Байланысты: Броундық қозғалыстың механикалық моделі СӨЖ 2
2. Барометр-анероидтың құрылысы мен жұмыс істеуі Ауаның салмағы болғандықтан ол барлық жер бетіндегі заттар бетінің әр шаршы сантиметріне 1 кг 33 г салмақ түсіреді. Ауаның жер бетіне түсірген ауырлық салмағы атмосфералық қысым деп аталады. Биіктік артқан сайын қысым азая береді. Күн жер бетін біркелкі қыздырмайды, соған сәйкес ауа да әркелкі қызады. Осыған орай жер бетінде жоғары және төменгі атмосфералық қысымды аймақтар пайда болады. Олар бірін-бірі экватордан полюске қарай алмастырып отырады. Жер бетінің түрлі аймақтарындағы және түрлі биіктіктегі атмосфералық қысымды бір-бірімен салыстыру үшін 45˚ ендіктегі теңіз деңгейіндегі қысым алынады. Сынап бағасының 760 мм биіктігіне тең қысым – қалыпты атмосфералық қысым деп аталады. 760 мм сынап бағанасы – ауа қысымының өлшем бірлігі.
Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында әрбір 10 м биіктікке көтерілгенде қысым шамамен 1 мм-ге төмендейді.