Ағымдағы салық активтері бойынша есебі
Бюджетпен есеп айырысу кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің артық төленген сомасын, сондай-ақ ұсынылған шот-фактуралар бойынша есепке алуға жататын қосылған құн салығының сомасын есепке алуды есептесулері, сондай-ақ корпорациялық табыс салығын төлеу бойынша аванстық төлемдер. Бухгалтерлік есеп шоттардың типтік жоспарында жіктеліп қарастырылады:
1410 – «Корпорациялық табыс салығы», онда бюджетке артық төленген корпорациялық табыс салығын көрсетуге байланысты операциялар, сондай-ақ корпорациялық табыс салығын төлеу бойынша аванстық төлемдер көрсетіледі;
1420 – «Қосылған құн салығы», онда есепке алуға жататын, оның ішінде салық заңнамасына сәйкес өтеуге жататын қосылған құн салығы, сондай-ақ бюджетке артық төленген қосылған құн салығы бойынша операциялар көрсетіледі;
1430 – «Өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер», онда ұйымның банктік шотына аударуға жататын және салық заңнамасына сәйкес есепке алуға жататын өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер есепке алынады.
Шаруашылық операция мазмұны
|
Шот корреспонденциясы
|
Дт
|
Кт
|
1.КТС бойынша аванстық есептеме жасалды
|
1410
|
3110
|
2.Аванстық есептеме бюджетке төленді
|
3110
|
1030
|
3.Жеткізушілерден алынған шот-фактура бойынша ҚҚС ескерілді
|
1420
|
3310
|
4.Бюджетке төленетін ҚҚС есептелді
|
3130
|
1420
|
5.Кәсіпкерлік шаруаға қолданған қорлардың ҚҚС ескерілді
|
7210
|
1420
|
6.Салықтар бойынша аванстық есептеме төлемдер есептелді
|
1430
|
3160,3170,
3180,3190
|
7. Тапсырылған аванстық есептемелер бюджетпен ескерілді
|
3160,3170,
3180,3190
|
1430
|
8. Кәсіпорында салықтар есептелді
|
7210,8100
|
3110-3190
|
9. Салықтар бюджетке аударылды
|
3110-3190
|
1030
|
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер есебі
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер дегеніміз - егер олардың теңгерімдік құны жалғастыратын пайдалану жолымен емес, негізінен сату есебінен өтелетін болса, сатуға арналған ретінде жіктелетін ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған, бұл ретте сату ықтималдығы жоғары болып табылады. Бухгалтерлік есеп шоттардың типтік жоспарында жіктеліп қарастырылады:
1510 – «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер», онда сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жабдық;
1520 – «Сатуға арналған істен шығатын топтар», онда сатуға арналған істен шығатын топтар есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жұмыс істейтін зауыт.
Шаруашылық операция мазмұны
|
Шот корреспонденциясы
|
дебет
|
кредит
|
1.Негізгі құралдардың қалдық құны сатуға ауыстырылды
|
1510
|
2410
|
2. Ауыстырылған негізгі құралдармен МЕА сатылды
|
1210,
1280
|
1510
|
3. Сатуға арналған активтер істен шығарылды
|
1210,
1280
|
1520
|
4. Активтер сату үшін істен шығарылды
|
1520
|
2410,2730
|
Достарыңызбен бөлісу: |