Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек



бет12/55
Дата04.05.2024
өлшемі171,45 Kb.
#201747
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55
Байланысты:
Áðîíõûëû? äåì³êïå. Æåäåë ìåäèöèíàëû? æ?ðäåì ñòàíöèÿñû äå?ãåé³íäå

15. Бауыр комасы. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек.
Бауыр комасы – науқастың санасындағы бұзылыстармен білінетін бауыр ауруларының соңғы кезеңі. Бауыр жеткіліксіздігінің үдеуі. Бауырлық кома. Бауыр қызметі әлсіреген шақта дамиды. Алдымен психикалық аурулар( невроз, ұйқы бұзылуы,эйфория,депрессия) ретінде байқалуы мүмкін.
Клиникалық белгілері: Бауыр комасы кзінде 3 сатысын ажыратады.
І саты: Кома алды сатысы. Басталуы аяқ астынан немесе біртіндеп басталады. Орталық жүйке-жүйесі жағынан өзгерістер болуы мүмкін. Науқастың психикасы өзгереді, науқаста ренжігіш, немқұрайлылық болады. Эмоциональды өзгерістер байқалады: эйфория, апатиямен ауысады және қажу дәрежелері анықталады. Күндізгі уақытта науқас ұйқышыл болады, ал түнде ұйқысыз болады, тәбеті төмендейі, іш қуысында ауырсыну, жүрек айну, құсу, кейде ықылық, есінеу болады. Тері қабатында сарғаю және қасыған іздер болады.
ІІ саты:Қауіптенген кома. Есінің бұзылуымен сипатталады. Сандырақтай және елес пайа боолады. Науқастар уақытты ажырата алмайды. Қозушылық байқалады, терісінде қасыған іздер және сарғаюмен қатар ұсақ нүктелі қан құйылуы болады. Көзінде өзгерістер, көз қарашығы кеңейген. Аузынан бауыр иісі шығады, тілі қызарған (таң қурайдай). Тремормен сипатталады, тістің қызыл иектері қанайды, мұрыннан, өңештен, асқазаннан қан кету болады. Қ/Қ төмендейді, жүрек жиырылуы жоғарлайды. Бауыр, пальпация кезінде үлкейген, ауырсынады. Зәр мөлшері кенеттен азаяды.
ІІІ саты: Толық бауыр комасы. Жағдайы ауыр, есі жоғалған, патологиялық рефлекстер басталады (сору, ұстау, Бабинский, шүйде бұлшық еттері тартылады). Геморрагиялық синдром анық болады, Куссмаул тынысы, ауыздан шикі бауыр иісі шығады, тахикардия, ҚҚ төмендейді, толық анурия, бауыры кішірееді. Чейн - Стокс тынысы болады. Содан кейін тынысы тоқтайды.
Жедел жәрдем:
Комның жедел дамуына науқасты реанимация бөлімшеіне бір жақ қырына жатқызып жеткізу. КК өлшеу, пульс және тыныс алуын қадағалау.
Тасымалдау үстінде ылғалды оттегін беру және көк тамырға 5% глюкоза ерітіндісін, полиглюкинді енгізу.
Көк тамырға 150 мг преднизолонды жіберу.
Психомоторлы қозуда бұлшық етке 1-2 мл – 0,25% дроперидол ерітіндісін (тыныс алу мен ҚҚ бақылап тұру) немесе 2 мл -2,5% пипольфен ер3т3нд3с3н немесе 10 мл -20% натрий хлор оксибутират ерітіндісін 20 мл - 40% глюкоза ерітіндісіне қосып көк тамырға енгізу.
Жедел токсикалық гепатит кезінде антидонтты терапия жүргізу керек:
Ауыр металдармен уланғанда бұлшық етке 5-10 мл – 5% унитиол ерітіндісін енгізу.
Сынап қосындыларымен, қорғасынмен уланғанда 5-10 мл -30% натрий хлорид тиосульфат ерітіндісін көк тамырға баяу енгізу.
Кейінгі емі реанимацияда жалғасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет