Бухгалтерлік есеп


г)  Жеткізушілерге болған кредиторлық қарыздардан



Pdf көрінісі
бет128/167
Дата19.09.2022
өлшемі2,74 Mb.
#149980
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

г) 
Жеткізушілерге болған кредиторлық қарыздардан.
 
Бұл опера-
циялар № 3310 «Жеткізушілерге қысқа мерзімді кредиторлық бе-
решек» пассивті шотының кредиті бойынша бейнеленеді. Активтер 
жеткізіп берушілерден келетіндіктен, шаруашылық операция № 3310 
шоттың кредитінен № 1310—1315, 1317, 1330, 1420, 7210, 8010 шоттар-
дың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1310—1315 Келісімдер, шот-фактуралар, 
1317, 1330 3310 жүкқұжаттар
1420
7210, 8010
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана 
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен 
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын 
алады. Бір жағынан кәсіпорынның материалдық ресурстары мен 
шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға жеткізіп 
берушілер бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай 
жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар
келтіреміз: 1) кәсіпорын жеткізушіден 2005 жылы 
қыркүйек айының 26 жұлдызындағы жүкқұжат пен 845 шот-
фактураға сәйкес, 1000000 теңге сомаға құрылыс материалдарын 


216
алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
1317 — 3310 = 1000000 3 типті операция
А (+) П (+)
2) құрылыс материалдары келіп түсуінің нәтижесінде сол шот-
фактураға сәйкес, 150000 теңге мөлшерде өтелуге тиіс ҚҚС-ның 
сомасы пайда болды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше 
болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
1420 — 3310 = 150000 3 типті операция
А (+) П (+)
3) су шаруашылығы мекемесінен мақтаны суару үшін 
пайдаланған суға 2005 жылы шілде айының 30 жұлдызындағы № 
168 шот-фактурасына сәйкес, 160000 теңге сомада шот алынды. Бұл 
жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
8011 — 3310 = 160000 3 типті операция
А (+) П (+)
д)
Басқа кредиторлық берешектерді есептеуден. Бұл операциялар
№ 33 «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» бөлімшесі шоттарының 
кредиті бойынша бейнеленеді. Кредиторлық қарыздардың есеп-
телуі өзіндік құнға, жалпы және әкімшілік шығыстар немесе 
калькуляциялық шоттарға апарылатындықтан, сондай-ақ пер-
соналдың еңбекақысынан ұсталатындықтан, шаруашылық операция
№ 3220, 3350, 3380, 3390 шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың 
дебетіне жасалады: 
Дт Кт Құжаттар
3350, 7010, 7210 3350, 3380, Еңбекақыны, сыйақыларды
7310, 8012, 8013, 3220, 3390 есептеу және МСИ-ның


217
декларациялары бойынша 
есептер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті 
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 7010, 7210, 
7310, 8012, 8013) орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві 
көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір 
жағынан кәсіпорынның шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде 
сол сомаға оның кредиторлық қарыздары көбейеді. 
Пассивті шот (№ 3350) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек 
қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын 
алады. Бір жағынан кәсіпорынның еңбекақы бойынша кредиторлық 
қарыздарының көлемі кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол 
сомаға оның кредиторлық қарыздары көбейеді. 
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет