Лекцияда пайдаланылатын слайдтар: 1. Статистикалық есептін толтыру тәртібі
2. Бухгалтерлік есептін толтыру тәртібі
3. Салықтық есептін толтыру тәртібі
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі: 1.Таттибаев К.М. 1С: Бухгалтерия с МСФО для Казахстана –Учебно-практическое пособие,.-Алматы: ТОО «Издательство: Экономика», 2011 г. 110 стр.
2.Бралиева Н.Б., Тимошенко В.Ф., Гагарина Н.Л. “Информационные системы в бизнесе”. Алматы, 2012 г.
3. Чистов Д.В. Основы компьютерной бухгалтерии. Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в программе “1С: Бухгалтерия”.-М.: Компьютер пресс, 2012
4. Руководство пользователя по программе “1С: Бухгалтерия”8.2. – М.: Компьютер пресс, 2011
5. “1С: Бухгалтерия 8.2” Руководство по ведению учета. М.: Фирма “1С”, 2011г.
Лекция 13. Мамандандырылған есептер Есеп айырысу – төлемдік ведомості
Еңбекақы бойынша есеп айырысу парақтары
Табыстар туралы анықтама
Кадрлық есеп
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу ведомості
Лекцияның мақсаты: Ұйымдардың салық органдарына беруге міндетті емес, бірақ кәсіпорынды басқару үшін және стандартты есептердің мүмкіндіктерін қолдану арқылы алуға болмайтын қозғалыстарын талдау мәліметтерінен тұратын есеп болып табылатының көрсету.
Қарастырылатын негізгі сөздер:мамандандырылған есеп, есеп айырысу-төлемдік ведомосі, есеп айырысу парақтары, шот-фактура, негізгі құралдардың амортизациясы, материалдық есеп, табыс, кадрлық есеп.
1. «1С: Бухгалтерия 8.2» жүйесіне мамандандырылған есептер кіреді. Бұл салық органдарына беруге міндетті емес, бірақ кәсіпорынды басқару үшін және стандартты есептердің мүмкіндіктерін қолдану арқылы алуға болмайтын қозғалыстарын талдау мәліметтерінен тұратын есеп болып табылады. Мамандандырылған есептің құрамы:
Есеп айырысу – төлемдік ведомості;
Еңбекақы бойынша есеп айырысу парақтары;
Табыстар туралы анықтама;
Кадрлық есеп;
Тіркелген активтердің амортизациясын есептеу ведомості;
Тіркелген активтер жүйесі бойынша есеп;
Есеп беруге берілген ақша қаражаттарының ведомості;
Тауарлар мен материалдарды өткізу бойынша есеп;
Материалдық есеп;
Дайын өнімді шығару, жұмыстың аяқталуы;
Шот – фактураларды тіркеу журналы;
Алынған шот – фактураларды тіркеу журналы.
«1С: Бухгалтерия 8.2» бағдарламасында есеп айырысу – төлемдік ведомостінде екі жолмен қалыптастыруға болады:
«Есептеу ведомості» құжаты формасынан;
« Есептер / мамандандырылған» менюінен.
Есеп айрысу – төлемдік ведомості берілген құжатта көрсетілген барлық қызметкерлер үшін немесе берілген кезеңдегі қалдықтар немесе төлемдер есептелінген барлық қызметкерлер үшін қалыптастырылады.
Ведомость менюі арқылы есепті шақырған уақытта жеке құжат бойынша сияқты берілген кезең бойынша да қалыптастыруға болады. Ол үшін формада ауыстырғыш қарастырылған.
Егер ауыстырғыш «Кезең бойында» жағдайында тұрса, онда «Құжат» деректемесі – таңдалмайды.
Сонымен қатар есептің настройки сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезең басының датасы мен кезең аяғының датасын таңдаумен беріледі;
Есепті қалыптастыру бойынша бөлімшені таңдау (егер таңдалмаса, онда есеп барлық бөлімшелер бойынша қалыптасады). Егер бөлімшелер бойынша саралау керек болса, «Бөлімшелер бойынша топтау» дегенге жалауша қою қажет;
Егер қызметкерлерді табельдік нөмер бойынша саралау керек болса, «Табельдік номер бойынша саралау» жалаушасын қояды;
әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтерді бейнелеу керектігі жайлы көрсету;
есептеу түрі бойынша қажеттілікке байланысты күндер/сағаттарды көрсету, сәйкес жалаушаны белгілеу.
Егер ауыстырғыш «Құжат бойынша» жағдайында тұрса, онда кезең таңдауы мен «Бөлімше» деректемесі – таңдалмайды.
Сонымен қатар есептің қалпына келтіру сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
есепті қандай құжат бойынша қалыптастыру қажет;
егер қызметкерлерді табельдік номер бойынша саралау керек болса, «Табельдік номер бойынша саралау» жалаушасын қою;
2. 1С: Бухгалтерия жүйесінде есеп айырысу парақтар екі жолмен қалыптастыруға болады:
«Есептеу ведомості» құжаты формасынан;
« Есептер / мамандандырылған» менюінен.
Егер есеп құжат бойынша қалыптасса, есеп айырысу парақтары берілген құжатта көрсетілген барлық қызметкерлер үшін қалыптасады.
Есепті есеп айрысу парақтары менюінен шақырған уақытта жеке құжат бойынша сияқты берілген кезең бойынша да қалыптастыруға болады. Ол үшін сәйкес ауыстырғыш қарастырылған.
Егер ауыстырғыш «Кезең бойында» жағдайында тұрса, онда «Құжат» деректемесі таңдалмайды.
Сонымен қатар есептің жөндеу сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезең басының датасы мен кезең аяғының датасын таңдаумен беріледі;
Есепті қалыптастыру бойынша бөлімшені таңдау (егер таңдалмаса, онда есеп барлық бөлімшелер бойынша қалыптасады);
Егер есепті нақты бір қызметкер бойынша қалыптастыру керек болса, онда «Қызметкер» деректемесінен оны таңдау қажет;
Егер әрбір қызметкер бойынша 2 дана парақтан басып шығару керек болса, «Парақта екі дана» жалаушасын белгілеу қажет;
Егер ауыстырғыш «Құжат бойынша» деп тұрса, онда кезең және «Бөлімше» мен «Қызметкер» деректемелері таңдалмайды.
Сонымен қатар есептің жөндеу сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
есепті қандай құжат бойынша қалыптастыру қажет;
Егер әрбір қызметкер бойынша 2 дана парақтан басып шығару керек болса, «Парақта екі дана» жалаушасын белгілеу қажет;
Есепке еңбекақы төлеу құжаттары туралы мәліметтерді қосу үшін «Еңбекақыны төлеу құжатын көрсету» жалаушасын белгілеп қою керек. Егер есепте еңбекақы қорына кірмейтін есептеулер туралы анықтамалық мәліметтерді көрсету керек болса, «Еңбекақы қорына кірмейтін есептеулерді қосу» жалаушасын қолданамыз.
3.1С: Бухгалтерия типтік конфигурациясында әр түрлі органдарға, мысалы, несие алу үшін банкке және қызметкерді жұмыстан шығару кезінде қажет қызметкердің табысы туралы анықтаманы қалыптастыруға болады.
Сонымен қатар есептің жөндеу сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезең басының датасы мен кезең аяғының датасын таңдаумен беріледі;
Анықтама алатын қызметкерді «Қызметкер» деректемесінен таңдау керек.
4.1С: Бухгалтерия типтік конфигурациясында кәсіпорынның қызметкерлер бойынша негізгі кадрлық мәліметтері кіретін кадрлық есепті қалыптастыруға болады:
Табельдік номер;
ФИО;
Бөлімше;
Лауазымы;
РНН;
СИК;
Айлық.
Сонымен қатар есептің жөндеу сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
Есепте қандай датаны қалыптастыру керек;
Есепте көрсетілуі тиіс қызметкерлердің бөлімшесі;
Сол бойынша есепті құрастыратын қызметкер;
Қызметкерлердің тізімін таңдау кезінде оларды табельдік номері бойынша «Табельдік номер бойынша саралау» жалаушасын белгілеу арқылы саралауға болады.
5.Негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу сомасы туралы есеп программаның бас менюі «Есептер» менюі «Мамандандырылған» менюі «Тіркелген активтердің амортизациясын есептеу ведомості» пунктін таңдау арқылы қалыптастыруға болады.
Бұл есептің көмегімен тіркелген активтерді есепке алу шоттарының біреуі бойынша есептелген амортизация сомасын бағалауға болады. Егер шот таңдалмаса, онда есеп барлық шот бойынша құрылады.
Мұнан басқа есептің жөндеу сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезең басының датасы мен кезең аяғының датасын таңдаумен беріледі;
Есепке тіркелген активтердің белгілі бір тобына жататын объектілерді қосу үшін «Топтар» өрісінде тіркелген активтердің тобын таңдау керек. Егер топ таңдалмаса, онда есеп барлық топ бойынша құрылады;
Есепке белгілі бір бөлімшеге жататын объектілерді қосу үшін «Бөлімше» өрісінде тіркелген активтер есептелетін бөлімшені таңдау қажет. Егер бөлімшелер таңдалмаса, онда есеп барлық бөлімше бойынша құрылады;
Қажет болған кезде әрбір салық бойынша жеке ведомосттар алу: мүлік салығы бойынша, көлік құралдарына салынатын салық бойынша, жер салығы бойынша, «Салу объектісі бойынша іріктеу» өрісіне және керек салықтың терезесіне жалауша қою қажет;
Берілген тіркелген активтер туралы есеп алу үшін «Объект бойынша іріктеу» өрісіндегі тіркелген активтер тізімін толтыру қажет;
Есепте тіркелген активтердің топтастырылған тәртібін ауыстыруға болады, сонымен қатар есепті топтасусыз шоттар немесе активтердің тобы бойынша жасауға болады;
6.Есеп «Есептер» менюіндегі «Мамандандырылған» пунктінің папкасында орналасқан. «Тіркелген активтер жиынтығы бойынша есеп» тіркелген активтердің жиынтығының құрамы туралы мәліметтерден тұрады. Есеп нақты бір тіркелген актив бойынша немесе барлық тізім бойынша құрылуы мүмкін. «Жиынтықтан алып тасталған объектілерді қосу» жалаушасы бұрын жиынтықтың бөлігі болған объектілер бойынша есептерді алуға мүмкіндік береді.
Есеп көрсетілген датаға құрыстырылады.
7. «Ақша қаражаттарының есеп беруге берілген ведомості» есебі көрсетілген кезеңде ақша қаражаттарының есеп беруге берілгені туралы мәліметтерді қамтиды. Қажет болған кезде құжат құжат бойынша детализация мен таңдалған қызметкер бойынша қалыптасуы мүмкін.
Сонымен қатар есептің жөндеу сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезең басының датасы мен кезең аяғының датасын таңдаумен беріледі;
қажет болған жағдайда құжатқа дейін есепті бөлшектеу үшін «Құжат бойынша бөлшектеу» жалаушасын қосу керек.
8.Тауарлар мен материалдарды өткізу бойынша есепті «Есептер / Мамандандырылған» менюінің пункті бойынша алуға болады.
Сонымен қатар есептің жөндеу сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
Номенклатура түрі – тауарлар немесе материалдар;
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезең басының датасы мен кезең аяғының датасын таңдаумен беріледі;
Бөлімше бойынша есепті алу үшін «Бөлімше» деректемесінен таңдау керек;
Есепті нақты қызмет түрі бойынша «Қызмет түрі» деректемесін толтыру арқылы құруға болады;
Есепті нақты қойма бойынша «Қойма» деректемесін толтыру арқылы құруға болады;
Есепті нақты тауарлар немесе материалдар тобы бойынша «Тауарлар тобы» деректемесін толтыру арқылы құруға болады;
Қажет болған кезде есепті нақты бір контрагент және оның келісім шарты бойынша алу үшін оларды «Контрагент / Негіздеме» деректемесінен таңдау керек;
Есептегі деректемелер тобының тәртібі.
Есеп формасында талап етілген мәліметтер бөлшектеу бойынша тиелім жүкқұжатының 1 келісім контрагентіне дейін, сонымен қатар жүкқұжатта көрсетілген нақты тауарлар да шығарылады.
9.Конфигурацияда материалдық есепті «Есептер / мамандандырылған» менюіндегі пункті арқылы алуға болады.
Сонымен қатар есептің жөндеу сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
Материалдарды есепке алу шоты (егер таңдалмаса, онда барлығы бойынша);
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезең басының датасы мен кезең аяғының датасын таңдаумен беріледі;
Материалдардың сақталу орны, ол үшін «Қойма» деректемесін толтыру керек;
Есептің бөлшектеу деңгейі «Корреспонденцияланған шоттар бойынша айналдыру» және «Корреспонденцияланған субконтолар бойынша айналдыру» жалаушасымен реттеледі.
10.Конфигурацияда өнімдерді шығару немесе жұмыстың аяқталуы бойынша есепті «Есептер/Мамандандырылған» менюіндегі пункті арқылы алуға болады.
Сонымен қатар есептің жөндеу сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
Жалаушалар қою арқылы есепке мәліметтер таңдайтын шоттар;
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезең басының датасы мен кезең аяғының датасын таңдаумен беріледі;
Бөлімше бойынша есепті алу үшін «Бөлімше» деректемесінен таңдау керек;
Есепті нақты қызмет түрі бойынша «Қызмет түрі» деректемесін толтыру арқылы құруға болады;
Есептің бөлшектеу деңгейі «шоттар бойынша мәліметтер» жалаушасымен реттеледі.
11.Конфигурацияда алынған шот-фактураларды тіркеу журналын құруға болады, сонымен қатар оларды құру кезінде жіберілген қателіктерді тексеру үшін есеп формасында «Тексеру» түймесі арналған.
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезең басының датасы мен кезең аяғының датасын таңдаумен беріледі.