Ұбт -ге психологиялық дайындау бойынша ата- аналар мен мектеп бітіруші түлектерге жадынама



бет2/2
Дата10.03.2017
өлшемі0,98 Mb.
#11164
1   2

ҰБТ-ға арналған кеңестер.
1. Баланың ҰБТ-ден алатын балл саны туралы уайымдамаңыз және балаларды ҰБТ-ден кейін сынамаңыз. Балаға тестілеуден алатын балл саны оның мүмкіншілігін тексеретін толық көрсеткіш емес екендігіне сендіріңіз.
2. ҰБТ қарсаңында баланы көп мазаламаңыз. Бұл – тестілеу қорытындысына теріс әсер етуі мүмкін. Ата-аналарының қобалжуы балаларға беріледі. Ал егер ата-анасы жауапты кезеңдерде өз эмоцияларына ие бола алмаса, жас бала тіпті де қажып, сынуы мүмкін. Балаларды сергітіп, олар орындаған әр жақсы істері үшін мақтау айтыңыз.

3. Балалардың өз-өзіне деген сенімділігін арттырыңыз, себебі балалар сәтсіздіктен қорқа түскен сайын, қателіктер жіберу ықтималдығы да арта түседі.

4. Балаңыздың көңіл-күйі мен денсаулығын жиі тексеріп, қадағалап отырыңыз, баланың жан дүниесін Сізден артық ешкім түсінбейді. Баланың қатты шаршап, қажуына жол бермеңіз.
5. Баланың дайындық режимін қадағалап отырыңыз, бала дайындық арасында демалып отыруы тиіс.

6. Үйден баланың дайындалуына қолайлы жер беріңіз, үйдегілердің ешқайсысы бөгет болмауын қамтамасыз етіңіз. Баланың тамақтануына үлкен көңіл бөліңіз: баланың оймен қарқынды жұмыс істеу кезінде оған сіңімді әрі әр түрлі витаминді тағамдар жеуі керек. Балық, ірімшік, дәндер, жаңғақ, құрма, т.б. тағамдар мидың жұмыс істеуіне жақсы көмектеседі.


7. Балаларыңызға дайындық тақырыптарын әр күнге бөлуге көмектесіңіз.

8. Баланы емтиханға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Барлық қажетсіз ақпараттарды жаттатқызудың қажеті жоқ, дәрістің негізгі керектілерін және логикасы мен мағынасын түсініп алу жеткілікті. Оқылған материалды қорыту үшін қысқаша схематикалық сызбалар мен таблицалар жасау өте пайдалы. Егер бала оларды жасауды білмесе, практикада жасап көрсетіңіз. Негізгі формула немесе анықтамаларды керует қасына, үстел қасына немесе асханаға, т.б. іліп қоюға болады. Пән бойынша әр түрлі тестілер нұсқасын дайындаңыз (қазіргі уақытта тест тапсырмаларының неше түрлі жинақтары бар). Тестермен жұмыс істеу маңызды болып табылады, себебі оқудың бұл түрі балаға үйреншікті болып табылатын ауызша және жазбаша емтихан түрлерінен өзгеше.


9. Тестімен жұмыс істеу кезінде баланы алдын ала уақытты бағдарлау мен оны үнемдей білуге үйретіңіз. Сонда ғана бала қобалжымай, тестіге толық көңіл бөлуде тәжірибесі мол болады. Егер ол бұрын қолына сағат тақпайтын болса, оған тестілеу кезінде міндетті түрде сағат беріңіз.
10. ҰБТ қарсаңында бала жақсылап дем алып, ұйқысын қандыруы керек




Емтиханға қалай дайындалу керек?
Қиын жағдайдан шығуда асығыстық жасамай, өз алдыңа мақсаттан тыс жетістікке жетуде үлкен міндеттер қойма. Жағдайдың қиындауын күтпе.
- Емтиханға даярлықты ертерек баста;
- Егер күшің мен ойыңды жинақтау қажет болса, алдымен ең оңайын есте сақтауға тырыс, содан соң қиын материалдарды зерделеуге кіріс. Шиеленісті, шаршағанды басатын жаттығуларды күн сайын жаса

Егер көзің талса:
Емтиханға дайындық кезінде көзге үлкен күш түседі. Егер көзің талса ағзаң да шаршайды. Емтихан тапсырмаларын орындауға күшің жетпеуі мүмкін. Көз демалу үшін кез келген екі жаттығуды жаса:
Жоғары төмен кезек-кезек қара (25 сек.), оңға-солға (15 сек.)

- Көзбен өз аты-жөніңді жаз; алыста тұрған затқа қарап (20сек.),содан соң алдыңдағы қағазға (20сек.) кезекпен қара.


- Көзбен квадрат, үшбұрыш сыз, алдымен сағат тілі бағытымен, кейін қарсы бағытта.
Күнді үш бөлікке бөл:

- 8 сағат емтиханға дайындал;


- Спортпен айналыс, таза ауада жүр, музыка тыңда;
- 8 сағаттан кем ұйықтама, түскі тамақтан кейін де ұйықтауға болады.

- Сабаққа дайындалатын уақыт таңғы 11.00-ден және түстен кейін 16.00-ға дейін. Осы аралық оқыған материалдар есте сақтауға тиімді уақыттар.


Тамақтану:

- 3-4 рет витаминге бай, құнарлы тамақ ішу керек. Грек жаңғағы, сүт тағамдары, ет, балық, көкөніс, жеміс, шоколад тағамдарымен тамақтан.



Сабаққа дайындалатын орын:

Өз жұмыс кеңістігіңді дұрыс ұйымдастыр.

Үстелге сары және сия түсті зат немесе сурет қой, бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады.

Демалыс, үзіліс сәттерінде жасыл, көгілдір түстердің болғанына пайымдау жасаған да жақсы.


Материалды қалай есте сақтауға болады?
- Ең бірінші, есіңе түсіріп қысқаша бәрін жаз, негізгі оқиғаларды,дәлелдердің дұрыстығын тексер.
- Оқулықты оқи отырып, ең негізгі пікірлерді бөліп ал-бұл жауаптың тірек бөлімдері. Жауаптың жоспарын құрып, жауабын кішкене қағаздарға жаз.

Есте сақтаудың тиімді түрлері:

Есте сақтаудың жетекші түріне сүйену керек. Көлемді және шағын материалдармен жұмыс істегенде, үлкенінен бастаған дұрыс.


- Есте сақтаудың шоғырланған түрінен гөрі үлестірмелі түрі тиімдірек.

- Бірнеше рет жай оқығаннан гөрі, есте сақтай отырып оқуға жіберген уақыт тиімдірек.


Ойлау қабілетін қалай дамыту керек?
- Егер көп білгің келсе мұқият тыңдауды, дұрыс жауап беруді үйрен.


Үржар 2016



- Ойлау қабілетің болмаса білімің де болмайды.
- Ойлау қабілеті сұрақтардан басталады. Неге? Қалай? Оларға сұрақ қойып және жауап бере біл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет