28. Ишемиялық инсульттер, клиникасы. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы. Инсульт (лат. insultus — соққы, қыспа талу, инсульт) — ми тканінің зақымдалуын, оның қызметінің, мидағы қан айналысының кенеттен бұзылуы; осының салдарынан миға
қан құйылады, немесе ми тамырлары бітеліп қалады ( тромбоз).Ми инсультына ұшырау қауіп-қатер факт
1) Қан қысымының – ҚҚ артуы (50%);
2) Қант диабеті (8%);
3) Жүрек кеселдері (7-33%);
4) Темекі тарту, шылымқорлық,
5) Алкогольді шектен тыс тұтыну(29,6%);
6) Психоэмоционалдық зорығу (76%);
7) Гипокинезия (36%);
8) Семіздік (23%)
Ишемиялық инсульт ми қантамырларының тромбозы немесе эмболиясының нәтижесі болып
табылады. Жиі ішкі ұйқы артериясының, ортаңғы ми немесе негізгі артерияның
тромбозы байқалады
.Клиникасы .Ишемиялық
Науқас дұрыс күле алмайды.Еріннің бір бұрышы төмен түседі. Науқас дұрыс сөйлей
алмайды.Сөзі баяу,түсініксіз болады. Зақымданған бөлігінің салдануы,қолдағы, аяқтағы
әлсіздік,науқас бір мезетте екі қолының бірін көтере алмайды. Бұл үш симптомды анықтаған
кезде тез арада жедел-жәрдем шақырту керек.
Клиникалық көрінісі:
-Сойлеудің бұзылысы
-Белгісіз интенсивті бас ауру
-Қол, аяқ қозғалысының бұзылуы
-Бас айналу.
Ишемиялық инсульт кезіндегі жед - Мидағы қан айналымы бұзылған сәттегі алғашқы 3 сағат (көп дегенде 6 сағат) «терапевтік уақыт» деп аталады. Өйткеніі, бұл кездері мидағы өзгерістердің бетін бері қайтаруға болады. Міндетті түрде жедел жәрдемді шақыру, әрі аурудың белгілері жайлы нақты, толық мәлімет беру керек, сол кезде арнайы неврологиялық бригаданы жібереді. Дәрігерлер келместен бұрын науқасқа дәрігер келгенге дейінгі көмек көрсетілуі тиіс - Ең алдымен, науқасты басы мен иығы көтеріліңкі болатындай етіп (бұрышы 30 градусты құрауы тиіс) жатқызу керек. Науқас үйде ауырып қалса, басы мен иығына жастық қойыңыз. Егер ұстама көшеде орын алса, бүктелген кеудешені пайдалануға болады. Науқасты басқа орынға ауыстырмаңыз (мәселен төсекке жатқызу), бұл қауіпті -Науқасты қажетті таза ауамен қамтамасыз етіңіз. Ол үшін белдік пен көйлектің жағасын ағытыңыз немесе қалың киімін шешіңіз. Ғимаратта болсаңыз, терезе мен желкөзді (форточка) ашыңыз.Бөлмеден артық адамдар шығып, ішінде көмектесе алатындар ғана қалуы тиіс. Лоқсу кезінде науқастың басын абайлап шетке бұрыңыз. Тұншығып қалмас үшін ауыз қуысын құсықтан тазалаңыз. Егер көп мөлшерде сілекей ағатын болса, басын ақырын ғана шетке бұрыңыз. Алғашқы көмек кезінде миға қан құйылуы анықталып, жедел іс-шаралар орындалады. Бұны көбіне "жедел жәрдем" дәрігерлері атқарады. Инсульт себептерінің бірі қан тасу болғандықтан, қан қысымын төмендету миды оттегімен қамтамасыз ететін антиоксидантты, ноотропты дәрілер беру, құрысу белгілерін тежеу, науқас естен танған жағдайда, ауыз қуысын тазалап, оттегімен демалдыру, ауруханаға жеткізу.