36
төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі
алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол
жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзкентті сумен қамтамасыз еткен. Талас
жотасының тау бауырларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс, Ақсу
өзендерінің суы пайдаланылған.
Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір, не шойын ұштары бар, жер жыртатын
құралдармен /омаш/ өңделіп, егін темір орақпен орылған. Дәнді ұнтақтау үшін тас
диірмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім
шарушылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті.
Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелен, Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас,
Көксу, Лепсі өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру жүйесі
болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су каналы арқылы қаланың
айналысындағы бау-бақшалар суғарылған.
Достарыңызбен бөлісу: