Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек


Стенокардия. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы



бет6/55
Дата04.05.2024
өлшемі171,45 Kb.
#201747
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Áðîíõûëû? äåì³êïå. Æåäåë ìåäèöèíàëû? æ?ðäåì ñòàíöèÿñû äå?ãåé³íäå

7. Стенокардия. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы..
Жүрек қыспасы (Стенокардия) жүрек ишемиялык ауруларының нозологиялық түрі. Ол төс артындағы ұстамалы ауру сезімдерімен сипатталады.
Кернелу жүрек қыспасына тән белгілер (ДДҰ): ауырудың сипаты - кысып не жаншып ауыру

- ауыру сезімінің орналасуы- төс арты немесе төстің сол жақ шеті


ауыру сезімінің пайда болуы- физикалык күштеме түскенде
ауыру сезімінің ұзақтығы 10 минуттан аспайды
нитроглицерин қабылдаған соң тез және толық әсер етеді!

Жүрек кыспасының атипиялық түрде айқындалуы ауыру сезімінің эквиваленттері (ентігу, жөтел, кеуденін кысылуы, қыжыл және т.б.), ауыр күш түскенде басталып, аз уақыт ішінде күш түсу тоқтағанда және нитроглицерин қабылдағаннан кейін басылады.


ауыру сезімінің иррадиация аймактарында болуы
ауыру сезімінің ұзаққа созылуы (оны тудырған себептердін сакталуына байланысты АҚҚ, тахикардия, көңіл-күй -күйзелістері.

Тұрақсыз стенокардия - Бұл аурудын морфологиялық негізі тәж артериясының атеросклерозына байланысты. Физикалык күш түскенде миокардта кайтымды ишемияға ұшыраған аймақтар пайда болады. Сонымен катар коллатералды қанайналымының жеткіліксіз дамуы да өзінін септігін тигізеді.


Үдемелі күш түсу жүрек қыспасы- Бұл түрі көбінесе жүрек қыспасымен ұзак ауырған наукаста, онын өршуіне байланысты болады. Ангинозды ұстамалар жиіленіп, ауыр болып, ұзаққа созылады. Кейде иррадиациялык аймактар өзгереді. Сонымен қатар науқастың жағдайы үйреншікті физикалық күштің өзіне нашарлай түседі. Нитроглицериннің әдептегі мелшерінен бұрынғыдай әсер болмайды. Оның дамуына мынадай факторлар әсер етеді: көңіл-күй күйзелістері, кан қысымының кенеттен көтерілуі, дұрыс тамақтанбау, ауыр жұмыс атқару және т.б.


Спонтанды жүрек қыспасы- Жүрек кыспасының бұл түрі өзіне тән бірнеше симптомдармен айқындалады. Мұнда ангинозды ұстама кенеттен тунде не тан ата пайда болады және күнде сол уақытта кайталанып отырады. Ауыру сезімі күшейіп, ұзактығы 10-15 минут және одан да ұзақ болуы мүмкін. Спонтанды жүрек қыспасының морфологиялык негізінде ірі субэпикардиалды артериялардың түйілуі жатыр. Мұндай спазмдар миокардтың трансмуральді ишемиясын тудыруы мүмкін. Ал кейде тәж артерияларынын: орта интрамуральді, майда- субэндокардиальді артерияларының түйілуінің әсерінен болатын жекеленген спонтанды жүрек кыспаларында да кездеседі. Журек кыспасынын бұл түріндегі ұстама физикалық күшке байланыссыз дамиды, бірақ онша ауыр болмайды және ұзақтығы 5-10 минутка дейін ғана созылады.Мұндай аурулардың ұстама аралық кезеңінде физикалық күшке төзімді болуы, коронарлық қанайналымның жеткіліктігіне және коронарлык атеросклероздың айқын болмауына байланысты. Спонтанды жүрек қыспасын көбіне миокардтын жедел инфарктынан, НЦД, кардиалгиялардан, жүректен тыс ауруларынан (перифериялық жүйке жүйесінің, иық бұлшық еттерінің, кұрсақ куысы мүшелерінің аурулары) ажырату кажет.


Жедел ем шаралар: нитроглицерин таблеткасын не аэрозолін 0,4-0,5 мг тіл


астына әр үш минут сайын 3 рет беру; физикалык және көңіл-күй тыныштығын сақтау;
кан кысымы мен жүрек ырғағын бақылап, қалпына келтіру
Жүрек қыспасының ұстамасы сақталса: - оттегі терапиясы
күш түсу жүрек қыспасында-10-40 мг анаприлинді тіл
астына, вариантты жүрек қыспасында 10 мг нифедипинді тіл астына кою;
10 000 Б гепаринді көк тамыр ішіне енгізу;
- 0,25 г ацетил салицил қышқылын шайнату керек. Ауыру сезімінің күштілігіне, науқастың жасына және жагдайына,
АҚК байланысты:
- фентанил (0,05-0,1 мг) немесе промедол (10-20 мг), не
2,5 г анальгинді 2,5-5 мг дроперидолмен көк тамырға баяу немесе беліп енгізу.
Карыншалык экстрасистолияларда: 1-1,5 мг/кг лидокаинды көк тамыр ішіне баяу және әр 5 минутта 0,5-0,75 мг/кг әсері болғанша немесе жалпы мөлшері Змг/кг жеткенше енгізу. Алынған әсерін ұзарту үшін- 5 мг/кг лидокаинді бұлшық етке енгізу кажет.
Наукастын жағдайын қалпына келтірген сон, ауруханаға жеткізу керек




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет