Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек


Балалардағы жедел аллергиялық жағдайлар. Квинке ісігі. Диагностикасы. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы



бет35/55
Дата04.05.2024
өлшемі171,45 Kb.
#201747
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55
Байланысты:
Áðîíõûëû? äåì³êïå. Æåäåë ìåäèöèíàëû? æ?ðäåì ñòàíöèÿñû äå?ãåé³íäå

44. Балалардағы жедел аллергиялық жағдайлар. Квинке ісігі. Диагностикасы. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы.
Балалардағы Квинке ісігі
Балалардағы ангионевротикалық ісік – көмейдің, беттің жұмсақ тіндерінің, саусақтардың және кейбір жағдайларда ішкі ағзалардың майлы жасұнықтарының зақымдануын қамтитын жалпы түсінік. Квинке ісігі белсенділігі жоғары биологиялық немесе химиялық заттардың әсеріне жауап ретінде туындайтын, жедел дамитын аллергиялық реакцияға жатады.

Көбінесе көмейдің және ауыз қуысының шырышты қабығы, бет, мойын, кейде қол, аяқ, кеуде және ішкі ағзалар ісінеді. Емізулі нәрестелерде патология 2 жастан жоғары балалармен салыстырғанда анағұрлым жиі туындайды. Квинке ісігіне қыз балалар көбірек шалдығады.


Ауру өзге де алып есекжем немесе ангионевротикалық ісік деген терминдерімен аталады. Патология туындауының жоғары ықтималдығы аллергиялық реакциялары бар, соның ішінде тыныс демікпесі және оғаш дерматит сияқты аурулармен ауыратын балаларға тән.


Балалардағы ангионевротикалық ісік – көмейдің, беттің жұмсақ тіндерінің, саусақтардың және кейбір жағдайларда ішкі ағзалардың майлы жасұнықтарының зақымдануын қамтитын жалпы түсінік. Яғни ангиоісік термині дененің кез келген жерінде өршуі мүмкін қарыштап дамушы ісіну дегенді білдіреді.


Квинке ісігі дегеніміз – күтпеген жерден және жылдам дамитын, бетті және көмей мен ауыз қуысының шырышты қабықтарын ғана қамтитын аллергиялық реакция. Өзге оқшаулаудағы ангиоісікпен салыстырғанда балалардағы Квинке ісігі айтарлықтай ауыр болып есептеледі. Мәселе мынада, жоғарғы тыныс алу жолдары мен дауыс шымылдығының аралығындағы ісіну бронхтардың жиырылуына және тұншығуға алып келеді. Бұндай жағдайларда белгілері пайда болған алғашқы минуттарында-ақ балаға шұғыл түрде көмек көрсетілуі керек.


Балалардағы Квинке ісігінің себептері


Ангионевротикалық ісік бөгде ақуыздарға (оларды басқаша аллергендер деп те атайды) иммундық жүйенің айрықша әсерінің салдары болып саналады. Ағзаға мұндай қоздырғыштар мыналар болуы мүмкін:

Азық-түлік. Жаңғақтар, теңіз өнімдері, цитрусты, экзотикалық жемістер, какао балалар үшін ең аллергенді азық-түліктер болып есептеледі;


Өсімдіктердің микробөлшектері. Тозаңдарға шыдай алмайтын болса, балаларда ангионевротикалық ісік сәйкесінше ағаштар, жайылманың шөбі гүлдегенде, яғни көктем және жаз кездерінде дамиды;
Емдік дәрі-дәрмектер. Аллергияның дамуы тұрғысынан сіңірдің тартылуына қарсы дәрі-дәрмектер, сульфаниламидтер, антибиотиктер айтарлықтай қауіпті болып есептеледі;
Химиялық заттар. Тұрмыстық химия, косметикалық бұйымдарда денсаулыққа зиянды компоненттер көп мөлшерде кездеседі. Балаға нақты бір аллергенді зат бірқатар азық-түлік өнімдерінде, ойыншықтарда болуы да мүмкін;
Шағатын жәндіктердің құпиясы. Аралар, масалар, соналар шаққан кезде қанға биологиялық белсенді қоспа бөледі. Оның әсерінен иммундық жүйе аллергиялық реакцияға жауап қайтаруы мүмкін;
Жануарлар сілекейінің ақуызы. Үй жануарлары үстін жалағанда сілекейі арқылы жүндерінде ақуыз қалдырады. Ал ол аллергияға бейімділігі жоғары балаларға аллерген болуы мүмкін. Кейде Квинке ісігінің дамуы үшін аллергендердің микроскопиялық мөлшерінің өзі де жеткілікті. Сондықтан бала жануарлардың жүні өте көп бөлмеде біршама уақыт болған жағдайда да ангиоісік пайда болуы мүмкін.
Гельминтозбен (паразиттік аурулар), АІЖТ жүйелерінің патологиясымен, эндокринді шалыспен және салқын тигеннен болатын аурулармен жиі ауыратын балаларда аллергиялық реакциялардың кез келген түрінің пайда болу қауіпі жоғары болады. Созылмалы ауруларда иммундық жүйе сәйкесінше төмендейді, ал ол аллергия пайда болуы үшін алдын ала жағдай жасайды.

Балалардағы Квинке ісігінің түрлері


Ангиоісік төрт түрге жіктеледі:

Аллергиялық ангиоісік;


Аллергиялық емес;
Қайталанатын.
Бірінші жағдайда үдемелі ісінудің негізгі себепкері – аллергендер. Квинке ісігінің аллергиялық емес түрінде патологияның дамуы үшін тұқымқуалаушылыққа бейімділік және балаларда иммундық қорғанысты айтарлықтай төмендететін аурулардың болуы шешуші мәнге ие. Егер патологияның белгілері жіті түрде бірнеше рет қайталанатын болса, ангиоісіктің қайталанатын түрі қойылады.

Балалардағы Квинке ісігінің белгілері


Балада Квинке ісігі екенін қалай анықтауға болады? Күрт туындайтын төзгісіз реакцияға бірнеше негізгі белгілер тән. Балада Квинке ісігі екенін қалай анықтауға болады? Күрт туындайтын төзгісіз реакцияға бірнеше негізгі белгілер тән. Балада денесінің бөлек бөліктерінің ісінуі көп жағдайда кенеттен пайда болып, сондай-ақ ісігі ұлғаюын жалғастыра береді. Ісікті оқшаулаудың әдеттегі бөліктері мыналар болып есептеледі:

Беті – қабақ айналасы, ерін, мұрынның ұшы, құлақ;


Ауыз қуысы – тілдің ісіп кеткенін байқауға болады;
Көмей. Көмейдің шырышты қабығының қатты ісінуін дауыстың қарлығуынан, тыныс алудың нашарлауынан, тіпті нашарлап кетуінен байқауға болады;
Шап мүшелерінің айналасы;
Қолдың және аяқтың буындары;
Мойыннан кеуденің жоғары жақ бөлігіне дейін.
Сипап қарағанда ісіген аймақтар тығыз, аздап ыстық болуы мүмкін, олардың үстін басқанда із қалмайды. Балалардағы Квинке ісігінің белгілері есекжем ауруына алып келуі мүмкін, яғни денеде қызғылт көпіршіктер пайда болады. Мұндай өзгеріс кезінде терінің үстіңгі қабаты тітіркеніп, қыши бастайды.

Ангиоісік балалардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндірмейді. Дегенмен ол жоғарғы тыныс алу жолдарына тимеуі керек. Көмей зақымданған кезде тұншығу асфиксияға, яғни тыныс алудың толықтай жоғалуына алып келуі мүмкін. Квинке ісігінің дәл осындай дамуы кезінде бала тынышсызданып, байбалам сала бастайды, ауыз-мұрын үшбұрышы көгереді.


Кейбір кездері ісік құрсақ қуысы мүшелерін және бас ми қабықшаларын қамтиды. АІЖТ зақымданған кезде ауруы, іштің өтуі, құсуы, ауыр жағдайларда іш пердесінің қабынуы мүмкін. Патологиялық процеске бас ми қатыстырылған кезде бас ауруы, бастың айналуы, сіңірдің тартылуы, сөйлеудің бұзылуы, ал асқынған жағдайда менингит болуы мүмкін.


Балалардағы Квинке ісігінің диагностикасы


Диагноз клиникалық көрініс және анамнез жинауы негізге алнып қойылады. Яғни медициналық қызметкер мүмкін аллергендермен қарым-қатынас болған не болмағанын анықтауы керек. Ары қарай міндетті түрде қоздырғыштардың түрін анықтау (ары қарайғы өмірінде баланың ағзасына оның әсері есінде болуы үшін) керек.

Балалардағы Квинке ісігін емдеу


Квинке ісігін толыққанды емдеу шұғыл жәрдем көрсетілгеннен кейін белгіленеді және ол мыналарды қамтиды:

Гистаминге қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдау;


Энтеросорбенттерді қабылдау – ағзадан уыттарды шығаруды жылдамдататын дәрі-дәрмектер;
Созылмалы ауруларды емдеу.
Иммунитеттің жұмысын күшейтуге дәруменді-минералды кешендер көмектеседі. Аллергияға бейімділігі жоғары балаларға, әсіресе, А дәрумені, аскорбин қышқылы, В тобының дәрумендері қажет. Олардың әсерімен тамырлы қабырғалардың беріктігі артады, иммундық жүйенің жұмысы күшейеді, ас қорыту мүшелерінің жұмысы қалпына келеді.

Баладағы Квинке ісігі кезінде көрсетілетін алғашқы көмек


Жедел жәрдем келгеннен кейін дәрігердің барлық нұсқауларын орындау керек. Ауыр жағдайларда ангионевротикалық ісігі бар балаларға Преднизолон, Адреналин салады, оттегімен демалу маскасын беріп, стационарға жатқызады. Ата-аналар ангионевротикалық ісікке тән ең алғашқы белгілер пайда бола салысымен, тез арада жедел жәрдем қызметін шақыру керек екенін естерінде ұстаулары керек. Жедел жәрдем келгенше Квинке ісігі кезінде алғашқы көмекті өздері жасаулар керек:

Аллергеннің одан ары қарай әсер етуін шектеу керек. Яғни жануарлардан, жәндіктерден шектек, ара шаққан жердегі араның бізгегін алып тастау керек және т.б.;


Оттегінің жетіспеушілігін азайту керек. Ол үшін баланың денесін қысып тұрған киімді шешіп, ауамен еркін тыныстауын қамтамасыз ету керек;
Баланы аяғын жоғары көтеріп жатқызып қою немесе оны қолда көтеріп жүру керек;
Тынысы тарылып бара жатқан жағдайда жуынатын бөлмеде ыстық суды ағызып қойып, сонда болуы керек;
Егер ангиоісік дәрі екеннен немесе жәндік шаққаннан пайда болса, онда сол орынға суық компресс қою керек;
Мүмкіндік болса, гистаминге қарсы дәрі-дәрмек беру керек. Супрастин тез әсер етеді, бірақ мөлшермен беру керек;
Балаға су ішкізу керек. Газдалмаған сілтілі су болғаны дұрыс.
Ата-аналарға қатты байбалам салудың қажеті жоқ, өйткені олардың қобалжуы баланың көңіл-күйіне әсер етеді.

Жедел жәрдем келгеннен кейін дәрігердің барлық нұсқауларын орындау керек. Ауыр жағдайларда ангионевротикалық ісігі бар балаларға Преднизолон, Адреналин салады, оттегімен демалу маскасын беріп, стационарға жатқызады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет