Шаруашылық қаржыларының құралу көздері:
Тартылған капитал немесе қарыз капиталы (міндеттемелер)
-Банк несиелері;
- Басқа ұйымдардан алынған қарыздық қаржылар;
4.Қазақстан Республикасында 2007 жылғы 28-ақпанында “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы” Заң қабылданды:
сәйкестілік, үзіліссіз қызмет , түсініктілік,
маңыздылық, мәнділік, дұрыстық, бейтараптық,
сақтық, тиянақтылық, салыстырмалық, кезектілік,
Қаржылық ақпаратты әділетті және тура көрсету.
Бухгалтерлік есептің қағидалары:
Бухгалтерлік есептің әдістері:
• Құжаттау;
• Түгендеу;
• Шоттар;
• Екі жақты жазу;
• Бағалау;
• Калькуляциялау;
• Бухгалтерлік баланс;
• Есеп беру.
Құжаттау деп – шаруашылық операциялар жасалған сәтте құжаттардың көмегімен бастапқы тіркеуді айтамыз. Бухгалтерлік есепің айрықша белгісінің өзі осы – құжаттау. Бухгалтерлік есепте шаруашылық операциялар құжаттарда бейнеленуі керек.
Әрбір шаруашылық әрекеті жасалған сәтте құжат жасалады, онда құжаттың атауы, әрекеттің мазмұны, оның жасалған күні, өлшем бірлігі, әрекетке жауапты адамдардың қойған қолдары көрсетіледі. Дұрыс толтырылған құжаттар бухгалтерлік жазулардың заң кұшін қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақыттағы жетілген бағдарламалардың арқасында (1-С бухгалтерия ) құжаттаудың барлығы компьютерлерде жүргізіледі.
- Түгендеу – мүліктің нақты қолда барын бухгалтерлік есептің деректері бойынша заттай сәйкестігін тексерудің әдісі. Ол бухгалтерлік есеп деректерінің растығы пен кәсіпорын меншігінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатымен жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп шоттары дегеніміз – шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына және маңызы мен көрсеткіштеріне сәйкес жинақтау.
Мысалы,
- 1030 «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшалар»
- 1010 «Кассадағы ұлттық валютамен берілетін қолма-қол ақшалар»
Екі жақты жазу – шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарында тіркеудің әдісі. Бұл әдістің мәні - әрбір шаруашылық операциясы екі рет тең сомамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |