Ұбт-ның мақсаты: Ұбт –жоғары білім алуға барлық бітірушілердің тең дәрежеде қол жеткізуі, білім берудің сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру. Ұбт-ның жоғары нәтижесі 11-сыныпта ғана пайда болмайды
ҰБТ-ның мақсаты: ҰБТ –жоғары білім алуға барлық бітірушілердің тең дәрежеде қол
жеткізуі, білім берудің сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру. ҰБТ-ның жоғары нәтижесі 11-сыныпта ғана пайда болмайды. Қазіргі мектепте мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесіне де жауапкершілігі қалыптасқан. ҰБТ-қа дайындаушы басты тұлға –мұғалім. Мұғалім ҰБТ-ға дайындауда әр түрлі тәсілдердің қолдана отырып жетістікке жете алады.
Тест жұмыстарын жинақтау, тақырыптар бойынша бақылау тестілері. Бұрынғы
жылдан бергі барлық тест түрлері жинақталса. Тест оқушылардың білімін салыстыруға білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. Мұғалім оқушыдан бұрын тесттерді қарап шығып, жауаптарын дайындайды, қиындық келтіретін сұрақтарға талдау жасайды. Кейін осы тесттерді барлық оқушыларға таратып, талдау жасайды.
Осы сынама тесттердің де оқушыға пайдасы өте көп. Оқушы өзін ҰБТ-ға тапсырып
отырғандай сезінеді, әрі жауабын білгенше асығады. Кейбір оқушылар жауаптарының
қаншалықты дұрыстығын білу үшін мұғалімдерге тексертуге тырысады. Бұл дұрыс емес, оқушы әуелі өзі тексеріп, онан соң қасындағыларға тексертіп, тек күмәнданған сұрағын ғана мұғалімнен сұрауы керек. Ол арқылы оқушының сол тақырыпты қалай меңгергенін көріп, қай жерлерді дұрыс меңгере алмағанын көруге болады.
Бірнеше жауабы бар тест сұрақтарын талдау- бұл тестпен жұмыс жасау кезінде
байқағаным оқушының қызығушылығы басым болады екен. Әрқайсы қасындағы оқушыдан көбірек жауап тапқысы келіп мұқият зерттеп қарай бастайды екен. Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін өте қажет тест түрі.
Сұрақтармен жұмыс істеуге тиімді тәсілдерді қолдану. Сұрақтармен жұмыс жасағанда, ең бірінші ескеру керек нәрсе оқушының қызығушылығын ескеруіміз керек. Сұрақтарды баланы жалықтырмау үшін түрлендіріп отырған дұрыс. Сұрақтың мазмұнын ғана емес, берілу түрінде түрлі үлгіде жасаған дұрыс.
Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар. Бұл жеке бір тақырыпта
жұмыс істеуге өте тиімді тәсіл. Әр өтілген тарауды оқушылардың қалай меңгергенін осы тапсырманы орындатқаннан кейін анық байқауға болады.
Логикалық тапсырмаларды талдау. Соңғы жылдары ҰБТ кезінде берілетін
сұрақтардың ішіне логикалық тапсырмаларда енгізіле бастады. Соған орай дайындық кезінде оқушыға осындай сұрақтардың кездесуі мүмкін екенін түсіндіретін отырып, логикалық тапсырмалармен де жұмыс жасап үйреткен дұрыс.
Сәйкестендіру тест түрі жауаптардың сәйкес болуы керек.
Биологиялық диктанттар алу. Балама тест «иә», «жоқ» деген жауаптар арқылы жүзеге асады.