212
дары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға салықтар бойынша
кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл
жағдай жазудың дұрыстығын
білдіреді.
Пассивті шот (№ 3350) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек
қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар кемиді, ал
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға салықтар бойынша кредиторлық
қарыздар көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар
келтіреміз: 1) кәсіпорында 2005 жылдың 1 тоқсанында
2005 жылы наурыз айының 31 жұлдызындағы өткізу актісіне сәйкес,
өткізілген өнім мен тауарларға 360000 теңге сомада ҚҚС есептелді.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт
Сома Ескерту
1210 — 3130 = 360000 3
типті операция
А (+) П (+)
2) кәсіпорында 2005 жылдың 1-тоқсанында 2005
жылы наурыз
айының 31 жұлдызындағы есептер мен МСИ-ның декларацияларына
сәйкес, 28000 теңге сомада жер салығы есептелді. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7210 — 3160 = 28000 3 типті операция
А (+) П (+)
3) кәсіпорында 2005 жылдың 1-тоқсанындағы
есептер мен
МСИ-ның декларацияларына сәйкес, өндірістік жұмысшылардың
еңбекақысынан 189000 теңге сомада әлеуметтік салық есептелді.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
801 — 3150 = 189000 3 типті операция
А (+) П (+)
4) кәсіпорында 2005 жылдың 1-тоқсанындағы есептер мен МСИ-
213
ның декларацияларына сәйкес, жеке тұлғалардан табыс салығы
16400 теңге сомада есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3350 — 3120 = 16400 2 типті операция
А (-) П (+)
б)
Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға кредиторлық қарыз-
дардан. Бұл операциялар № 3320—3340 «Еншілес (бағынышты)
ұйымдарға кредиторлық қарыздар» пассивті шоттарының кредиті
бойынша бейнеленеді. Қарыздардың есептелуі еншілес (бағынышты)
ұйымдардың есебінен болатындықтан,
шаруашылық операция
№ 3320—3340 шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың дебетіне
жасалады:
Дт Кт Құжаттар
2411—2930
1310—1315, 1317
1010, 1040 3320—3340 Келісімдер,
шот-фактуралар,
3010—3020 төлем тапсырмалары,
3310 жүкқұжаттар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті және
пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 2411—2930) орналасқан
кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті»
операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның шаруашылық құрал-
дары мен ақша қаражаттары, екінші жағынан
бір мезгілде сол сомаға
еншілес ұйымдарға кредиторлық қарыздары көбейеді.
Пассивті шот (№ 3310) орналасқан кезде баланстың пассивінде
тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан жеткізіп берушіге кредиторлық қарыздар
кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға еншілес ұйымдарға
кредиторлық қарыздар көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: