, АҚ, ТАЖ).
-Дене қалпын бағалау (қозғалыс мазасыздығы, дене қалпын үнемі өзгерту).
-Ішті қарау және пальпациялау – іш дем алуға қатысады, іштің алдыңғы бұлшықеттерінің тырысуы анықталмайды және іштіктің қоздыру симптомы жоқ.
-Бүйрек шаншу симптомдарын анықтау: соққылау симтомы – зақымдалған жақта ауырсыну анықталғанда «оң» (бүйрек жарылуын алдын алу үшін соққылау симптомын байқап жасау керек), бел аймағын пальпациялау (зақымдалған жақта ауырсыну).
-Ассоциирленген симптомдардың болуы: жүрек айну, құсу, газдың шықпауы, іш қату, қызба және т.б.

Емі
-Бүйрек шаншу диагнозы қойылғанда жедел госпитализацияның алдында, науқасқа шұғыл емдік шаралар жүргізілуі тиіс.

-Науқасты төсекке жатқызып, тыныштандыру керек.
-Ауырсыну синдромын жою үшін спазмолитик пен наркотикалық емес ана-льгетиктер қатар берілуі тиіс. Таңдамалы дәрі-дәрмек: дротаверин (миотропты спазмолитик) тамыр ішіне баяу енгізеді, 40-80мг (2% ерітінді 2-4мл); нитроглицерин (спазмолитик ретінде қолданылуы мүмкін) таблетка түрінде тіл астына (0,25мг немее ½ таблетка) немесе аэрозоль (400 мкг немесе 1 доза).
ЖЖЖ, АҚ, диурез бақылау. Емі ауырсыну синдромын жоюдан басталады. Бұл кезде спазмолитиктер, ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектер және жылулық процедуралар қолданылады. Аурухана алды кезеңінде жылу ретінде грелка, жылытылған құм, ыстық ваннаны қолданады (температура 40-50ºС). Көп жағдайларда бұл щаралар ауырсынуды төмендетеді немесе толығымен басады, бірақ та олардың әсері болмаса дәрі-дәрмектерді қолданады.
Көбінесе спазмолитиктерді (атропин 0,1% ерітінді 1мл, платифиллин 0,2% ерітінді 1мл, ерітінді 2мл, но-шпа 2% ерітінді 2мл, магний сульфаты 25% ерітінді 10мл) немесе ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді (промедол 1% ерітінді 1мл, омнопон 2% ерітінді 1мл) бұлшықетке енгізуден бастайды.Егер де бүйрек ұстамасы кезінде құрсақ қуысы мүшелерінің аурулары болмаса және де басқа дәрі-дәрмектер көмек бермесе наркотикалық анальгетиктерді қолдануға болады. Көбінесе оларды қолданбай-ақ қоюға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет