61. Сіреспе. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы.
Сіреспе – Clostridium tetani қоздырғышымен тудыратын жарақаттық инфекциялар тобына жататын контагиозды емес зооантропоноз, қондырмалы мотонейрондардың
нейротоксинмен зақымдалуының әсерінен қанқа бұлшық еттерінің клоникалық және тоникалық тырысуымен сипатталады.
ЭТИОЛОГИЯСЫ
Сіреспенің қоздырғышы –Clostridium tetani. Ол Clostridium туыстығына, Bacillaceae
тұқымдастығына жатады,
ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ
- аурудың көзі – шөппен қоректенетін жануарлар, топырақ.
Жұқтыру жолдары – контакілі - жарақаттанған тері, шырышты қабат арқылы.
Қоздырғыштың берілу факторлары топырақ, көң, нәжіс, шаң, ластанған әр
түрлі тұрмыс заттары, хирургиялық, акушерлік құралдар.
Ең кең таралған сіреспемен зақымдалу жолдары
-Жануарлардың тістеуі
-Темірден алған жарақат
-Оқ немесе пышақпен жарақаттану
-Стерильді емес инемен тесу
-Тікенектен болған жара
Инкубациялық кезеңі 1-21 күн, көбіне 1-2 апта, бірақ 30 күннен артық болуы мүмкін. Инфекциялық ошақ ОЖЖ-нен алыс болса, инкубациялық кезең ұзағырақ
болады. Инкубациялық кезең қысқа болса, ауру ағымы ауыр болады.
Сырқаттың алғашқы кезеңінде ауыз ашудың қиындығы, қысқа мерзімді тырысу, шайнау бұлшық еттерінде ауырсыну, бұлшық ет жиырылуы мен үйкелісін көруге болады. Басты қозғағанда жайсыздық немесе жүргенде, дене қозғалғанда арқада қатты ауырсыну сезімі болады. Жалпы тырысқақтың алғашқы белгісін жұтынудың
бұзылуынан, жұтынған кезде тамақтың жыбырлап ауыруы, кейде іштің бұлшық
ет пердесінің жиырылып, тартылып ауырсынуынан көруге болады. Ауруларда
қорқыныш сезімнің артуы, ұйқысының бұзылуы, жалпы қозу, жара бойында жергілікті ауырсыну сезімі күшейеді.
Қарқынды даму кезеңі. Нышандардың классикалық триадасы дамиды:
Тризм
– шайнау бұлшық еттерінің керіліп тырысуы, ауыз ашуы қиындайды
-Сардоникалық жымию – мимикалық бұлшық еттерінің тырысуы. Бұл кезде адам бір жағынан күліп, бір жағынан жылап тұрғандай болады, маңдайы әжімденіп, ауызы керіліп, езуі түсіп тұрады.
-Дисфагия– жұтқыншақ бұлшық еттерінің керуілінің әсерінен жұтыну қиындайды.
ЕМДЕУ ПРИНЦИПТЕРІ
Науқасқа жеке мейірбикелік бекет тағайындайды. Жатқан палатаның есік-терезелері қымталған болуы қажет.
1) біріншілік ошақтағы инфекция қоздырғышымен күрес;
2) қанайналымдағы токсинді нейтрализациялау;
3) тырысуға қарсы ем;
4)өмірге маңызды ағзалардың функциясын қалыптастыру;
5) сусыздану, гипертермия, ацидозға қарсы ем;
6) асқынулардың алдын алу және емдеу;
7) құнарлы тамақтану, жақсы күтім.
19. Алдын алу шаралары.
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ.
Жоспар бойынша балаларға АКДС және АДС ассоцияцыланған вакциналар егіледі.
Бірінші ревакцинация 9-12 айдан кейін, қалғаны 5-10 жыл сайын жүргізіледі.
Анатоксин балаларға 5-6 ай мен 17 жасқа дейін енгізіледі.
• Қауіпті жағдайларда сіреспелік анатоксин ересектерге 1 ай интервалымен 2 рет 0,5 мл
тері астына тағайындау керек.
• Біріншеден әр түрлі жарақаттардан сақтану керек.
• Жарақаттың ластануын болдырмау, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну.
Достарыңызбен бөлісу: |