Броундық қозғалыс



бет4/7
Дата08.02.2022
өлшемі445,81 Kb.
#121293
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Броундық қозғалыстың механикалық моделі СӨЖ 2

Анеройд барометрі – ішіндегі ауасы сорылып алынған серпімді металл қорапша түрінде жасалған құрал.
Топсеруенге, туристік жорықтарға, экспедицияларға шыққанда атмосфералық қысымды анеройд барометрімен өлшейді. Сырттағы қысым өзгерісін ол тез сезеді. Қысым артса, қорапша сығылады, кемісе, көтеріледі де, бағдарша шәкіл сынап бағанасындағы мм-ді көрсетеді.
Атмосфераның өзі газ екені сендерге өткен тақырыптан мәлім. Оның құрамында оттегі, азот, көмірқышқыл газы және т.б. бар. Бұл газдардан басқа атмосферада өзен, теңіз және мұхиттардан судың булануы кезінде түзілетін су буы болады. Оның мөлшері жыл мезгіліне, температураға, желдің бағытына байланысты өзгеріп отырады. Су буының конденсациялануы нәтижесінде атмосферада бұлт түзіледі. Және жауын-шашын болады, тұман пайда болады
Атмосфераның құрылымы өте күрделі. Оның негізгі қабаттары тропосфера, стратосфера, мезосфера, ионосфера және экзосфера деп бөлінеді. Газдар сығылғыш болғандықтан, жер бетіне жақын ауа қабаттарын оның үстіңгі жағындағы ауа қабаттары басып тұрады. Соның салдарынан атмосфера жердің бетінде неғұрлым тығыз келеді. Ал ауа қабаты жер бетінен неғұрлым жоғарылаған сайын нашар сығылады. Сол себепті оның тығыздығы кеми береді. Мысалы, ауа шары жер бетінен жоғары көтерілген сайын оған түсетін ауа қысымы азаяды. Өйткені, шардың үстіңгі жағындағы ауа бағанының биіктігі кемиді, сонымен бірге ауаның тығыздығы да барған сайын азая береді. Ауа қысымының биіктікке тәуелді болатыны осыдан. Бақылауларға қарағанда 45˚ендіктегі теңіз деңгейінде жатқан жерлерде атмосфералық қысым орта есеппен 760 мм сынап бағанасына тең. Мысалы, мұғалімдерінің көмегімен өздерің тұратын жердің абсолюттік биіктігі мен атмосфералық қысымын салыстырып, қорытынды жасай аласыңдар.
Жоғары көтерілген сайын атмосфералық қысым төмендеп отырады: биіктік (км): 0,1,2,3,4,5,8,10,11. Қысым (мм): 760,674,596,526,462,405,267,198,145.
Егер біз биік тауға көтерілсек немесе төмен шахтаға түссек, құлағымыз бітіп қалатынын сеземіз. Бұл атмосфералық қысымның биіктік пен тереңдікке байланысты өзгеріп отыратынын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет