220
Дт Кт
Құжаттар
3110, 3130—3190 1010—1040 МСИ-ның декларациялары,
шот-фактуралар, төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз:
кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір
мезгілде сол сомада салықтар бойынша кредиторлық қарыздары
кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар
келтіреміз: 1) кәсіпорында 2005 жылдың 1-тоқсанында
сол жылы наурыз айының 31 жұлдызындағы декларациясы мен шот-
фактураларға сәйкес, өткізілген өнім мен тауарлар үшін 280000 теңге
сомада ҚҚС төленді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт
Сома Ескерту
3130 — 1040 = 280000 4
типті операция
П (-) А (-)
2) 2005 жылдың 1 тоқсанында сол жылы наурыз айының 31
жұлдызындағы декларациясы мен есептерге сәйкес, жеке табыс
салығы 18500 теңге сомада төленді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3120 — 1010 = 18500 4 типті операция
П (-) А (-)
б)
Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға кредиторлық қа-
рыздарды жабу (төлеу). Бұл операциялар № 3320—3340 «Еншілес
(қауымдастырылған) ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық
берешек» шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Еншілес (қауым-
дастырылған) ұйымдарға кредиторлық қарыздар жабылатындықтан,
шаруашылық операция № 1010—1040 шоттардың кредитінен де-
бетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
221
Дт Кт Құжаттар
3320—3340 1010, 1040
МСИ-ның декларацияларын
есептеу бойынша есептер, шот-
фактуралар, төлем тапсырмалары,
квитанциялар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан
кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан
бір мезгілде сол сомада еншілес ұйымдар бойынша кредиторлық
қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал
келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы маусым айының 30
жұлдызындағы № 174 төлем тапсырмасына сәйкес, 2200000 теңге
сомада еншілес ұйымдарға қарызын жапты (төледі). Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3320 — 1040 = 2200000 4 типті операция
П (-) А (-)
в)
Алынған аванстарды жабу. Олар бойынша есептер № 3510
«Алынған қысқа мерзімді аванстар»
пассивті шоттарының дебеті
бойынша бейнеленеді. Бұрын алынған аванстардың жабылуы (тө-
ленуі) болғандықтан, шаруашылық операция № 1010, 1040 шоттардың
кредитінен № 3510 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
3510 1010, 1040 Келісімдер, салыстыру актілері,
төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан
бір мезгілде сол сомада алынған аванстар бойынша кредиторлық
қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
222
Мысал
келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы ақпан айының 29
жұлдызындағы № 439 төлем тапсырмасы
мен келісім шартына
сәйкес, 1700000 теңге сомада тауар-материалдық қорларды жеткізіп
беру үшін бұрын алынған қысқа мерзімді авансты жапты (төледі).
Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3510 — 1040 = 1700000 4 типті операция
П (-) А (-)
Достарыңызбен бөлісу: