40. Төмендегі операция қандай процеске жатады:
Дайын өнімдерді, тауарларды сату шығындары есепке алынды
1) Дайын өнімдерді сатуға байланысты шығындар (счет 7110);
2) Өндіру процесі;
3) Жабдықтау процесі;
4) Сату процесі;
5) Дайын өнімдер счетында.
41. Атқаратын міндеттеріне қарай құжаттар қандай түрлерге бөлінеді:
1) Әміршілік, растаушы, бухгалтерлік рәсімдеуші және қиыстырушы;
2) Ішкі және сыртқы;
3) Бастапқы және жинақтаушы;
4) Бір реттілік және жинақтаушы;
5) Растаушы және қиыстырушы.
42. Құжаттарды бухгалтерлік өңдеудің түрлері қандай:
1) Құжаттардың мазмұнын тексеру, үлгі, пішіні мен реквизиттерін, арифметикалық жағын, корреспонденцияларын, бағаға айналдыруларын;
2) Бағаға айналдыру (таксировка), арифметикалық тексеру;
3) Жалпы тексеру, топтастыру;
4) Құжаттардың пайдаланғаны жөнінде белгі соғу;
5) Қарапайым тексеру, бағаға айналдыру, топтастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |