255
Дт Кт Сома Ескерту
7110 — 1310 = 18000 1 типті операция
А (+) А (-)
г)
Өнім, тауарларды өткізумен айналысатын жұмысшылардың
еңбекақысын есептеу. Бұл операциялар № 7110 «Өнімдерді сату
және қызметтер көрсету бойынша шығыстар»
дебеті бойынша
бейнеленеді. Шығыстар персоналға еңбекақы есептеуден пайда
болатындықтан, шаруашылық операциялар № 681 шоттың
кредитінен № 7110 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7110 — 3350 Еңбекақы
есептеу бойынша есептер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек
қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3350) баланстың
активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның өнімін өткізу бойынша
шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға еңбекақы
бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал
келтіреміз: кәсіпорында ағаш жәшіктерге цехтың өнімін
жайғастырумен айналысатын жұмысшыларға 2007
жылы шілде
айындағы еңбекақы есептеу мен жүктелімдерге сәйкес, 168000
теңгеге еңбекақы есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7110 — 3350 = 168000 3 типті операция
А (+) П (+)
ғ)
Көмекші өндірістердің қызмет
ету шығындарының өзіндік
құнын анықтау. Бұл операциялар № 7210 «Әкімшілік шығыстар»
шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар көмекші
өндірістердің жұмсаған шығындарының жиынтығынан пайда
болатындықтан, шаруашылық операциялар № 8030 шоттың кре-
256
дитінен № 7210 шоттың дебетіне жасалады.
Бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7210 — 8030 Кәсіпорын бойынша бұйрық,
материалдарды шығыс ету
актілері,
материалдық есептер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 8030) 1 типті «Активті-
активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек
қана өзгерістер болады. Бір жағынан
кәсіпорынның жалпы және
әкімшілік шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол
сомада көмекші өндірістердің қызмет ету шығындарының мөлшері
кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: