Бизнес процестерін регламенттеу үшін
Ұйымдағы қорды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін
Салық органдарының тарапынан қойылатын наразылықты азайту үшін
Бизнесті тартымдырақ жасау үшін
Инвесторларға ұсынылатын есептілікті айқынырақ жасау үшін
Ұйымның өзінің есеп саясатын өндеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған:
«Есеп саясаты, бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістер мен қателер» Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары (IAS) 8 ;
2005 жылғы 24 қаңтардағы № 1 Хаттамаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп пен аудит жөніндегі қаржы Министрлігінің Сараптау кеңесі қолдануға ұсынған Ұйымның есеп саясатын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар);
Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп пен аудит жөніндегі қаржы Министрлігі Әдіснама департаментінің 1998 жылғы 4 маусымдағы № 23-2-1/1584 «Есеп саясатын қалыптастыру жөніндегі кейбір мәселелер туралы» хаты.
Ұйымның есеп саясатынсыз жұмыс істеуі мүмкін бе?
Есеп саясаты бухгалтерлік құжаттарға жатады (Бухгалтерлік есеп туралы заңның 7-бабы).
Сондықтан, ұйымдық-құқықтық формасы мен меншік түріне қарамастан, бухгалтерлік есеп жүргізетін әрбір ұйым есеп саясатын әзірлеп, қабылдауы қажет.
Әзірлеу және бекіту
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымның жарғысын (ережесін) белгілеген тәртіппен басшылық (жеке кәсіпкер) бекітеді.
Есеп саясатын бас бухгалтер немесе ұйымдағы бухгалтерлік есептің жүргізілуіне жауапты басқа қызметкер әзірлейді