«Бухгалтерлік есеп»



Дата19.02.2017
өлшемі13,6 Kb.
#10743
түріСабақ

«Бухгалтерлік есеп»

  • 5В 050900 «Қаржы »
  • мамандықтары бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын
  • студенттерге арналған
  • Жангалиева Рая Уалиоллақызы ,аға оқытушы

“Бухгалтерлік есеп” пәні оқудың мақсаты мен міндеті:

  • кәсіби білімге қойылатын жоғары талаптарға сай болатын және басқару шешімдерін қабылдап, талдай алатын, ішкі бақылаудың тиімді жүйесін ұйымдастыра алатын және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті құрастырып, ұсына алатын бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады.

Пререквизиттер:

  • Бухгалтерлік есеп пәнінің пререквизиттері болып Экономикалық теория , Бухгалтерлік есеп принциптері , Салық салу т.б. экономикалық пәндерден алынған білімнің негізінде құрастырылады.
  • Постреквизиттер: Қаржылық есептілікті пайдаланушылардаң түрлі топтарының болуы, сыртқы және ішкі пайдаланушылардың ақпараттық талаптарына байланысты, бухгалтерлік есепті ақпараттық жүйе ретінде келесідей түрлерге жіктеуге соқтырады: қаржылық есеп және басқару есебі.
  •  

Сабақ мазмұны мен кестесі :

  • 1-тақырып: Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде
  • 2-тақырып: Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалары мен принциптері
  • 3-тақырып: Бухгалтерлік баланс
  • 4-тақырып: Бухгалтерлік есепшоттары және екі жақты жазу әдісі
  • 5-тақырып: Есептік кезеңмен қаржылық есеп беруді дайындау.
  • 6-тақырып: Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру..
  • 7-тақырып: Ағымдағы активтер есебі . Қаржылық инвестициялар және ақшалар
  • 8-тақырып: Дебиторлық борыштар есебі ( алынуға тиісті шоттар).
  • 9-тақырып: Тауарлық–материалдық қорлар.
  • 10-тақырып: Дебиторлық борыш есебі .
  • 11-тақырып: Ағымдағы міндеттемелер есебі
  • 12-тақырып: Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі
  • 13-тақырып: Меншікті капитал есебі.
  • 14-тақырып: Қаржылық нәтиженің есебі
  • 15-тақырып: Қаржылық есепті ұсыну

1 Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде:

  • Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі. Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар және олардың ролі. Бухгалтерлік есеп пәні . Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданатын өлшем түрлері.

2-тақырып. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалары мен принциптері:

  • Бухгалтерлік есептің стандарттары және тұжырымдамалық негізі. Бухгалтерлік есептің принциптері. Бухгалтерлік есептің әдістері
  •  

3-тақырып. Бухгалтерлік баланс:

  • Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы. Бухгалтерлік баланстың түрлері . Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы

Бухгалтерлік есепшот туралы түсінік. Бухгалтерлік есепшот құрылымы мен түрлері. Екі жақты жазу жүйесі. Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау

  • 4-тақырып. Бухгалтерлік есепшоттары және екі жақты жазу әдісі:
  • Бухгалтерлік есепшот туралы түсінік. Бухгалтерлік есепшот құрылымы мен түрлері. Екі жақты жазу жүйесі. Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау

5-тақырып. Есептік кезеңмен қаржылық есеп беруді дайындау

  • Бухгалтерлік қорытынды есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар. Бухгалтерлік қорытынды есептің құрамы мен түрлері туралы ұғым. Бухгалтерлік қорытынды есепке қойылатын негізгі талаптар 

6-тақырып. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.

  • Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі. Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі. Құжат айналымы. Мүлікті және міндеттемелерді түгендеу. Бағалау және калькуляциялау. Шаруашылық үдерістерінің есебі және кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері. Есеп тіркелімдері және жазбалары. Бухгалтерлік есеп нысандары. Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар. Есеп саясатының мазмұны .Есеп саясатын дайындау.

7-тақырып. Ағымдағы активтер есебі . Қаржылық инвестициялар және ақшалар

  • Ақшалар есебі. Қаржы салымдары есебі. Касса операцияларының есебі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операцияларының есебі.Валюталық шоттардағы ақшалар қозғалысының есебі. Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалардың есебі. Жолдағы ақшалардың есебі.Ақшалардың қозғалысын ішкі бақылау.

8-тақырып. Дебиторлық борыштар есебі ( алынуға тиісті шоттар).

  • Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі. Күмәнді дебиторлық борыштар. Еншіліс серіктестердің дебиторлық борыштарының есебі.Басқадай дебиторлық борыштардың есебі. Алдағы кезең шығындарының есебі. Берілген аванстар есебі.

9-тақырып. Тауарлық–материалдық қорлар.

  • ТМҚ туралы түсінік.ТМҚ классификациясы.Материалдық есептеуді ұйымдастыру.

10-тақырып. Дебиторлық борыштар есебі ( алынуға тиісті шоттар).

  • Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі. Күмәнді дебиторлық борыштар. Еншіліс серіктестердің дебиторлық борыштарының есебі.Басқадай дебиторлық борыштардың есебі. Алдағы кезең шығындарының есебі. Берілген аванстар есебі.

11-тақырып. Ағымдағы міндеттемелер есебі.

  • Еңбек төлемі бойынша персоналдармен есептесу есебі және аудиті. Бюджетпен есептесу есебі және аудиті. Басқалай кредиторлық бережақтар есебі және аудиті.

12-тақырып. Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі .

  • Облигациялар. Ұзақ мерзімді вексельдер. Ұзақ мерзімді жал.Кейінге қалдырылған табыс салығының есебі. Аудиттің мақсаты және ақпараттар көздері. Аудиторлық тексерістің бағдарламасы. Аудитті жүргізу тәртібі.

13-тақырып. Меншікті капитал есебі.

  • Жарғылық капитал есебі. Төленбеген капитал, резервтік капитал есебі.Қосымша төленген капитал есебі. Бөлінбеген табыс есебі. Жарғылық капиталды аудиторлық тексерудің бағдарламасы.Меншікті капиталды аудиторлық тексерістен өткізу тәртібі.Аудиттің қайнар көздері.
  • Меншікті капиталдың синтетикалық және аналитикалық есебі.

14-тақырып. Қаржылық нәтиженің есебі және аудиті.

  • Табыс туралы түсінік және оны мойындау. Шығындарды мойындау. Қаржылық нәтижелер аудитінің қайнар көздері. Аудитті жүргізудің кезектілігі. Негізгі қызметтен түсетін кіріс есебі. Негізгі емес қызметтен түсетін кіріс есебі. Өткізілген тауарлардың өзіндік құнының есебі. Күтпеген жағдайлар нәтижесінде алынған кірістер мен шығыстар.

15-тақырып. Қаржылық есепті ұсыну және оның аудиті.

  • Есептеме кәсіпорынның шаруашылық қызметін, оның қаржылық және мүліктік жағдайын көрсететін көрсеткіштер жүйесі ретінде. Қаржылық есептеменің негізгі формалары: құрылымы және мазмұны. Қаржылық есептің аудитін жүргізудің кезектілігі. Баланстың құралу дұрыстығын тексеру. Аудитті жүргізудің қайнар көздері.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет