Атмосфералық қысымды арнайы жасалған құрал – барометрмен өлшейді. Барометр грек сөзі барос – «салмақ», метр – «өлшеймін» деген мағына білдіреді. Алғашқы барометрді итальян физигі Поррочели ойлап тапты.
Атмосфералық қысымды өлшеуге 2 түрлі барометр қолданылады. Олар сынап барометрі мен анероид барометрі.
Сынап барометрініңқұрылысымен танысайық. Ұзындығы 1 метрге жуық шыны түтікшенің бір жағын бітеп, оған толтыра сынап құяды, түтіктің ашық жағын сынабы бар тостағанға батырады. Түтіктегі сынаптың біразы шыны тостағаншаға құйылып, жоғарғы бөлігі ауасыз бос қалады. Белгілі деңгейде сынап ағуы тоқтайды, себебі ауа тостағаншадағы сынапты қысып, оның төгілуін тоқтатады.
Атмосфералық қысым артса, тостағаншадағы сынап түтікшеге өтіп, деңгейі көтеріледі. Ал кемісе, тостағаншаға сынап қайта құйылады да, деңгейі төмендейді.
Түтікше бойына мм-ге бөлінген шәкіл белгіленеді. Сынап барометрін алып жүру қолайсыз, сондықтан онымен қысымды арнайы орындарда ғана (мысалы, бекеттерде) өлшейді.