Будда (санскрит сөзі – көзі ашылған деген мағынада) діні


жылы 15-тамызда жергілікті Собор жиналып



бет9/12
Дата02.05.2020
өлшемі77,68 Kb.
#65482
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
2-тапсырма

1917 жылы 15-тамызда жергілікті Собор жиналып, патриархшылдықты қалпына келтірді. 1917 жылы 18-қарашада Москеу митрополиті Тихон (Беллавин) (1865-1925) патриарх болып сайланды. Озінің дінбасылары мен діндарларына жолдауында Тихон сенімді күшейтуге, қоғамға адамгсршілік ықпалды артгыруға, саясатқа араласпауға шақырады. Бірақ Кеңес үкіметі Синодтык типографияны торкілеу, ажырасу, өсіресе, «шіркеуді мемлекет пен мектептен болу» туралы декреттер мен қаулыларды қабылдаған соң Тихон мемлекеттік актілерді айыптайтын қүжатгарды жариялады. Тихон 1922 жылы 23 ақпанда жарық корген аштыкқа үшырағандарға комек корсету мақсатында шіркеудің қүнды мүліктерін тәркілеу туралы ВЦИК-тің декретіне ашық қарсы шығып, 1922 жылдың 28 ақпанындағы дінбасылары мен діндарларға үндеуінде декретке қарсылық корсетуге шақырды. 1922 жылдың мамырында патриарх кылмыстық жауапқа тартылды. Ол мемлекет пен шіркеудің тайталасының шіркеу үшін ауыр зардаптары болуы мүмкін екенін түсінді.

Православиелік сенім құдайылық аянның нотижелері болып табылатын озгермейтін ақиқагтар - догматтар жиынтығына негізделеді. Олардың ішіндегі негізгілері - Құдайдың үштік бірлігі догматы, Құдайға айналу мен күноны өтеу догматгары. Үштік догматтың мәні мынада. Құдай тек түлғалық емес, рухани мон. Ол үш бейнеде (ипостастарда) - Құдай-Әке, Құдай-Бала, Құдай- Қасиетті Рух болып көрінеді. Бүл үш бейне өз монінде ажырамайтын, Құдайылық дорежесі тең біртүтас Қасиетті үштікті қүрайды.

Құдай-Әке тумайды және басқалардан бастау алмайды. Ол «Православиелік катехезистің» анықтамасына сай «Мәңгілік, Мейірімді, Борін білетін, Әділетті, Қүдіретті, Өзгермейтін, Рахымшыл, Бәрін көретін Рух» /4/ (Православный церковный календарь. 1991. 84 б.). Ол жер мен аспанды, козге корінетін жоне корінбейтін дүниені ештеңеден жаратты. Құдай топырақтан алғашқы пенде Адамды, ал оның қабырғасынан алғашқы әйел Еваны жаратты. Адамның жаратылыстағы мақсаты - Құдайды танып, Құдайды мадақтау, сол арқылы рахатқа белену. Адамды жаратқан Құдай оған ез әрекетін де таратты. Ол дегеніміз Жаратушы адамдарды қолдап, оларды жақсылық жолына салады, зұлымдықты тоқтагады, парызды бұзуға жол бермейді

5. Христиан діни ағымдары

Біздің дәуірімізге дейінгі VІ-ІІ ғғ Вавилон, парсы, македон басқыншылығынан және жателдік Птолемей мен Селекви әулеттерінің билігін бастан кешірген палестиналық яхудилер (еврейлер) аз уақытқа саяси тәуелсіздікке қол жеткізген болатын. Б.д.д. 140 жылдан бастап, тәуелсіз Иудеяны маккавей (хасмоней) әулетінің алғашқы священник-патшалары билейді. Олар ел аумағын ұлғайтумен қатар, тұрғындарға яхудей дінін қабылдатуға белсенді атсалысады. Ал б.д.д. 36 жылы Рим қолбасшысы Гней Помпей әскерлері Иудеяны жаулап алғанда, Палестина да Рим империясының бір бөлігіне айналады. Иудея мен Самария өзін өзі басқарудың соңғы белгілерінен айрылады. Енді билік толығымен Рим тағайындаған билеушінің қолына шоғырланады. Бас абыз басқарған абыздар мен ақсүйек өкілдерінен тұрған кеңес – Синдрионның құқы шектеліп, ол римдіктердің толық бақылауына өтеді. Саяси тәуелсіздіктен айрылуды Палестина тұрғындарының бір бөлігі қасірет ретінде қабылдайды. Халық арасында әкелер өсиетін, діни рәсімдер мен тыйым салуларды бұзғаны үшін құдай қаһарына ұшырағандық туралы пікірлер кең таралады. Бұл яхудилердің діни-ұлттық топтары – хасидейлер (ізгі яхудилер) мен фарисейлер (жіктелгендер) ұстанымдарының нығаюына көп ықпал етеді. Фарисейлер иудаизмнің тазалығы үшін жат-жерліктердің ықпалына қарсы күресіп, дәстүрлі тіршілік нормаларын сақтауға шақырады. Жергілікті дәстүрлермен, киелі діни орындармен санаспаған жатжерліктер билігіне деген наразылық, Римге қарсы көтерілістердің аяусыз басып-жаншылуынан туындаған енжарлық, әлеуметтік және мүліктік теңсіздіктің тереңдеуі біздің дәуіріміздің І ғасырында Палестинада көп кешікпей құтқарушының, мессияның (машиах) “құдай белгісі бардың” келетінін және оның яхуди халқын құтқарып, “яхуди патшасы” болатындығын уағыздаушылар қаптап кетеді. Шығыстың әртүрлі діни ілімдері сияқты Рим діні де аш-жалаңаш халыққа ешбір үміт бере алмайды, Рим дінінің ұлттық сипаты ұлттық әділеттілік, аман қалу теңдігі идеяларын нығайтуға мүмкіндік бермейді. Міне, дәл осы тұста тарих сахнасына христиан діні шығады.

Христиан діні жан біткеннің барлығының Құдай алдындағы тең екендігін айтып, адамдардың көкейінде әділетсіздік пен қанаушылықтан құтылудың үмітін оятады. Құдай алдында барлық адамдар тең деген идея жергілікті билеушілер тарапынан үлкен қарсылыққа тап болып, христиан дінін қабылдаушылар жаппай қудаланады. Олар жергілікті билік өкілдерінен қашып жүруге мәжбүр болады. Жер асты шіркеулері салынады. Дегенмен, көп ұзамай Христиан дінін уағыздаушылар көбейіп, оның қатарына тұрғындардың көп бөлігі, соның ішінде билік иелері де тартыла бастайды. Христиан діні догматикасы 4- 6 ғасырларда қалыптасса, онда каппадокиялық діни ғұламалар Григорий Назианзин (330 – 390), Григорий Нисский (335 – 394), Василий Кессарийский (330 – 397) маңызды рөл атқарады. Христиан догматтары үлкен тартыс-таластар арқылы жүйеленеді. Бірақ діни таластар догматтардың канондығын анықтағасын да тоқталмайды. Ақырында бұл таластар христиан шіркеуінің әр түрлі ағымдарға бөлінуіне алып келеді. 5 ғасырдың ортасында ортодокстық Христиан дінімен келіспейтін Армян, Копт, Малабар, Эфиоп, Иаковит, Абиссин шіркеулері жіктеледі.

Христиан діні құлдық тәртіпті айыптап, қарапайым халықтың мүдделерін қорғауға талпынады. Сөйтіп, адамдарға Христос әкелген құдай ақиқатын тану арқылы әрбір адам бостандыққа жете алады деп жариялайды. Адам төзгісіз қоғамдық қатынастарға қарсы шығып, әр адамға түсінікті адамгершілік құндылықтарды ұстануға шақырған христиан діні тез арада үлкен идеялық күшке айналады.

Христианшылдық иудаизмнің, митраизмнің, көне шығыс діндерінің философиялық көзқарастарының тұжырымдамалық идеяларын игеріп, қайта қарастырады. Осының бәрі жаңа дінді байытып, нығайтса, оны ұлттық-этностық мәдениеттерге қарсы тұруға дәрменді мәдени-интеллектуалдық күшке, бұқаралық қозғалысқа айналдырады. Христианшылдықтың бұрынғы діни-мәдени мұраны игеруі жаңа ілімнің жалпыға танылуына мүмкіндік берді. Бастапқыда негізінен қоғамның төменгі таптары – құлдар, ерік алғандар, қайыршылар және тағы басқалардан тұрған дін ІІ-ІІІ ғасырлардың соңына қарай қолөнершілерді, саудамен айналысушыларды, жер иелері мен шонжарларды, сенаторлар және әскери атағы бар адамдарды да өзіне тарта білді. Христиандық қозғалысқа ақсүйектер мен білімді адамдардың тартылуы оның әлеуметтік мазмұнын өзгертті. Жоғары тап өкілдері қауымда жетекші орындарға ие болды, мүлік жұмсау мен діни рәсімдерді атқаруға басшылық етті. Сол себепті олар теңсіздікті жою, қалыптасқан тәртіпке қарсы шығу идеяларын христиандықтан ығыстыруға тырысты.

Ол заманда Римде императорға адалдық культі кең таралған еді. Император мүсінінің алдында құрбандық шалудан бас тарту саяси күмәнділіктің белгісі саналатын. Христиандар бұл рәсімді ұстанудан бас тартқандықтан, императорлар Траян (53-117), Марк Аврелий (121-180), Семтимия Север (146-221), Валериан (193-260 жж. шамасы), Диоклетиан (245-316) және т.б. кезінде христиандар қатты қуғынға ұшырады. Ал азап шеккендердің культі христиандықтың таралуына және христиандардың одан сайын бірігуіне ықпал етті. Қуғыннан запа шеккен көптеген христиандар шөл далаларға қашып, христиан монахтығының пайда болуына негіз қалады.

Қанша қуғындалса да христиан дінін ұстанушылардың бірте-бірте әлеуметтік құрамының өзгеруі олардың әлеуметтік эволюциясын да анықтады. Осылайша шіркеу мен қауым басшылары императорлық билікпен жақындасуға ұмтылды, ал императорлық билік өз тарапынан империяны бір дін аясында топтастыруға мүдделі болатын. Өйткені, империя аясындағы халықты бір дінге ұйыстырудың мемлекеттің тұтастығына, нықтығына алып келетінін ұққан империя үшін ол таптырмас құрал еді. Осы ойдан туған империяның ұлттық діндерді біртіндеп, атап айтқанда, римдіктердің көп құдайлы дінін әлемдік дінге айналдыру ойы сәтсіз аяқталды. Сондықтан империя халқының бәріне түсінікті ортақ нәрсе қажет болды. Осыдан барып император Константин 312 жылы христиан дінінің мемлекеттік дінге айналуына бастау болған Милан шешімін қабылдады. Ал 325 жылы толыққанды билікке қол жеткізген Константин Рим империясының аумағында христиандықтың шектеусіз таралуын және оның басқа діндермен теңдігін қамтамасыз етті. Христиан ілімі Қасиетті Жазу – Інжіл мен Қасиетті Хикаяға – шіркеу әкейлерінің айтқандарына, соборлардың шешімдеріне негізделеді. Алайда, ежелгі христиандықта бұл негіздер болған жоқ. Христианшылдық ұзақ уақыт бойы ауызша дәстүрге негізделген уағыздар айту, аңыз-әңгімелер – “игі хабарлар” арқылы таралды. Алғашқы ғасырларда әртүрлі қауымдарда әртүрлі Інжілдер, жеке адамдардың істері туралы жазбалар пайда болды. Сол уақыттарда белгілі болған: Петр, Андрей, Варфоломей, Лука, Иоанн Інжілдері, аталған Матвейден келген Інжілдердің әртүрлі нұсқалары бар еді. Сонымен қатар, топтардың атауымен аталып, сол топтарда қадір тұтылған інжілдер де, мысалы, назорейлер, эбиониттер, еврейлер інжілдері де пайда болды. Бұдан басқа Петр Апокалипсисі, Павелдің лаодикейліктерге, александриялықтарға арнаған хабарлары, оның Сенекамен алысқан хаттары, Петр уағыздары, 12 хауарилер (апостол) ілімі (“Ди-дахе”), Герма “Пастрі” сияқты аян алу жанрына жататын кітаптар да кездесті.

Христиандар арасындағы кикілжіңнің себебін түсінгісі келген император Константин епископтардан қасиетті кітаптар тізімін жасауды талап етті, сөйтіп, канонды жасақтау ісін тездетті. Константиннің мақсаты бір орталықтан басқарылатын империяға сәйкес келетін ортақ ілім негізінде шіркеулерді біріктіру болды. Константин көз жұмғаннан кейін, 363 жылы Лаодикей соборы канондалған христиандық шығармалардың тізімін белгіледі. Алайда, Жаңа Өсиет құрамына енген кітаптар тізімі 429 жылы Карфаген соборында бекітілді. Жаңа Өсиет құрамына 4 Інжіл, Хауарилердің 21 өсиеті және Иоанның Апокалипсисі кірді. Бұлардың барлығы христиандар үшін киелі кітаптар болып саналады. Ал қалғандарын шіркеулік дәстүр апокрифтік (жалған) шығармалар қатарына жатқызады.

Христиан дінінің 3 тармағы:

Проваславие

Католицизм

Протестанттық

 

Православие – құдайды дұрыс мадақтау дегенді білдіреді. Шіркеулердің бөлінуі нәтижесінде ХІ ғасырда бөлініп шыққан христиандықтың бір бағыты болып табылады. Православиенің сенім негізін Қасиетті жазу мен Қасиетті хикая құрайды. Православиенің негізгі қағидаттары сенім белгісінің 12 тармағында берілген. Православие сенімінің маңызды белгілері құдай бірлігінің догмасы (Құдай Әке, Құдай Бала және Құдай Қасиетті Рух), Иисус Христостың құдай кейпіне өтуі, күнәсін жууы, қайта тірілуі және көкке көтеріліп кетуі болып табылады. Қазіргі уақытта православиеде 15 автокефаль шіркеуі бар: Албан, Александрия, Америка, Антиохия, Болгар, Грузин, Иерусалим, Кипр, Константинополь, Польша, Румын, Орыс, Серб, Чехословак, Эллада және 4 автономдық: Крит, Синай, Финляндия, Жапондық шіркеулер православиелік діндарларға қызмет етуде.



Католицизм (гректің Кatholikos – жалпы, бүкіләлемдік деген мағынаны білдіреді) – бұл христиандықтың батыс бұтағы және Батыс және Шығыс Еуропада (Франция, Бельгия, Италия, Португалия, Польша, Чехия, Венгрия), Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінің көпшілігінде тараған. Азия мен Африкада католиктер бар, бірақ католицизмнің әсері мұнда онша емес. Соңғы 100 жыл ішінде католиктер саны 4 есе артты. Католицизмді шамамен 200 мың қауымға біріккен 1 миллиардтан астам сенушілер уағыздайды, оларда шамамен 560 мың священник жұмыс істейді.

Протестантизм – (лат. Рrotestants – қарсы келуші, келіспейтін деген мағына) христиандықтағы үшінші бағыт, Протестантизм католицизммен күресте оның маңызды түсініктері мен болжамдарын қабылдамау негізінде құрылды.



6. Мартин Лютер және Германиядағы реформация

Мартин Лютер (1483-1546)- неміс ойшылы және қоғам қайраткері, Германиядағы бюргерлік реформалаудың басшысы, немістің протестантизмнің(лютерандық) негізін салушы, жалпы немістік әдеби тілді құрастырушылардың бірі. Лютерге 14 ғасырдағы мистиктердің идеялары жақын; «адамның ішкі жан дүниесінің» құдаймен бірлігі туралы ілімді Лютер «сеніммен ақтау» іліміне аударған: бірлік - сенімі, рухты сақтаудың шарты; игі істер - сақтануға жеткілікті жол емес, тек сенімді көрсетудің жемісі ғана.   Реформация - римдік католиктік шіркеудің монополиясында, христиан діни ілімін Папа билігі тұрғысынан түсіндіруге қасы бағытталған Солтүстік және Орталық Еуропадағы 16 ғасырда діни - қоғамдық қозғалыс Реформацияның көсемдері және негізін салушылар - М. Лютер мен Ж. Кальвин. Реформацияның нәтижесі христан дінінің жаңа тармағы - протестантизмнің пайда болуы. Протестантизмнің римдік-котоликтік шіркеуден бөлінуін Папа тағы заңды түрде мойындады. Протестантизмде шіркеу осы дүниелік институтқа, ал Інжілді білу оның діни негізіне айналады. Зұлымдық - діни надандықтың синонимі, ол Құдай сөзін білмеудің салдары. Дүниені Құдай сөзін халыққа түсінікті тілде уағыздау арқылы түзетуге болады. Реформацияның басталуы. Еуропа елдерінің мәдени-тарихи дамуындағы басты кезең — Реформация дәуірі болып саналады. Реформация — XVI ғасырда алғашқы ширегінде неміс елінің топырағында дүниеге келген діни-идеологиялық және әлеуметтік-саяси қозғалыс. Ол католиктік бағыт түрінде қалыптасқан христиан дінінің кейбір қағидаларын қайта қарап, жаңғыртуға бағытталған. Бұл қадам Римдік-католиктік шіркеудің шектен тыс шығушылығынан, оның қарама-қайшылықтарға толы идеологиясына көңілі толмаушылықтан туған еді. Өзінің мәні жағынан алып қарағанда, Реформация буржуазия табының ескі орта ғасырлық тәртіптеріне қарсы болатын. Христиан дінін қайта қарауды, адамның дүние-танымы мен сана-сезімін өзгертуді мақсат еткен бұл діни қозғалыс жаңа капиталистік қарым-қатынастарға жол ашып берді. Реформацияның ең басты мәселелерінің бірі — христиан дінінің жаңа үшінші бағыты — протестанизмнің католиктерден алшақтай бастауы. Сонымен қатар, папа бастаған Римдік католик шіркеуінің билігіне шек қойылды, одан қалды кез келген шіркеу билігі мен байлығына тосқауыл жасалды. Реформация қозғалысының мазмұны мен мәні — оның объективтік қорытындылары сияқты осы қозғалысқа қатысушылармен қатар, бұл қозғалысқа дем беруші — идеологтарға да түсініксіздеу болып қалған сияқты. Олай болса, мәдени-тарихи процесс үшін Реформацияның маңызын анықтау — бүгінгі таңдағы тарих және мәдениеттану ғылымдарының үлесіне тиер келелі мәселе болып қалары сөзсіз.   Реформацияның басталуы — «Қайта жаңғыру» мәдениетінің соңғы кезеңімен сәйкес келеді. Демек, бұл діни қозғалыс адамзат баласы басынан кешірген прогрессивтік төңкерістердің ішіндегі ең ұлы мәдени тәңкеріс — «Қайта жаңғыру» дәуірінің заңды жалғасы болып саналады. Ал осы екі мәдени-діни қозға- лыстардың арасында заман ағымынан, рухани қажеттіліктен туған байланыс та, қарама-қайшылық та бар, өйткені Қайта жаңғыру дәуірінің тарихи маңызы — гуманизм идеологиясымен, гуманизм идеяларымен таразыланады. Шындығында да, гуманистер адамның ұлылығына, оның жан-дүниесінің сұлулығына, оның бойындағы ізгілік қасиеттерге табына отырып, адамның бостандық алуға, бақытты болуға еркі бар екендігін жариялады, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әділдік, адамгершілік, теңдік жағдайында болу керек деп есептеді, адамның игілігі — әлеуметтік құрылыстың негізі болып саналатындығын мойындады, адамды дін бұғауынан босатуға күш салды. Олар адамның атағы мен шыққан тегіне қарамай тәуелсіз болуын қалады, оның жан-жақты жетілуін жақтады. Гуманистер адам — құдайдың ең жетілген, ең әсем, ең әдемі туындысы деп санады. Олар Библияның адам жөніндегі қағидаларын — оның жасампаздық, шығармашылық қызметтерімен байланыстыра қарастырып, дүниені танып-білу, оны өзгерту, дүниені еңбекпен жаңғырту, өнерді, ғылымды, қолөнерді өркендету — адамзат баласының қасиеті де, ардақты борышы деп түсінді. Ал осы бір адам ұлылығын, оның бойындағы адамгершілік қасиеттерді дәріптеушілікке Реформация — адамның құдай алдындағы дәрменсіздігі туралы идеяны қарама-қарсы қойды. Адамзаттың ақыл-ойы мен таным күшінің құдіреттілігін дәріптеу — протестанттық ағымның тосқауылына жолықты. Мартин Лютердің өмірі және Реформацияның қаһармандары «Ақыл-ой» иелерін жек көру, ғылымға деген өшпенділік етек алды. Өз қабілеттерін қажырлы да, табанды еңбегімен дамытып, алға қойған мақсатынан қайтпайтын, өздеріне сенімді Реформация қайраткерлерінің өздері де халықтың арасынан шыққан адамдар болатын. Осы жағынан алып қарағанда, олар — білімді ақсүйектер қатарына жататын, философия, поэзия және т.б. ғылым салаларын жетік меңгерген Қайта жаңғыру заманының гуманистерінен аралары едәуір алшақ болатын. Осы орайда мынандай орынды сұрақтар туындайды. Адамның ұлылығын дәріптеген, болашақ ұрпаққа өнердің тамаша ескерткіштерін, өнердің сан-саласынан баға жепес асыл мұралар қалдырған Қайта жаңғыру дәуірінің гуманистік мәдениеті мен реформаланған христиандық гуманизмнің аясында қалыптасқан, дүние- танымы өзгеше, жаңа дін мен адамның арасында қандай үқсастық бар? Осыдан келіп екінші сұрақ туындайды. Ақсүйектік — элиталық мәдениет пен дүниеге діни көзқарастың жаңа тәсілінің арасында қандай байланыс бар? Бұл сұрақтарға жауапты күні өтіп бара жатқан феодалдық қоғам мәдениетіне қарама-қарсы енді ғана қалыптасып келе жатқан буржуазиялық қоғамның қойнауында туындаған Қайта жаңғыру дәуірі мәдениетінің жаңа бағыттарының: ақсүйектік (гуманистік) және діни (реформация) табиғатынан іздеуіміз керек. «Бірінші буржуазиялық революция» деген атаққа ие болған бұл діни қозғалыстың дем берушісі — Витенбергуниверситетінің профессоры, Августин шіркеуінің монахы Мартин Лютер. Дін саласындағы түбегейлі өзгерістер, яғни реформалар жолындағы бұл қозғалыс — католиктік шіркеуді қайта құруға, діни салт-жоралар үшін төленетін шамадан тыс мөлшердегі салықтарға тыйым салуға, христиан дінінің қарама-қайшылықтарға толы қағидаларын алып тастауға бағытталды. Демек, бұл қозғалыстың нәтижесінде жаңа шіркеу және жаңа діни қағидаларға негізделген христиан дінінің «протестанизм» деп аталатын мүлде жаңа бағыты қалыптасты. Дін тарихында «протестанизм» деген атау 1529 жылы Шпейер рейхстагында алғаш рет қолданылды. Мұнда Лютердің жақтастары осы рейхстагтың 1526 жылғы «Дін тұту еркіндігі туралы» өз шешімдерін бұзу әрекетіне «қарсылық» білдірген болатын. Лютердің жаңа бағытқа байланысты идеялары көпшілік тарапынан қызу қолдау тапты. Реформациялық қозғалыстың етек алуы, реформаторлардың батыл іс-әрекеттері және осы бір жеңістердің нәтижесінде Римнің ықпалынан Германия мен Швецияның көптеген жерлерінің шыға бастауы, одан қалды протестанизм идеяларының Францияға кеңінен тарап, ал Англияда өкімет тарапынан қолдау табуы — католик шіркеуін қатты мазасыздандырды. Ендігі жерде Рим өзінің шайқалған беделін нығайтып, католиктік шіркеуді қорғап қалуға жанталаса кірісті. Шиеленіскен осы бір жағдайда папа үкіметі реформаларды «Жоғарыдан» жасауға дайын тұрды.Бұл реформалардың негізгі мақсаты — жаңа протестанттық шіркеуге кіріп, «адасқаңдардың» бәрін қайтарып алу болатын. Католиктік шіркеудің бұл саясаты протестанизммен ашықтан-ашық қақтығыстарға, діни соғыстарға әкеліп соқты.

7. Англикан шіркеуі: дәстүрлері мен қазіргі жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет