Шаруашылық процестерін сан жағынан көрсету және өлшеу үшін есепте 3 түрлі өлшегіштер қолданылады:
Заттай өлшегіштер - (л, кг, дана, м кв., м куб ...)
Еңбек өлшегіштері - әртүрлі шаруашылық жұмыстар мен өнімді шығаруға кеткен еңбек шығындарын есептеуге қолданылады.
Ақшалай өлшем - шаруашылықтағы барлық құбылысты заттай өлшемде болсын, еңбек өлшемінде болсын, соларды біріктіріп, ақшалай өлшемге келтіреді де, бір жүйеде шаруашылық көрсеткіштеріне есеп жүргізуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорын иелігіндегі шаруашылық құралдары, олардың құрылу көздері және шаруашылық процестері бухгалтерлік есептің объектілері болып табылады
Бухгалтерлік есептің пәні болып жалпы түрде шаруашылық субъектісінің шаруашылық қызметі саналады.
3. Бухгалтерлік есеп объектілерінің түсінігі.
Бухгалтерлік есептің жүйесінде бейнеленетін объектілер:
қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер (с.і: жалдағы)
материалдық емес активтер
ақша қаржылары, бағалы қағаздар, инвестициялар
дебиторлық берешектер
кредиттер мен қарыздар бойынша міндеттемелер
жарғылық капитал, қорлар.
1. Ұйымның шаруашылық қызметін қамтамасыз ететін обьектілер
Ұйымның шаруашылық қызметін құрайтын обьектілер
Шаруашылық қаржылары
2. Шаруашылық қаржыларының түзілу көздері
Бухгалтерлік есеп обьектілері былайша жіктеледі:
Шаруашылық үрдістері (процестері)
Ұйымның шаруашылық қаржылары:
Айналымдағы активтер
Айналымнан тыс активтер
Айналымдағы активтерге:
Ақша қаражаттары
Тауарлар
Материалдар
Дебиторлық берешектер
Айналымнан тыс активтерге:
Ғимараттар
Материалдық емес активтер
Автокөліктер
Жолдар
Аяқталмаған құрылыс
Көпжылғы көшеттер
Құбырлар мен құрылыс жайлар
Меншікті капитал немесе салым
-Жарғылық капитал.
-Резервтік капитал.
-Қосымша төленген капитал.
-Бөлінбеген пайда немесе таза табыс.
Достарыңызбен бөлісу: |