Бронхтық астма — гетерогенді, сыртқы жөне ішкі факторлардың қатысуымен, көбіне экология бұзылыстарының салдарынан дамитын ауру.
Сыртқы (экзогендік) факторлар:
Инфекциялық аллергендер — бактерия, вирус, саңырауқұлақшалар, т.б.
Инфекциялық емес аллергендер - өсімдік тозандары, шаң, өндірістік аллергендер, дөрмектер, тағамдар, микроскопиялық кенелер, жәндіктер мен жануарлардың аллергендері.
Механикалық жөне химиялық тітіркендіргіштер — металдардың, мақтаның, ағаштың, силикаттың шандары; қышқыл, сілтінің булары; өндіріс түтіні.