Лекцияда пайдаланылған слайдтар: 1. Материалдардың келіп түсуі
2. Материалдарды өткізу
3. Материалдарды есептен шығару
4. Жабдықтау құжаттарының жіктемесі және оларды толтыру тәртібі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1.Таттибаев К.М. 1С: Бухгалтерия с МСФО для Казахстана –Учебно-практическое пособие,.-Алматы: ТОО «Издательство: Экономика», 2011 г. 110 стр.
2.Бралиева Н.Б., Тимошенко В.Ф., Гагарина Н.Л. “Информационные системы в бизнесе”. Алматы, 2012 г.
3. Чистов Д.В. Основы компьютерной бухгалтерии. Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в программе “1С: Бухгалтерия”.-М.: Компьютер пресс, 2012
4. Руководство пользователя по программе “1С: Бухгалтерия”8.2. – М.: Компьютер пресс, 2011
5. “1С: Бухгалтерия 8.2” Руководство по ведению учета. М.: Фирма “1С”, 2011г.
Лекция 10. Тауарлар есебі. Тауарлардың келіп түсуінің есебі
Импорт тауарларының түсуі
Лекцияның мақсаты: Ұйымға келіп түскен тауарлар құжатынның нөмері мен датасы, жабдықтаушылар туралы мәліметтер, тауар қабылданған қойма және сонымен қатар келіп түсетін активтердің ұйымның бөлімшелері көрсету тәртібі
Қарастырылатын негізгі сөздер:тауарлар, консигнация, кредиторлық қарыздар, номенклатура, реквизиттер, баға, сомасы, аванстық есеп, импорт, шот-фактура, мердігерлер.
1. Ұйымның тауары сатып алынған материалдық-өндірістік қорларының бір бөлігі немесе заңды және жеке тұлғалардан қосымша өндеусіз сату немесе қайта сату үшін арналған деп түсінуге болады.
Ұйым тауарды қайта сату үшін сатып алған тауардың есебі баланстық шотта № 1330”Тауарлар” және 1350 “Басқа да қорлар”есепке алынады. Комиссия келісімі немесе талабымен сатылған тауарлардың есебі үшін баланстан тыс Х04 “Консигнацияға алынған тауарлар” шоты қарастырылған. Жауапты сақтауға алынған тауарлардың есебі үшін баланстан тыс № Х02 “Жауапты сақтауға алынған ТМҚ” Комиссияның келісімі немесе талабы бойынша сату үшін берілген тауарлардың есебі үшін баланстан тыс Х08 “Комиссияға берілген тауарлар” шоты пайдаланылады.
Аналитикалық есебі сандық және ақшалай өлшеммен тауарлар номенклатурасымен және сақтау орнымен жүргізіледі. Аналитикалық есебі
Құжатты қалыптастыру төмендегідей болады:
“Құжаттар/Сатылған тауарлар есебі”, “Келіп түскен тауарлар”пункті
“Журналдар/ Сатылған тауарлар есебі”, “Келіп түскен тауарлар”пункті, “Жаңа” командасы
Құжаттың экрандық түрдегі жоғарғы бөлігінде мыналар көрсетіледі: ұйымға келіп түскен тауарлар құжатының нөмері және күні, жабдықтаушы және тауар қабылданған қойма туралы мәліметтер.
Келіп түскен тауарлар бойынша операцияларды қалыптастыру үшін құжаттың “Жалпы” парағында келесі мәліметтерді қою керек:
Тауар кіріске алынатын қойманы көрсету;
Кредиторлық қарыз есебінің шотын таңдау (№ 3310 – Жабдықтаушылардың және мердігерлердің қысқа мерзімді қарыздары)
“Контрагент” және “Негіз” реквизиттерін толтырады, яғни сәйкес анықтамалықтан тауарды жабдықтаушыны және олармен есеп айырысу негізін көрсетеміз.
Контрагентті таңдау үшін контрагент анықтамасын басамыз. Осы кезде экранда “Контрагент” анықтамасының терезесі ашылады. Егер де анықтамалықта жабдықтаушы туралы мәліметтер бар болса, онда тышқанды екі рет басып оны таңдаймыз. Егер де жабдықтаушы туралы мәліметтер болмаса, онда оны осы кезеңде анықтамалыққа енгізу керек.
ҚҚС дұрыс енгізу және ҚҚС бойынша декларацияны әрі қарай дұрыс қалыптастыру үшін “Айналым түрін” /жалпы, босатылған, ұсталынатын/ және “Есепке алынатын ҚҚС түрін”/анықтамалыққа сәйкес таңдалады.
Егер таңдалған кредиторлық қарыз шот валюталық болса, онда құжаттың “Валюта қою” бөлігінде валюта және курсын көрсету қажет.
Кесте бөлігін толтыру үшін “Номенклатура” анықтамалығы пайдаланылады.
Бұл анықтамалықтың тізімдік түрі кесте бөлігіне жаңа жолды енгізгенде шығады /”Жана жол” пункты “Іс әрекет” менюі/ Егер де жабдықтаушыдан келіп түскен тауар анықтамалықта жоқ болатын болса, онда бірінші “Номенклатура”анықтамалығын ашып жаңа тауарды енгізіп, оны сақтаймыз. Содан соң сақталған жаңа элементті тышқанды екі рет басып тізім түрінен таңдап аламыз.
“Сомасы”, “Қосымша құнсыз сомасы”, “ҚҚС” реквизиттері “Сомасы” және “Бағасы” реквизиттерінің мәніне байланысты автоматты түрде есептелінеді. Есеп айырысу алгоритмі таңдап алынған салықтарды есептеу вариантына байланысты болады. Салықтарды есептеу варианты өзгерген кезде құжаттың кесте бөлігі қайта есептеледі.
Егер “Номенклатура” анықтамалығында келіп түскен тауарларға “Есептік/сатып алу/ бағасы” реквизиті толтырылса, онда реквизиттін мәні кесте бөлігіне ауысады. Егер де жабдықтаушының құжатындағы бағамен сәйкес келмесе, онда құжаттың кесте бөлігіндегі “Баға” бағанасына жабдықтаушының бағасын көрсету керек.
Құжатта косымша сервистік қажеттіліктер қарастырылған:
- Авансты есепке алу. Авансты есепке алу бойынша проводкаларды құжатта қалыптастыру үшін есепке алу сомасын көрсету қажет. “Есептеу” түймесі – таңдап алған негіз бойынша көрсетілген 1610 “Қысқа мерзімді берілген аванстар” немесе 2910 “Ұзақ мерзімді берілген аванстар” шоттарында аванстық төлемдер сомасы бар контрагент үшін есептелінеді. Сомадан басқа авансты есепке алу үшін “Берілген құжатпен авансты есепке алуды орындау” таяқшасын белгілеу қажет.
Жабдықтаушының шот фактурасын тіркеу. Алынған шот фактураны тіркеу үшін құжаттарда “Шот фактура” түймесі қарастырылған. Осы түймені басқанда жаңа шот фактура шығарылады немесе толтырылған “Алынған шот фактурасы” пайда болады.
Құжаттың кесте бөлігін толтырып қалыптастырғанда кредитінде 3310 “Жабдықтаушылар және мердігерлерге кредиторлық қарыздары”, ал дебетінде тауарлар есебінің шоттары беріледі. Құжаттың кесте бөлігінде көрсетілген әрбір ҚҚС мөлшері үшін мыннадай проводка қалыптасады:
Дебет 1420 “Қосымша құн салығы”
Кредит 3310 “Жабдықтаушылар және мердігерлерге кредиторлық қарыздары”
Авансты есепке алу бойынша проводкалар “Берілген құжатпен авансты есепке алуды орындау” таяқшасын белгілеген кезде ғана қалыптасады және есепке алу сомасы нөлге тең болмайды.
Құжатпен сұқпаттасу терезесінде төмендегі түймелер орналасқан:
“Қалыптастыру” – форманы жаппай құжатты қалыптастыру үшін
“Жазу”- форманы жаппай жазуды өзгерту үшін
“Басу” – Құжатты баспаға шығару үшін
“ОК”- құжатты жапқан кезде журналда сақтау үшін
“Жабу”- құжатты енгізуден бас тарту кезі үшін
“Іс - әрекеттер”- берілген құжатты ”Негізбен енгізу”, “Құжаттардың қозғалысы” есеп беруін баспадан шығару үшін қолданылады.
2. Ұйымға келіп түскен тауарлар, материалдар және тіркелетін активтерге байланысты операциялар есебін жүргізу үшін типтік конфигурацияда “ТМҚ/импорт/ келіп түсуі” құжаты арналған.
Құжатты қалыптастыру төмендегі жағдайда мүмкін:
Құжаттын экрандық түріндегі “Жалпы” закладкасының жоғарғы бөлігінде мыналар: ұйымға келіп түскен тауарлар құжатынның нөмері мен датасы, жабдықтаушылар туралы мәліметтер, тауар қабылданған қойма және сонымен қатар келіп түсетін тіркелетін активтер пайдаланылатын ұйымның бөлімшелері көрсетіледі.
“Жалпы” закладкасына келіп түскен тауарлар бойынша операцияларды қалыптастыру үшін келесі реквизиттерді кою қажет:
тауарлар, материалдар кіріске алынатын қойма немесе тіркелетін активтер кіріске алынатын бөлімшелер көрсету;
“Контрагент” және “Негіз” реквизиттерін сәйкес анықтамалықтарды таңдау арқылы жабдықтаушыларды және олармен өзара есеп айырысу негізін көрсету керек;
Контрагентті таңдау үшін контрагент анықтамасын басамыз. Осы кезде экранда “Контрагент” анықтамасының терезесі ашылады. Егер де анықтамалықта жабдықтаушы туралы мәліметтер бар болса, онда тышқанды екі рет басып оны таңдаймыз. Егер де жабдықтаушы туралы мәліметтер болмаса, онда оны осы кезеңде анықтамалыққа енгізу керек.
Кесте бөлігін толтыру үшін “Номенклатура” /”Материалдар”, “Тіркелетін активтер”анықтамалығы пайдаланылады.
Бұл анықтамалықтың тізімдік түрі кесте бөлігіне жаңа жолды енгізгенде шығады /”Жана жол” пункты “Іс әрекет” менюі/ Егер де жабдықтаушыдан келіп түскен тауарлар /”Материалдар”, “Тіркелетін активтер”/ анықтамалықта жоқ болатын болса, онда бірінші “Номенклатура” /”Материалдар”, “Тіркелетін активтер”/ анықтамалығын ашып жаңа тауарды енгізіп, оны сақтаймыз. Содан соң сақталған жаңа элементті тышқанды екі рет басып тізім түрінен таңдап аламыз.
“Сомасы”, “Қосымша құнсыз сомасы”, “ҚҚС” реквизиттері “Сомасы” және “Бағасы” реквизиттерінің мәніне байланысты автоматты түрде есептелінеді. Есеп айырысу алгоритмі таңдап алынған салықтарды есептеу вариантына байланысты болады. Салықтарды есептеу варианты өзгерген кезде құжаттың кесте бөлігі қайта есептеледі.
Егер “Номенклатура” анықтамалығында келіп түскен тауарларға “Есептік/сатып алу/ бағасы” реквизиті толтырылса, онда реквизиттін мәні кесте бөлігіне ауысады. Егер де жабдықтаушының құжатындағы бағамен сәйкес келмесе, онда құжаттың кесте бөлігіндегі “Баға” бағанасына жабдықтаушының бағасын көрсету керек.
“Пошлина %” және “Пошлина” реквизиттері келесі алгоритм бойынша автоматты түрде есептеледі:
“Пошлина” реквизиті номенклатура жолындағы баж құны баж процентіне сәйкес есептеледі.
“Таможня, таможня алымы” закладкасында бухгалтерлік проводкаларды дұрыс беру үшін қажетті реквизиттер орналасқан.
“Қосымша шығындар” закладкасында сатып алынатын ТМҚ тасымалдау, растаможня жасау шін арналған
Қосымша шығындармен жұмыс істеу реті:
Сатып алынатын ТМҚ тасымалдау және растаможня жүргізу үшін ұйым қосымша шығындарды көрсету жағдайында құжаттарды енгізу үшін “Ввести” түймесін басуы қажет.
“Ввести” түймесі тек қана құжатты толтырғаннан соң жұмыс істейді. Оны басқанда “Басқа ұйым қызметі” құжаты толтырылады. “Басқа ұйым қызметі” құжаты толтырған соң оны қалыптастыру керек
Құжатпен сұқпаттасу терезесінде төмендегі түймелер орналасқан:
“Қалыптастыру” – форманы жаппай құжатты қалыптастыру үшін
“Жазу”- форманы жаппай жазуды өзгерту үшін
“Басу” – Құжатты баспаға шығару үшін
“ОК”- құжатты жапқан кезде журналда сақтау үшін“Жабу”- құжатты енгізуден бас тарту кезі үшін
“Іс - әрекеттер”- берілген құжатты ”Негізбен енгізу”, “Құжаттардың қозғалысы” есеп беруін баспадан шығару үшін қолданылады.