Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек


Құтыру. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы



бет46/55
Дата04.05.2024
өлшемі171,45 Kb.
#201747
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55
Байланысты:
Áðîíõûëû? äåì³êïå. Æåäåë ìåäèöèíàëû? æ?ðäåì ñòàíöèÿñû äå?ãåé³íäå

62. Құтыру. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы.
Құтыру-(гидрофобия)-жедел жұғатын қатерлі жұқпалы аурулардың бірі.Қоздырушысы-орталық нерв жүйесін зақымдап ауыр энцефалит тудыратын рабдовирусына жататын (Rabies virus) вирус.Адам жануар денесінен тысқары жағдайда ыстыққа өте сезімтал.60 градус 10-15 мин өледі,қайнатқанда 2 мин өледі.Суықта (12 градус аязда) жыл бойы сақталады.1% формалин,2% спирт,1% тұз қышқылы 2-3 % лизол ж/е хлорамин ерітінділері вирусты тез өлтіреді.1892 ж румын ғалымы Негри Бабеш мидың мидың құрылысын зерттеген.Бабаш-Негри денешігі деп ғылыми әдебиеттерде аталады.1903ж.Ремлингер ауру қоздырғышы вирус екенін дәлелдеді.1884ж.Л.Пастер тұңғыш ваксинаны ұсынды. Эпидемиология.Табиғатта қасқыр,түлкі борсық,суыр,күзен т.б. хайуанаттар,жарқанат құтырып ауырады.Осы жануарлардан ит,мысық,қой,ешкі,жылқы,түйе,кептер,қаз т.б. жануарлар арқылы тарайды.Адамдарға қауіптісі қасқыр мен ит.Аурудың 2 түрі бар 1) жабайы түрі 2) қалалық түрі. Патогенез.Вирус сілекейде болады.Жануарлар тістегенде н/е ашық жарақатқа сілекеймен енеді.Қоныстайтын жері жүйке жүйесі,ми ж/е жұлындарында нейрон талшықтарын зақымдап,ісіну,қан ұю,инфальтрат ошақтарын тудырады.Ми жасушасының цитоплазмасында Бабеш-негри денешіктері пайда болады.Орталық нерв жүйесінен сілекей бездеріне өтіп қайтадан сыртқы ортаға бөлінеді.Алғашқы кезең-рефлекторлы қозғыштық,кейінгі кезеңі-сал(паралич) болуы мен өлімге әкеліп соқтырады.
Клиника.Жасырын кезең 10 күн- 1 жылға дейін көбіне 1-3 ай.3 кезеңге бөлінеді 1-кезең-продрома(депрессия)-1-3 күн ішінде тістелген жарақат қышиды,солқылдайды,сырқырап тоңу сезімі пайда болады,қызарып кетеді.Адам мазасызданып көңілі жабырқаңқы,әлсіздік,тәбеті жоғалып,ұйқысы бұзылады.Қорқыныш сезімі билейді.2-кезең-қозғыштық(возбуждения)-гидрофобия-судан қорқу,көмекей бұлшық еттері жиырылып тыныс алу қиындайды.Су іше алмай,жұтқыншақтың жүйке жүйесі зақымдалады.Дыбыстан,жарықтан,ауа лебінен қорқады-аэрофобия,фотофобич,акустофобич.Дыбыс көз галюцинациялары болуы мүмкін.Терлегіштік,сілікейін жұта алмау белгілері айқын.Ұзақтығы 4-7 күн. T-37,2-37,3 градус.3-кезең-Сал(Паралич).Бет,тіл,аяқ қол бұлшық еттері тартылып қалады.Сал болудан,тыныс алу,жүрек бұлшық еттерінің жиырылуынан 12-24 сағаттан науқас көз жұмады.Ұзақтығы 3-7 күннен 2 аптаға дейін.Белгілері:ауыздан үнемі көбік бөлінеді.Қозғыштық кезеңде науқас,өзін тістеп,тырнайды,киімін жыртады.Өзгелерге де осы әрекетті жасайды.Көп сөйлейді,түсініксіз,байланыссыз. Диагностика-Эпидемиологиялық,клиникалық анализбен анықталады.Лабораториялық анализ-роговица отпечаткасы,тері биоптаты,сілекейден,көзден,жұлын сұйықтығын зерттейді.Бабеш-Негри денешігін табу мен диагноз тұжырымдалады. Емі:1.Ауруды азайту,бұлшық ет жиырылуын азайту үшін-тері астына п/к-пантопон,морфин,хлоралгидрат 2г-1-2 рет беріледі.Тыныс алуын жеңілдету үшін трахеотомия,жасанды тыныс алу қосылады.Қозғыштық синдромында-науқасты арнайы байлайды(гамак).Жануар тістегенде-10 күн шартсыз түрде привика егіледі.Антирабиялық сыворотка немесе антирабиялық иммуноглобулин егіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет